Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Достық»
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 24.05.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Көңілді жаз
Тақырыбы: Достық
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Өзара татулық сезімдерін дамыту.
3.Оқыту: Балаларға достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру. Жас шамасына сәйкес ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: бейнетаспа, суреттер
Билингвалдық компонент: достық- дружба
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Бәріміз бір- бірімізге достық лебімізді білдірейік.
Достарды біз қолдаймыыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл- қыздар
Тату- тәтті ойнаймыз!
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгіме жүргізу.
1-Мамыр- достық, ынтымақ, бірлік мерекесі.
Балалар, сендер достық дегенді қалай түсінесіндер? Әмір сен осы топта кіммен доссың?
Достық дегеніміз- адамдар арасындағы сыйластық. Достар бір- бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады.
Топтағы барлық бала бір- бірлеріңмен досыңдар.
2. Бейнетаспа көрсету.
-Балалар, бұл жерде не бейнеленген?
-Әртүрлі ұлттар бейнеленген.
-Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қандай ұлт өкілдері тұратынын барлығымыз айтайық.
-Орыс, ұйғыр, кәріс, өзбек т.б. Бұл мерекеде ұлт өкілдері алаңға шығып өздерінің әндерін айтып, билерін билейді. Балалар біздің тобымызда әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары бар.
Аминаның ұлты- орыс.
3.Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
4. Сөздік жұмысы.
Достық- бірлікте, Бірлік түбі- мереке. Яғни, достық адамды жақсылыққа, татулыққа алып келеді. Достар бір- бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады.
5.Ойын: «Достық шеңбері».
Шарты: балалар шеңбер болып тұарды да, әуен басталғанда, қол ұстапсып билейді, әуен тоқтағанда, барлығы бірге «Тату доспыз бәріміз» деп қайталайды.
6.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Көгершінді бояу.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
жақсы тілектер мен аяқтайық.
Әрқашан күн сөнбесін!
Ауамыз әрқашан таза болсын!Суымыз тұнық болсын! Аспанымыз ашық болсын!