Пәні: «Жалпы және ауыл шаруашылық энтомологиясы»
Тақырыбы: «Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың биоценотикалық негізі»
Күні:
Тобы: СТ-331
Құзыреттілігі:
Ақпараттық: өсімдікті қорғаудағы негізгі бағыттарды анықтау. Осы бағыттардағы негізгі тәсілдерімен танысу. Қорғау тәсілдерін өткізу ережелерін білу.
Коммуникативтік: алған теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету, арнайы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілетін және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Мәселелерді шешу: қорғау тәсілдерін өткізу мәселелерін шешуге дағдыландыру. Кез келген өндірістік жағдайда өзін – өзі ұстай білуге, бойындағы жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың типі:Білімді бекіту, жаңа тақырыпты меңгеру
Қолданылатын технология:АКТ элементтері, денсаулықты сақтау технология элементтері.
Пәнаралық байланыс: Ауыл шаруашылық фитопатология және т.б.
Көрнекіліктер: Слайдтар, оқулықтар, лабораториялық жұмыс дәптері, видеоролик.
Әдебиеттер:
1Ә.Т.Тілменбаев «Энтомология» 2001ж.
2. Г.Е.Осмоловский «Энтомология» 2002ж
3. П.Н.Головин «Фитопатология» 2008ж
4. Т.А.Хван «Экология негіздері» 2001ж
5.Г.В.Гуляев «Селекция и семеноводство» 2010ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дайындықтарын сипаттайтын кезең. Бүгінгі күнді журналға түсіріп, оқушыларды белгілеу.
Сабаққа кіріспелік сөздігі:
Қазақша | Орысша | Ағылшын |
Сәлеметсіздерме | Здравствуйте | Hello |
Сабақ | Урок | Lesson |
Студент | Студент | Student |
Коңіл күйлерің қалай қалай? | Как у вас настроение? | As the mood |
Бүгін топта кезекші кім? | Кто в группе сегодня дежурный? | Who's on duty |
Сабақта кім жоқ? | Кто отсутствует? | Who is missing |
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Бұл сабақтың құрылымы бойынша өткен тақырыпты қайталау бойынша «Жұлдыз ашу» тапсырмасы беріліп өткен тақырыптарды еске түсіреді. Power Point бағдарламасымен. Кейін барлық оқушылар экранда көрсетілген шегіртке схемасына қарап, оның құрылысын атап беру керек (жазбаша).
«Жұлдыз ашу», оқушылар жұлдызды таңдайды, сол жұлдыз астындағы сұрақтарға жауап береді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін жануарлар топтарының ішінде шығу тегі жағынан ең көнесі: (Нематодтар)
Насекомның кеудесі неше бунақтан түзілген (3: бас; көкірек; құрсақ)
Кеуде бөліктің әрбір бунағында неше жұп аяқ болады (1 жұп аяқ, барлығы 3 жұп аяқ)
Бас неше бунақтан тұрады: (5)
Көкіректің қай бунағында бір жұптан қанат орналасқан:
(ортанғы және артқы көкіректе, барлығы 2 жұп қанат)
Гемолимфада денеге енген микроағзаларды құртуға көмектесетін жасушалар қалай аталады: (фагоциттер)
Ішкі керегелері хитинді қабықпен астарланған қуыс түтікшілер не деп аталады: (трахея)
Зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі: (мальпиги)
Зат алмасу кезінде ас қорыту жүйесінен тыс жерде пайда болатын, ағза үшін зиянды және керексіз заттарды қалай атаймыз(экскрекция)
Ағзаға қажетті заттардың, яғни секреттердің шығу процесі қалай аталадысекреция)
Өткізгіш түтікшелері жоқ эндокриндік бездердің секреттерінің тікелей бірден қанға өту процесі қалай аталады(инкреция)
Постэмбриондық дамудың сипатына сәйкес метаморфоздың неше түрі болады2 түрі – шала түрлену және толық түрлену)
Шала түрленуде насекомдар даму процесінде неше фазадан өтеді3 – жұмыртқа, личинка, ересек насеком немесе имаго фазасы)
Насекомдардың толық түрленіп даму процесінде неше фаза болады4 – қуыршақ фазасы қосылады)
Түрдің сыртқы орта жағдайларына өзгеше жаңа жерге көшіп қоныстануы нәтежесінде пайда болатын экологиялық нәсілэкотип)
Экранға итальялық шегірткенің дене құрылысы кқрсетіледі, соған қарап оқушылар насеком денесінің бөлімдерін, бунақтарын атауы қажет (жазбаша):1- мұртша, 2-маңдай, 3-қарапайым көз, 4-күрделі көз, 5-алдынғы арқа, 6-есту мүшесі, 7-қанат, 8-жұмытқа салғыш, 9-табан, 10-сирақ, 11-сан.
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын. Өткен тақырыпты қорытындылап, келесі келесі кезеңге көшеміз.
3 минуттық тынығу жаттығулары: Табиғат дыбыстары әуені қосылады. Оқушылары арқаларын отырғышқа сүйеп, көздерін жұмады. Бастарын оңға-солға бұрып, бірнеше рет қайталайды. Орындарынан тұрып, қолдарын жоғарыға көтеріп созылады.
Үй жұмысы сөздігі:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Үй жұмысы | Домашняя работа | homework |
Кім дайын? | Кто готов? | Who is ready |
Тапсырма қандай? | Какое задание? | What task |
Сурет | Рисунок | figure |
Жұлдыз ашу | Открываем звездочки | Open stars |
Шегіртке | Кузнечик | grasshopper |
Сұрақ | Вопрос | question |
Жауап | Ответ | answer |
Бағалау | Оценивать | estimate |
Баға | Оценка | assessment |
Ауыл шаруашылық | Сельское хозяйство | agriculture |
Дақыл | Культура | culture |
Жәндік | Насекомое | insect |
Кеуде | Грудка | brisket |
Бас | Голова | head |
Түр | Вид | type |
III. Жаңа тақырып.
Тақырып жоспары:
Өсімдікті қорғаудағы негізгі бағыттар.
Интегралды күрес тәсілі.
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау шараларының тиімділігін бағалау.
Өсімдікті қорғауды интеграциялау.
Өсімдік қорғаудағы негізгі бағыттар:
Агробиоценоздар фаунасының түр құрамын өзгерту;
Тіршілік жағдайларын өзгерту;
Өсімдіктердің зақымдануға төзімді сорттарын шығару
Зиянкестерді тікелей құрту
Агробиоценоздар фаунасының түр құрамын өзгертуге келесі шаралар өткізіледі: карантин; биологиялық; генетикалық; химиялық.
Тіршілік жағдайларын өзгертуге әсерін тигізетін әрекет агротехникалық.
Өсімдіктердің зақымдануға төзімді сорттарын шығаруға әсерін тигізетін агротехникалық шаралар.
Зиянкестерді тікелей құртуға үлкен әсерін тигізетін шаралар: биологиялық; агротехникалық; генетикалық; механикалық; химиялық; физикалық.
Барлық аталған әрекеттер қорғау тәсілдерге жатады.
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау шараларының тиімділігін бағалау. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімін зиянды ағзалардан қорғау әдетте көп еңбек сіңіруді және едәуір қаражатты қажет етеді. Сондықтан кеңінен қолдануға ұсынылған шаралар экономикалық тұрғыдан дәлелденген және өте тиімді болуы керек.
Жаңа тақырып сөздігі:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Өсімдік | Растение | plant |
Күрес | Борьба | struggle |
Зиянкестер | Вредители | pest |
Қорғау | Защита | protection |
Бағыттар | Направления | direction |
Тіршілік | Существование | existence |
Зақымдау | Поражение | lesion |
Тікелей | Прямое | direct |
Әрекет | Действия | action |
Шаралар | Методы | method |
Агротехникалық | Агротехнические | agrotechnical |
Тиімді | Выгодно | profitably |
Сұрып | Сорт | variety |
Әсер | Влияние | influence |
Биологиялық | Биологический | biological |
Химиялық | Химический | chemical |
ІV. Жаңа тақырыпты сұрақ-жауап әдісі бойынша толығырақ меңгеру.
V. Үйге тапсырма. Агротехникалық қорғау тәсілдерін ашып толық көрсету(жазбаша).
Арнайы пәндер оқытушысы Г.С.Губашева