СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок по географии на тему "Өсімдік шаруашылығы"

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға зор мүмкіндік туғызады.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по географии на тему "Өсімдік шаруашылығы"»

Күні:

Сыныбы: 10

Сабақ: №42

Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдік шаруашылығы, салалары, таралу ерекшеліктері, маңызы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Логикалық ойлау қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Көрнекіліктер, ойын элементтері арқылы сабаққа қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, шапшаң, әрі нақты жауап беруге дағдыландыру. Экономикалық, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сөздік, көрнекілік, эвристикалық, репродуктивті, топтық.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, атлас карта, дүние жүзінің саяси картасы, суреттер, жеміс-жидекдер, дәнді-дақылдар, «дойбы» тақтасы, т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Сурет сыры», сұрақ-жауап

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Картамен жұмыс

4. Кестемен жұмыс.

5. «Ойлан, тап!» функционалдық, логикалық сұрақтар.

6. «Өсімдіктер алаңы» ойыны.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. «Кім шапшаң?» сұрақ- жауап

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сыныпты екі топқа бөліп отырғызу. Оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. Бүгінгі сабақтың жүру барысы «дойбы» тақтасымен тығыз байланысты. Дойбы тақтасына «бұрыш» ойыны ойнатылады. Әр топқа сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берілсе, тақтай үстіндегі дойбы бір қадам алға жылжиды. Осылайша екі топ жарысады. Бұл ойын- сабақ шапшаңдықты талап етеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Сурет сыры» Үйге берілген тапсырма бойынша тақтаға каучуктың суреті ілінеді. Оқушылар пән аралық байланыс жасай отырып суреттің мағынасын ашып, түсіндіреді. Оқушылар таңдау пәніне байланысты каучукке физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық сипаттама береді.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ауыл шаруашылығының маңызы.

2. Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі қандай?

3. Аграрлық қатынастарға анықтама беру.

4. Ауыл шаруашылығының даму бағыттарын атаңыз.

5. Жоғары механикаландырылған шаруашылық түрлері.

Қорытындылау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.


2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы дәнді дақылдарды түсіндіру.

Дәнді дақылдар

Бидай

Шыққан отаны-Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Д.ж. 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды.




Күріш

Жүгері



Шыққан отаны-Қытай. Тропиктік дәнді-дақыл. Күріштен жылына екі рет өнім алынады. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысады.

Басты өндіруші елдер-АҚШ, Қытай, Бразилия, Мексика, Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Д.ж. жүгері егетін басты аудан-АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүс

тікке қарай орналасқан.












3. Картамен жұмыс.

Картаны пайдалана отырып, аса маңызды дақылдардың таралу аймақтарын көрсет.

4. Кесте арқылы техникалық дақылдарды түсіндіру


Майлы дақылдар

Маңызды түрлері: соя, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс.

Қантты дақылдар

Қантқұрағы-тропиктік, субтропиктік, қант қызылшасы-қоңыржай белдеу елдерінде өсіріледі.

Талшықты дақылдар

Мақта, зығыр, джут, табиғи каучук.

Крахмалды дақылдар

Картоп, оны жинаудан Ресей, Польша, Қытай алдыңғы орындарда

Сергітпе дақылдар

Шай, кофе, какао.

Дәм-татымдық дақылдар

Қалампыр, бұрыш, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон.


5. «Ойлан, тап!» функционалдық, логикалық сұрақтар.

1. Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте «даңқ символы» ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны- Жерорта теңізі жағалауы.

Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.

Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.

Жауабы: Лавр жапырағы

2. Ең үлкен алма қайда өседі? Алма ағашында

3. Лимонның жартысы неге ұқсайды? Екінші лимонның жартысына

6. «Өсімдіктер алаңы» ойыны.

2 топқа жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдар беріледі. Оқушылардың көзі байланады. Көзі байланған оқушыға жеміс беріледі. Жемісті жеп, қандай жеміс екенін айтып, географиялық таралу аймағына сипаттама беріледі. Келесі топқа дәнді- дақылдар беріледі. Көзі байланған оқушы дәнді-дақылдарды ұстау арқылы, қандай дақыл екенін, таралу

аймағына сипаттама береді.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Кім шапшаң?» сұрақ- жауап

  1. Өсімдік шаруашылығының маңызды салалары.

  2. Дәнді дақылдар өнімін шығарудағы жетекші елдер.

  3. Дүние жүзінде бидай өндірумен айналысатын елдер саны.

  4. Күріштен жылына екі рет өнім жинайтын елдер.

  5. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын анықтаған ғалымдар.

  6. «Бидайдың» астанасы

  7. Дәмтатық дақылдарды атаңыз.

  8. Сергітпе дақылдар түрлері.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Өсімдік шаруашылығы.