Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.10.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Ғажайып білім әлемі
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Сұрақ- жауап арқылы балалардың тілдерің дамыту.
3.Оқыту: Сандарды санау және геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Буратино, жұмбақтар, аялдамалар, геометриялық пішіндер, кілт.
Билингвалдық компонент: күз- осень, кілт- ключ, пішімдер- фигуры
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
ІІ. Негізі бөлімі
1. Д.О «Қай ойыншық жоқ» ойынын ойнап жіберейік
Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады.
2.Жағдаят
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино: Сәлеметсіңдер ме балалар
Балалар: Сәлеметсіз бе Буратино
Буратино: Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»
Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша
Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино
Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек.
Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық. Әуен қосылады.
3.Міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз
Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен
Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:
1-5 ке дейін тура және кері санау;
Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата;
4.2-ші аялдама бізге жұмбақтар жасырыпты
1.Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
2.Тырс- тырс тамады
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
Балалар қараңдаршы табиғат бұрышы қандай әдемі, әсем түсі жасыл. Қараңдаршы мына жерде торғайға көмек керек болып жатыр екен. Торғайға тақпақ айтып берейік.
Шыр- шыр еткен торғайды,
Қорғамаса болмайды.
Кіп- кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Енді, торғайымыз ұшу үшін оған көмектесіп жіберейік «Ұшты- ұшты» ойыны.
5.Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп- үлкен болып өседі.
6.3-ші аялдама Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»
Балалар мына жерде бірнеше бөліктер жатыр екен. Егер осы бөліктерді құрастырсақ іздеген кілтіміз табылып қалар. Буратиноның кілтін құрастыру
Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық. Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?