Саламатсыздар ма құрметті ата-аналар,балалар, әріптестер!
Біздің сынып ұлдарын 7мамыр- Ұландар күнімен құттықтап қоюға рұхсат етіңіздер!!!
Анаң күнің жүрегің Ағаң қамқор асқарың
Әкең өмір тірегің Інің мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың Сен-бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
Әжең асыл ардағың Қарындасың- қанатың
Атаң дана қорғаның Ел отаның -жаннатың
Сен бақытты ұлансың Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
Балабақша өрендерінің орындауында «Жас дәурен» әні.
7 мамыр мерекесіне орай 2 «а» сынып ұлдарының арасында өткізгелі отырған «Бала сұлтаны » сайысын ашық деп жариялаймыз! Біздің сайысымызға төрешілік етуге әділ қазы мүшелерін сайлап алайық. Әділ қазы мүшелеріне мектебіміздің құрметті ұстаздары _______________________
________________________________
_________________________________ сайлаймыз.
«Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер да көп емес » дегендей өрендеріміз өз өнерлерін көрсетіп,бақ сынасады. Ендеше біз бала сұлтандарымызды ортаға шақырайық!
1.Бейсенгазинов Ерасыл
2. Болтабаев Арсен
3. Зарлық Ақжан
4. Маратұлы Аян
5. Серғали Жатемір
Біздің өрендерімізге сәт сапар тілек сөзі тәрбие ісінің меңгерушісі Шынар Тлеукенқызына беріледі.
Қазір балалар жеребе тастау арқылы шығу ретін анықтайды.(балалар алма ағашына барып алма алады. Алмада рет саны жазылған.)
Сайысымыз 5 шарттан тұрады.
1.Таныстыру.
2. Қолөнер сайысы
3.Мақал-мәтел сайысы
5 Күштілер сайысы
6.Жеті атаны атай білеміз бе ?
Әр бүлдіршін-ел гүлі!
Көңілге түй сен мұны
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі!
Ендеше таныстыруымызды бастаймыз! Таныстырулар кетеді:
Ақжан:
Аспайтын,саспайтын
Жұмсағанда қашпайтын
Ата-әжесін қуантқан
Ақжан деген мен болам!
Ерасыл:
Биіктікті көздеген
Көкке құлаш сермеген
Ерасыл менің есімім
Танып ал мені білмеген!
Арсен:
Арсен деген баламын
Айтқан тілді аламын
Сырын білгім келеді
Туған ел ,дала, қаланың!
Аян:
Аян атымды қойғаны
Өзіме сондай ұнайды
Өскесін _________болғанды
Жүрегім қатты қалайды!
Жантемір:
Ата-әжесіне ермек болған
Жантемір деп атым қойған
Азамат болу ойымда
Ізгілік бар бойымда!
Әділ қазылар алқасы таныстырудың бағасын дайындағанша, сыныбымыздың жезтаңдай әншісі ____________________ орындауында «____________» әнін тамашалаңыздар!
Әділ қазы мүшелері бағасы
Келесі кезекті өнер сайысына береміз.
Біздің балаларымыздың қандай сегіз қырлы, бір сырлы екеніне куә болдық.Әділ қазы мүшелері бағалағанша, _____________орындауында «_____________» әнін тыңдайық.
Әділ қазы мүшелері бағасы.
Ендеше сайысымызды жалғастырайық.Қолөнер сайысы.
Бұл сайыстың шарты бойынша балалар жапсыру арқылы «Мен өскенде кім болам» тақырыбына жұмыс жасайды. Болғаннан кейін, кім болам тақырыбына әңгімелеп беру сұралады.
Ұшқыр ойым талабым
Сурет те,ән де саламын
Басқаға үлгі болатын
Өнегелі баламын!
Арсен:
Зәулім мектеп алаңы
Көркем үйді қаланы
Балалардың бақшасын
Құрылысшы салады
Ақжан:
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Дәрігермін мен деймін
Әже атамды емдеймін
Ерасыл:
Ұшқыш болмай немене
Қуат бітті денеме
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болам өскенде
Аян:
Болсын күндіз,түн мейлі
Бір сәтке көз ілмейді
Тәртіп сақшысы
Тыныштықты білмейді
Жантемір:
Бет түзейтін алысқа
Бағытымнан аумаймын
Шетсіз-шексіз ғарышқа
Зымыранмен заулаймын!
Балалардың жұмысына баға беру.
Келесі сайысымыз «Мақал –сөздің мәйегі »деп аталады.Бұл сайыстың шарты кім көп мақал айта алатынын анықтайды.
Арсен:
1 Бала тілі- бал
2 Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті
3 Отан оттан да ыстық
4 Жігітке жеті өнер де аз
5 Еңбек түбі береке
6 Бұлақ көрсең көзін аш
7 Халық айтса қалт айтпайды
8 Ауру қалса да әдет қалмайды
9 Еңбек етсең емерсің
10 Өнер алды-қызыл тіл
11 Бір тал ексең он тал ек.
12 Жері байдың елі бай.
Аян:
1.Отан –елдің анасы,ел-ердің анасы
2.Туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас.
3.Ер туған жеріне келер,ат тұрған жеріне келер.
4.Еңбектің наны тәтті,қорқақтың жаны тәтті.
5.Өнер –қанат,білім-сағат.
6.Ақыл-жас ұланнан,жүйрік-тай, құнаннан
7.Жақсы бала-сүйік,жаман бала -күйік.
8.Бала-қымбат,немере-ыстық.
Жантемір:
1. Балық басынан шіриді.
2. Ағасы бардың жағасы бар.
3. Кітап- білім бұлағы
4. Анасын көріп, қызын ал
5. Көп түкірсе көд болар
6. Қыз жоқ жерде қызық жоқ
Ақжан:
1. Әдепті бала- арлы бала,әдепсіз бала- сорлы бала
2. Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың –тынысы бар
3. Отансыз-адам,ормансыз-бұлбұл.
4. Отан оттан да ыстық
5. Ерлік- білекте емес, жүректе.
6. Ананың сүті -бал,баланың тілі- бал.
7. Ырыс алды –ынтымақ
8. Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Ерасыл:
1. Еңбек түбі береке
2. Ер дәулеті-еңбек
3. Кәсіп түбі –нәсіп
4. Тәні саудың- жаны сау.
5. Дені сау адам-дәулетті адам.
6. Ананың сүті-бал,баланың тілі –бал.
7. Ырыс алды –ынтымақ
8. Ынтымақ түбі игілік.
9. Ердің туы-намыс.
10. Күш-білімде
11. Ақыл азбайды,білім тозбайды.
12. Оқу-білім бұлағы.
Әділ қазылар бағасы.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Күштілер сайысы» деп аталады.Мұнда балалар гір көтеріп сайысады.
Әділ қазылар бағасы.
Ендігі соңғы шартымызға кезек берейік. Бұл бөлім «Жеті атаны білеміз бе деп аталады.»
«Жеті атасын білген ер , жеті жұрттың қамын жер дегендей» балалар неше атасының атын атай біледі екен.
Балалардың жауаптарын бағалау.
Әділқазылар алқасының бағасы дайын болғанша біз кезекті әнге берейік.
Әлиядай апамыз,
Бауыржандай атамыз!
Фашистерден отанды
Қорғап батыр атанды!
Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім
Әлиядай апамыз
Бауыржандай атамыз!
_______________________________ орындауында «__________________» әнін қабыл алыңыздар!
Әділ қазы алқасының қорытынды сөзі. Балаларда мадақтау,сыйлықтар тапсыру.