Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жанұя»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 05.09.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып: Менің отбасым
Тақырыбы: Жанұя
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
3.Оқыту: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент: жанұя- семья
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар бүгін біз өзіміздің "Отбасы" аялдамасына тоқталамыз.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Отбасы аялдамасындағы суретке назар аударайық.
Суретте не көріп тұрысындар ?
Бұл жердеде бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.
Ал біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
Енді әрқайсымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік.
Бір шаңырақ астындағы туыстарымызды қалай жақсы көретінімізді көз алдымызға елестетейік.
2.Сергіту сәті
Құт береке атан қымбат,
Мейірімді әжен қымбат.
Асқар тау әкен қымбат,
Аймалайтын анан қымбат.
3. А.Асылбектің "Жаңұя" өленің мәнерлеп оқып беру.
Жаңұя
Сенде де бар жаңұя,
Менде де бар жаңұя.
Үлкенде де кіші де,
Жаңұя бар әрбір кісіде.
Жаңұя бары шуаққой,
Қуаныш пен қуатқой.
-Жаңұя дегенді қалай түсінесіндер?
-Өз жаңұянда кімдермен тұрасындар?
4.Отбасылық сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Біздің отбасымызда кімдер өмір сүреді? Бізге кім ертегі оқып, ақылын айтады?
5.Өнегелі сөздер айтқызу:
-Адамға ең қымбат-отбасы.
-Отбасы-сенің ең жақын адамдарын.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.