Тақырыбы: « Отан.Атамекен.»
Мақсаты:
Білімдік :тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып,өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық :сөйлеу шеберліктерерін дамыту.
Тәрбиелік :Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:
- Қазақстан Республикасының картасы,Қазақстан табиғаты, нақыл сөздер.Слайдтар.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Отанды сүю – суығына шыдап , ыстығына күю
Жүру барысы:
- Музыка ойналып тұрады.
- Мұғалімнің сөзі:
Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген. Өйткені Отан- қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз.
Жаңа сөздер
- Атамекен-Родина
- туып-өскен жер-родная земля
- кіші Отан-малая Родина
- тұрған үйі-дом,в котором живешь
- аула-двор
- сүйе білген-умеющий любить
- бақытты-счастливый
- балық-рыба
- құс-птица
- жануар-животное
- табиғат-природа
- қорғау-защищать
Мәтін.Отан.33 бетте.
Отан- адамның туып-өскен жері. Қазақстанда тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Респуликасы.
Адамның кіші Отаны да болады.Ол – тұрғанүйі,ауласы,көшесі,ауылы,мектебі,
достары,көшелері.Отанды сүйе білген адам бақытты.Отанды сүю отбасынан
басталады.
- Деңгейлік тапсырмалар : 3 топқа бөлініп жұмыс
- істейміз:Сөз тіркесін,сөйлем құрасыру:
- I-деңгей:
- 1-топ:
- атамекен,туып-өскен жер,кіші Отан,тұрғын үйі
- 2-топ:
- аула,сүйе білген,бақытты,балық
- 3-топ:
- құс,жануар,табиғат,қорғау,
- II-деңгей . 1 тапсырма : Сұрақ – жауап:
- -Отан деген не?
- -Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
- Қандай адам бақытты?
- Отанды сүю неден басталады?
- 2 тапсырма:
- М.Пришвин-орыс жазушысы,табиғат туралы әңгімелердің авторы: «Балыққа су,құсқа-ауа,жануарға-орман,дала,тау қажет.Ал адамға Отан керек.Табиғатты қорғау дегеніміз- Отанды қорғау»деген екен.
3-деңгей: 1-тапсырма:
4 жаттығу.
Отан,жер,қазақ,ел,ата-ана,кіші,үй,
аула,көше,мектеп,достар,көрші,тау,
өзен,табиғат, орман,дала,жануар.
Жуан сөздер:
Жіңішке сөздер:
2 тапсырма. 5 –жаттығу 34 бет Сөйлемдерді аяқта .
- Отанды сүю...
- Жануарға...
- Адамға...
- Табиғатты қорғау дегеніміз-...
- Адамның кіші Отаны-...
- Керекті сөздер:
- орман,дала,тау қажет.
- Отан керек.
- Отанды қорғау.
- Отбасынан басталады.
- Ауласы,көшесі,мектебі,достары
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел!
(Е.Өтетілеуұлы.)
- Сабақты қорытындылау:тест сұрақтары.
1. «Отан»-сөзінің синонимі
а) жер ә)су б)атамекен
2.Табиғатты қорғау дегеніміз:
а)елді қорғау ә)Отанды қорғау б)адамды қорғау
3.Адамның кіші Отаны:
а)көшесі,мектебі ә)әкесі,шешесі б)ұлы,қызы
4.Счастлив тот,кто любит свою родину-аудармасы
а)Мен елімді сүйемін. ә)Отанды сүйен адам бақытты
б)Мен ата-анамды сыйлаймын.
5.Отанды сүю-... басталады
а)мектептен ә)достардан б)отбасынан
Бірін-бірі тексеру.
5- «5»
4- «4»
3- «3»
Бағалау.
Үйге:
1 тапсырма:Өзіңнің кіші Отаның туралы әңгімелеп кел.
2 тапсырма:өлең.Отан.
- Тәуелсіздіктің жемістері:
- 1991 жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
- 1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.
- 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
- 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.
- 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 1997 жылы Астаның тұсаукесер тойы болды.
- Мұғалімнің сөзі:
- Туым- теңдігім,
- Елтаңбам- елдігім,
- Әнұраным- айбыным! – демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен әнұраны бар.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Назарларыңызға рахмет! Мұғалімі:Сайдульдинова Р.К. Өскемен қаласы.КММ №36 мектеп.