СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Автобус

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Автобус

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Автобус»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 26.02.19

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем

Тақырыбы: Автобус

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Кеңестікті дұрыс бағдарлауға, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата отырып автобус жасай алуды дамыту

3.Оқыту: Құрылыс материалдарын тиімді пайдаланып автобусты құрастыра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: көліктер

билингвалдық компонент: көлік- машина,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Таңғажайып сәт:

Тәрбиеші көліктердің түр – түрін жинап балалардың алдына көрсетіп қояды. Балаларданбұлардың не екенін сұрайды.

  • Балалар мына жерде нелерді көріп тұрсындар?

  • Жарайсыңдар. Бірақ та бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

Өте жақсы. Балалар қарандаршы барлық машиналар әр түрлі ия, олардың бірі ұзын, бірі қысқа, бірінде доңғалағы көп, ал біреуінде тек төртеуден ғана.

Жақсы енді балалар осылардң ішінде бір көлік бар, сол көлік біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Ендеше апай сендерге жұмбақ жасырады сендер тауып көріңдер. Келісесіңдер ме, балалар?

Жұмбақ:

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар ( Автобус)

Онын ішінде адамдар өте көп болады, ол ертемен жүреді, аялдамаларға тоқтайды.Бұл қандай көлік балалар?

Өте жақсы , әрине бұл автобус. Мінекей, тақырыбымызда ашылды , ол автобус.

2. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балалар ең бірінші автобусты құрастырмас бұрын біз оның пайдасы, неден құрылатынын айтып өтейік.

  • Автобус ол не?

  • Ол тас жол да жүре ме, әлде темір жолда ма?

  • Жарайсыңдар. Ол неден үлкен бе, кішкентай ма?

Өте жақсы , сонымен қатар олардың түстері де әр түрлі болады.

  • Айтындаршы , балалар автобус өзі жүре ме, әлде оның жүргізушісі болады ма?

  • Сендер білесіңдер ме , автобустың бағыттары әр түрлі болады, сондықтан оларға өздеріне тиісті сандық белгілерін береді.

Ендеше балалар сендермен бір ойын ойнайық.

2. Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Ағаш үйді құрамыз

3.Құрастыру

Қазір мына текшелерден біз автобусты құрастырамыз. Сонда біздің, көңілді текшелеріміз одан әрі қуанатын болады.

Тәрбиеші балаларға қалай құрастыру керек екендігі жайлы, үлгі көрсетеді.

Өте жақсы балалар , қараңдаршы қандай көңілді текшелер және автобустар шықты.

Шаршаған боларсыңдар енді бір сергіп алыңдар.

3. Қорытынды (2 мин)

Балалар жарайсыңдар. Бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар.Қане, айтындаршы біз бүгін көліктің қай түрін құрастырып үйрендік. Өте жақсы.