Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Құс асханасы»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.02.19
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған орта
Тақырыбы: Құс асханасы
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Қарапайым математикалық мазмұндағы ойындарға ықылас қоюын арттыра отырып, қызығушылығын дамыту.
3.Оқыту: Балаларға шаршы орындық дөңгелек доп, үшбұрыш пирамида қоршаған өміріндегі осы заттарды салыстырып, осы геометриялық пішіндерге сәйкес заттарды өзін қоршаған әлемде таба білуін үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: құстар,пішімдер
Билингвалдық компонент: құс- птица
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Біз бүгін құстар жайлы біраз мағұлмат аламыз. Олар қайда өмір сүреді, қандай пішімге ұқсайды.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу.
Балалар ,сендер қандай құстарды білесіндер?
Қандай үлкен пішінді заттарды білесіндер?
-Қандай үшбұрыш пішінді заттар бар?
-Қандай шаршы пішінді затттар бар?
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істейміз.
-Жоғарғы жолақтағы шаршы саны нешеу болды
«Құс қандай геометриялық фигураларға ұқсайды» ойыны:
Сурет көрсетіп содан соң балалардан ондағы затттардың атын атап беруді сұрау. 2. 2.Сергіту сәті
«Бес саусақ»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Бас бармақ
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек.
Кішкене бөбек.
3. Сұрақ- жауап.
Мынау қандай геометриялық фигура?
Мына кәрзеңкесінде нелер бар екен?
- Ағаштың түсі қандай?
Пішіні ше?
4. Ойын «Не жетпейді?»
- Балалар біз енді «Не жетпейді?» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: тақтада ілулі тұрған аңдардың құлақтарын тауып жапсыру.
ІІІ. Қорытынды (2 мин) (Өткен материалды пысықтау)
Қолымызды көтеріп ұшақты ұшырамыз. Ұшақты қайда ұшырдық.
- Жоғарыда басқа нелер болады?
- Ал ұшақ қайда қонады?
- Жерде нелер бар немесе нелер өседі?
- Тамаша, біз бүгін жақсы ойындар ойнадық.
Бәріңде жақсы ойнап, жақсы жауап бере алдыңдар.