СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі 1 цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

1 цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. 

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі 1 цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай.»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.09.18

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы: 1 цифры мен саны туралы өткенді пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Үшбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыр қабілетін нығайта отырып тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: санаудын дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді дамыту;

3.Оқыту: екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

«Жұмбақтар және олардың шешуші» ойыны.

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

ІІ. Негізі бөлімі

Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады.

1.Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.

2.Көк жиекті шай табақта

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.

3.Қалпағы бар,

Басы жоқ.Қолы да жоқ,Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлан, тап, не екенін.

2.Суретпен жұмыс

-Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

-Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

Тәрбиеші балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.

3.“Жол сал” ойыны. Тәрбиеші дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол ‘салыңдар’

-Жолды қалай салдыңдар?-деп сұрайды.

4.Сергіту сәті:

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

5.Сұрақ- жауап

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

-Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

-Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?

Балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

Балаларға жұмбақ жасырады.

Бұл орманың пішіні-

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп.Ол не?

-Барлық шеңберлерді бояңдар.

-Неше шеңбер боядыңдар?

-Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Тәрбиеші шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.