«Күзгі бал!»
Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, студенттер! Бүгінгі Күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары Күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
Күз — мереке, Күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы, - дей отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Енді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділ қазылар алқасы:
1. _____________________
2. _____________________
3. _____________________
4. _____________________
Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Таныстыру
Өнер сайысы (Ән, би, пародия, т.б.).
Көрініс (Жайдарман, театр қойылымы, т.б.).
Сән үлгісін көрсету.
Көрме (Ас мәзірі, қол өнері, т.б.)
Жүргізуші: Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып сайысымыздың таныстыру - кезеңін бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады)
1. МДТжО және ДШжС I курс
2. Құқықтану I курс
3. МДТжО (11) I курс
4. БББ және ББШ II курс
5. БББ III курс
6.
Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашан да нанымды.
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)
1. МДТжО және ДШжС I курс
2. Құқықтану I курс
3. МДТжО (11) I курс
4. БББ және ББШ II курс
5. БББ III курс
Жүргізуші: Келесі сайысымыз Көрініс.
1. МДТжО және ДШжС I курс
2. Құқықтану I курс
3. МДТжО (11) I курс
4. БББ және ББШ II курс
5. БББ III курс
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.
(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)
1. МДТжО және ДШжС I курс
2. Құқықтану I курс
3. МДТжО (11) I курс
4. БББ және ББШ II курс
5. БББ III курс
Жүргізуші:Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер дайындаған көрмелерін.
Бұл бөлім Көрме. Яғни қатысушыларымызға үй тапсырмасына берілді. (Сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасаған қолөнерімен,ас мәзірімен таныстырады)
1. МДТжО және ДШжС I курс
2. Құқықтану I курс
3. МДТжО (11) I курс
4. БББ және ББШ II курс
5. БББ III курс
Жүргізуші: Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерлерін және бүгінгі кештің ең әдемі Күз ханшайымы мен Ханзадасын анықтайық.
Ән: Қалам Гүлзада «Күзгі қайың»
Әділқазылар алқасына сөз береміз.
(Жеңімпаз марапатталады!)
Жүргізуші:Білім мен тәрбие егіз дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгінгі
«Күзгі бал» кешін аяқтаймыз.