Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:25.04.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: «Отан» Е.Өтетілеуіов
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды өз отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Отан туралы өлең оқу арқылы сөздік қорларын дамыту.
Оқыту: Тақпақты жатқа айта білуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент: Отан-Родина
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз
Отан жайлы болмақ.
- «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Әр адамның өз Отаны болады.
- Отан ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
- Отан біздің атамекеніміз.
- Отан біздің табиғатымыз, айналамызды қоршаған орта.
- Біздің Отанымыз, еліміз өте бай, өте әдемі.
- Біздің Отанымыз- Қазақстан!
Негізгі бөлім:
Әңгімелеу: Біздің Отанымыз - Қазақстан! Әлемде Қазақстан Республикасында дүниеге келген әрбір адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Біздің еліміздің жері кең байтақ, пайдалы қазбаларға өте бай. Біздің бас қаламыз – Астана. Астана- жас қала. Онда түрлі әсем ғимараттар бой көтерген. «Бәйтерек» - Астананың символы. Әркімнің туып өскен жері - Отан деп аталады. Отан отбасынан басаталады. Біз Қазақстанда туып өстік. Ол біздің – Отанымыз! Ендеше, балалар «Отаншыл болу отбасынан басталады» деген Б. Момышұлының қанатты сөзін ұстана отырып, бүгінгі жаңа оқу қызметімізде Ермек Өтетілеудің «Менің Отаным» атты өлеңімін танысамыз.
Отан деген - атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!
Өлеңнің мазмұнын, мағынасын балаларға түсіндіру.
Тосын сый: Қазыбек би қонаққа келеді
Қазыбек би: Армысыздар балалар! Мен Қазыбек би боламын. Ерте кезде елімізді мен сияқты билер, хандар, сұлтандар басқарған. Мен сендерге бүгін Отанымыз туралы бірнеше тапсырмалар мен сұрақтар алып келдім.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз Қазыбек би. Біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз. Балалар, Қазыбек бидің тапсырмаларын орындап, сұрақтарына жауап беруге дайынсыңдар ма?
Сергіту Сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жоғары-төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір секіріп алайық,
Секіріп-секіріп алайық,
Орнымызды табайық.
Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін өзіміздің туған жеріміз, Отанымыз туралы әңгімеледік. Отанымыз- отбасымыз, өз ауылымыз, атамекеніміз екенін түсіндік.
- Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп құрметтейміз. Біз осындай татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сүйетін, Қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау, мақтау.