СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Күні : 05.12.19ж Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж. Білім беру саласы: » Тақырыбы: "Қыс келді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні : 05.12.19ж

Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»

Тақырыбы: "Қыс келді"

Мақсаты:

Тәрбиелік:Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу

Дамытушылық:Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру.

Оқыту:Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру

Билингвальдік компонент: қар-снег,қыс-зима.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:, көрсету,түсіндіру, орындату

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ағаштар, қыстық ойындардың суреттері , жануарлар мен олардың үйлерінің иллюстрациясы

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Күні : 05.12.19ж Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж. Білім беру саласы: » Тақырыбы: "Қыс келді"»

Ортаңғы"Көбелек" тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Күні : 03.12.19ж

Тәрбиеші:Абдибекова З.Ж.

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»

Тақырыбы: "Сиқырлы қапшық"

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тапқырлыққа тәрбилеу.

Дамытушылық:

Заттарды салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту:Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету

Билингвальдік компонент: қар-снег,қыс-зима.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қыс мезгілінің суреттері, пішіндер

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:

-Үлкенге де сіз,сіз. Кішіге де сіз,сіз. Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз, біз.

2.Негізгі бөлім:

-Балалар қарандаршы алдымызда «Сиқырлы қапшық» т ұр соныны ішінде әр түрлі тапсырмалар бар екен. Сиқырлы қапшықта қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?



-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:


-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
 Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
І. Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту

.

«Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

3. Қорытынды.

Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қортындылау.










Ортаңғы "Көбелек"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні : 05.12.19ж

Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»

Тақырыбы: "Қыс келді"

Мақсаты:

Тәрбиелік:Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу

Дамытушылық:Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру.

Оқыту:Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру

Билингвальдік компонент: қар-снег,қыс-зима.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:, көрсету,түсіндіру, орындату

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ағаштар, қыстық ойындардың суреттері , жануарлар мен олардың үйлерінің иллюстрациясы

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалармен амандасу.

Тақпақ жаттау:

Келіп қалды қыс
Аяз боран бар
Болсада жүр бала
Далада жүгіріп қана

2.Негізгі бөлім:

Балалардан жылдың қай мезгілі түскенін сұрайды.

Сендер қыста не болатынын білесіңдер ме?

Ақырындап жауып жатқан қар түйіршіктерін қызықтауға шақырады.

Қар қатты жауып тұрса оны – қар құйып жауды (қар басып жауды) дейді.

Тәрбиеші қар түйіршіктерін қолғапқа қондырып көруге шақырады.

Олар қандай екен?

Далада үйілген қарды қызықтаймыз.

Қармен танысуға шақырады (үлпілдік, жеңіл, үлбіреп тұр).

«Бұл жақсы ма, жаман ба?

Айналадағы табиғатпен мұқият танысады. Ондағы өзгерістерге тоқталады. Ауа райының қандай екенін анықтайды.

Жауып тұрған қарды қызықтайды. Қар түйіршіктерін сипаттап береді. Қарды қолдарымен ұстап көреді. Ол салқын.

Қар түйіршіктерімен тəжірибе жасауға кіріседі: қолғапқа түскен қар бірден ерімейді, ал алақанға түскендері жылудың əсерінен еріп кетеді. Қар жылы демнен, қатты үрлегенде де ериді.

Балалар «мұндай қармен жүру қиын» деген тұжырым жасайды (мұз қатқан болуы мүмкін).

Балалар зерттеу жұмысына құлшына кіріседі. Егер қажет болса ересектердің көмегіне жүгінуге болады.

Сергіту сəті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Балалардың назарын қар түйіршіктерінің пішіні өзгеріп отыратынына аударады. Бұл аязға байланысты. Күн қатты аяз болған кезде қар қатты, ірі жұлдызша сияқты болып жауса, аяз əлсіздеу болғанда жауған қар ақ, қатты домалақ пішінде болады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

Тағы бір нұсқа (күн суық болса ойнауға болады) «Қар қайда?» ойынын ұйымдастырады

Танымдық мақсаттағы ақпаратты қабылдайды.

Шана, шаңғы тебуге, қардан аққала жасауға т.б. болады. Балалар белгілі бір нысандардың суреті бейнеленген карточкаларды алады.

Д/о "Менің достарым"

Олар: қыста адамдарға дененің жылуын сақтап қалуға көмектесетін заттар.

Балалар:Тон, малақай, қолғап, етік, жылы шұлық, жемпір…

3.Қорытынды:

Бұлшық еттер мен жүйкені тынықтыру. «Жымию» ойыны.

Тәрбиеші: Балалар, бұл ойынды ойнау үшін қар түйіршіктеріне қарап жымиюмыз керек. Енді жақсы көңіл күйдің қолдарың мен алақандарыңа ауысқанын байқап көріңдер. Тағы бір рет жымиып күліңдер. Еріндерің созылып, беттегі бұлшық еттер жұмыс істеді. Терең тыныстаңдар. Тағы да жымиып күліңдер.

Балалар жаттығуларды орындайды. Алған əсерлерімен, көңіл күйлерімен бөліседі.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!