Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: 4 цифры туралы өткенді пысықтау»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.11.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта
Тақырыбы: 4 цифры туралы өткенді пысықтау. Заттарды пішініне қарай геометриялық фигуралармен сәйкестендіру.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Ептілікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс - әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан - жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру, сөздік қорын дамыту.
3.Оқыту: Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Бауырсақ» ертегісінің суреттері, түтікшелер, бақалшақ, сан таңбалары, 2 жолақты карточка, жылдың 4 мезгілінің суреті, 4 түлік мал, плакаттар, қорап т. б.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Бір дегенім – білеу
Екі дегенім – екеу,
Үш дегенім – үскі
Төрт дегенім – төсек
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
- Балалар, қандай әдемі қорап. Өзі қандай пішінге ұқсайды?
- Ендеше бүгінгі сабағымызды 4 санына арнап, 4 санының таңбасымен танысамыз. Алдымен бәрімізге ортақ ережені қабылдайық. «Дауысты бәсең ұстап, бір - бірімізге кедергі жасамай көмек беру» Бәріміз ретімен санайық.
- Ал мынау 4 саны
- Қайталайықшы. (ұжыммен қайталау)
(3 - 4 балаға айтқызу)
- Сонда 1, 2, 3, 4
- 4 саны 3 - тен кейін тұрады екен. 3 - тің артқы көршісі. Енді балалар 4 саны қалай пайда болды және оның құрамында неше бірлік бар, соған тоқталайық. Бәріміз қайталайық.
Ол дегеніміз: - Мен жолақшаның оң жағынан бастап сурет қояйын, кәне бәріміз санап отырайық. Тағы, санайық. (Ұжымдық түрде қайталау)
- Барлығы төртеу (доп, алма, сәбіз, саңырауқұлақ)
2.Сұрақ- жауап
Ал төрт саны неге ұқсайды? Дұрыс айтасыңдар.
Төрт саны қандай санмен көрші тұрады?
3.Есеп
1. Дүкеннен Асанға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досыма бердім. Нешеуі қалды?
- Төртбұрышты доп болмайды
2. Құстың тұмсығы нешеу?
- Біреу
3. Қоянның неше құлағы бар?
- Екі құлағы бар
4. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
- Үш бұрышы бар
5. Дөңгелектің неше бұрышы бар?
- Бұрышы жоқ
6. Далада екі ешкі
Қорада екі ешкі
Қосқанда барлығы
Болады неше ешкі?
- 4 ешкі
4.Сергіту сәті:
1 - дегенде орнымыздан тұрайық
2, 3, 4 алақанды ұрайық
Оң жаққа бір бұрылып
Сол жаққа бір бұрылып
Бір шынығып алайық
5.Д/ойын: «Қандай сан жоқ»
Шарты: Әтеш кез - келген санды жауып «ку - ка - ре - ку» дейді. Балалар жасырынған санды тауып айтуы қажет.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
- Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
- Біреу дегеніміз көппе әлде аз ба?