Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Пән:Сурет салу.
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтың күз!»
Тақырыбы:Үлкен кішкентай саңырауқұлақтар.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Мүсіндеуге деген қызығушығын,шығармашылығын дамыту.
Оқыту: Саңырауқұлақ туралы түсінік беру.Ермексазды дұрыс қолдану,ширатуға үйрету.
І.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалар бәріміз шаттық шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп, қуаныш сыйлайық.
Орнымызға тұрайық
Қолды белге қояйық
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Біздер тату баламыз
Гул-гул жайнап жанамы
Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен жасайды
Тәрбиеші :
- Балалар қазір қай мезгіл? Күз мезгілі
- Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай бар Олар: Қыркүйек,қазан,қараша
Қазір қай ай? қараша
-Көкеністерге не жатады?
- Көкеністер қайда өседі? бақшада
Балалар біз күнделікті өмірде, балабақшада көкеністер мен жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор.
Жұмбақ шешейік
Қылқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып түрады.
(қоян)
Бақшадан жер қазып
Жиып алдым жез қазық
(сәбіз)
ІІ.Негізгі кезең:
Ғажайып сәт:
Қоянның келуі. (Әуен ойналады. Қоян кіреді). Сәлеметсіз бе?-Қоян
Қоян: Сәлем, балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе! Балалар бізге қонаққа кім келді? Қоян
-Қонақ келгенде біз қандай ізгі сөздерді айтушы едік? Қош келдіңіз!Төрлетіңіз!
-Балалар біз қонағымызға өз өнерлерімізді көрсетейік, қоянмен сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің. /Қимылмен көрсетеді/
Қоянның үлкен және кіші сәбізін салайық. Қоян қуанып қалсын.
Сөздің жұмыс: сәбіз-марковь Сәбіз-марковь
- Қандай сәбіздер көріп тұрсыңдар? Үлкен сәбіз,Кіші сәбіз,
Балалар қоянның қолында қандай сәбіз бар?
Ал көжектің қолында қандай сәбіз бар?
- Пішіні қандай? Сопақша
- Сәбіз қанша түстен тұрады? Екі түстен тұрады Қызыл сары, жасыл
Тәрбиеші балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді. Балалар сурет сала бастайды.
-Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарандашпен жіңішке сызықпен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір-біріне қосамыз. Сәбіздің ұшы жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретун қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де дәл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады.
Балалар сурет сала бастайды.
Қорытынды:
Балалар суретті жақсы салдыңдар, қоян қуанып алғысын білдіреді, көңілдерін көтереді.
Балалар қоянның қолында не бар?
- Қандай сәбіздер көріп тұрсыңдар?
- Пішіні қандай?
- Сәбіз қанша түстен тұрады?
Қоян балаларға жүлдызша таратып, ризашылығын білдіріп, мақтап-мадақтайды.