СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарым

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарым»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 20.11.18

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта

Тақырыбы: "Менің сүйікті үй жануарым"(Өз пікірін айта білу)

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ,мақал-мәтелдерді қайталай отырып,сұрақ-жауап арқылы,тіл байлығын дамыту.

3.Оқыту: Балаларды өз пікірлерін айта білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, үй жануарлары

Билингвалдық компонент: сиыр- корова, жылкы- лошади, бота- верблюжонок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, шешуін табасыңдар ма?

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.Ол не?

Кішкене ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар. Ол не?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

«Суреттегі бейнені әңгімелейміз» Жарайсыңдар! ендеше біз сендермен осы үй жануарлары туралы әңгімелейміз.

Балалар үй жануарларына нелер жатады?

Үй жануарлары қайда болады?

Оларды кімдер бағады?

Олар немен қоректенеді?

Олардың бізге берер пайдасы қандай?

Жарайсыңдар!

Ендеше балалар менімен бірге саяхатқа ауылға барасыңдар ма?

Ауылдағы үй жануарлардың қалай тіршілік ететінің көріп келеміз.




2. Саяхат жасау

Олай болса балалар біздің баратын ауылымыз алыс немен барсақ екен?

Жақсы пойызбен барайық менің сонымнан ілесіңдер Пуп-тс,пуп-тс

Ауылға да келіп жеттік.

Балалар қараңдаршы қазір бізде күз мезгілі ғой сондықтан ауылдағы адамдар жануарларын қорада бағып күтуде оларға жем, шөп суларын береді. Қораның ішін тазартып тұрады.

Ал балалар айтыңдаршы күзден кейін қандай жыл мезгілі келеді? Қыс, Көктемде күн жылынады одан кейін жаз келеді күн ысиды малдар жайлауға жайылымға шығады мына көрініске қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Көрдіңдер ме? балалар адамдар малдарға үнемі қамқорлық жасайды ендеше біз де қамқорлық жасайық жем,шөп дайындап берейік алдымен бойымызды сергітіп алайық

3.Сергіту сәті

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Бұртиып тұр бұйырын,

Қай өрістен тойды?

4.Сұрақ – жауап

Үй жануарлары немен қоректенеді?

Шөп,жем және су ішеді.

Ит нені жақсы көреді?

Ит сүйек кеміреді.

Сиыр бізге не береді?

Сиыр сүт береді.

Жылқыны жегіп шаруашылыққа пайдаланады оның да етін жейміз, қымызын ішеміз.

Қойдың жүнінен киім тігеді.

5. Сөздік жұмысы

Түйе- шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе, бір өркеші түйе. Сүтқоректі ірі жануарлардың бірі. Түйе ежелден шөлді- тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген.

6. Дидактикалық ойын: «Анасын іздеп тап».

Ойын шарты: Суреттер берілген үй жануарларының төлім мен анасын табу.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Үй жануарларын атап беріңдерші?
Оларды кім күтіп баптайды?