Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.02.19
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Драма
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған орта
Тақырыбы: Төлдер айтысы
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Үй төлдері туралы түсініктерін дамыту.
3.Оқыту: Қазақ ертегісінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру, диалог сөздерді орындауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар бүгін сендерде қазақ халқының
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан, бота біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?- деп бір- бірінен сұрасты.
Сонда лақ тұрып:
-Мә- ә-мә- ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.
Сонда құлын бір кісінеп алады да:
-Лақ, сен орынсыз мақтанба. Біздің етімізден қазы- қарты, шұжық жасайды, қыымыз алады. Адамның мініс көлігі де біздер,- дейді.
-Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы- сиыр малы. Бізден шелек- шелек сүт, қарын- қарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ десе, қошақан тұрып:
-Сендер босқа мақтанасындар, ием мені жақсы көреді. Адамдар киетін киім- кешекке қажетті маталар, үйдегі төсеніштер біздің жүнімізден алынады, бізден пайдалысы жоқ,- дейді.
Еш сөйлемей, мыңқиып отырған бота тұрып:
-Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған еш нәрсе жетпейді,- дейді.
Осы кезде адам:
-Төлдерім, сендер босқа таласпандар, әрқайсыларыныңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер.
2.Түлікті құрметтеу
Кендермен байлама,
Жыңғылмен айдама,
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.
3.Тыйымдар мен ырымдар
Малға дауыс көтеріп ұрысуға, балағаттап, тіл тигізуге болмайды- иесі өкпелейді.
Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай қайта аттау керек.
4. Сөздік жұмысы
Биені- құраулап, түйені- көс-көстеп, сиырды-аухаулап, ешкіні- шөрелеп, шақыра аламыз, сауамыз, бағамыз.
Жылқын «моһ- моһ», итті «кә- кә», мысықты «піш- піш», «кіс-кіс», тауық «шеп- шеп»- деп шақырады.
5. Дидактикалық ойын «Төлдерін тап?»
Шарты: тақтада берілген үй жануарларының төлерін тауып оларды атап беру.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Балалар сендерге ертегі ұнадыма?
Қандай үй жануарларымен таныстындар?