СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасы ағашы" аппликация

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Отбасы ағашы»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: өз туған-туысқандарына деген махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың бойында өздері жасаған бейнелерден қуаныш көру қабілетін туғызу, ұқыпты жұмыс дағдысын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы ағашы" аппликация»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Аппликация

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бір шаңырақ астында»

Тақырыбы/Тема: «Отбасы ағашы»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: өз туған-туысқандарына деген махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың бойында өздері жасаған бейнелерден қуаныш көру қабілетін туғызу, ұқыпты жұмыс дағдысын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: отбасы және оның мүшелері туралы, туған адамдардың мейірімді қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту; менің үйім, менің отбасым деген ұғымды қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Отбасы ағашы» плакат, түрлі – түсті қағаздар, қайшылар, желім, қылқалам, клеенка.

Көптілділік/Полиязичие: отбасы -семья - family,ата-дедушка - grandfather, әже-бабушка - grandmother, ана-мама - mom, әке-папа - dad, әпке-сестра - sister, аға-брат - brother


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Балалар тәрбиешімен жартылай шеңберге отырады.

«Отбасы ағашы» суретін тақтаға іліп қою.

- Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен?

Балалар «Отбасы ағашын» гүлдендіруге қалай қарайсыңдар?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Әңгімелесу.

Біздің отбасымыз болғаны қандай жақсы. Сендер әлемдегі ең бақытты балаларсыңдар, өйткені сендердің отбасыларыңда бәрі бір-бірін жақсы көреді, барлығы бірге көңілді және тату өмір сүреді. Отбасында ең бастысы - бейбітшілік, достық пен махаббат.

- Сендердің отбасыларыңда кімдер тұрады?

Көптілділік: отбасы -семья - family,ата-дедушка - grandfather, әже-бабушка - grandmother, ана-мама - mom, әке-папа - dad, әпке-сестра - sister, аға-брат - brother

Жеке жұмыс: Амирханнан, Айлинен, Арзудан отбасы туралы сұрау.

1. Отбасында неше адам? (оларды ата).

2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады).

3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?

4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?

Ал қазір сендер өздерің өз отбасыларың туралы әңгіме құрастырыңдар (2-3 баланың жауабы, одан соң балалар бір біріне өз отбасы туралы әңгімелейді).

Балаларға «Отбасы ағашын» ерекше етіп гүлдендіруді ұсынамын.

Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді)

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, ойнайық екеуміз:

Бас бармағым - әкем,

Балаң үйрек - шешем,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - мен,

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)

Балалар неге адамның алақандарының өлшемдері әртүрлі? Себебі ересектерде үлкен, ал балалардың алақандары кішкентай.

Балалардың өзіндік жұмыстары: алақанымызды қағаздың үстіне қойып, жиектейміз, қағаздан қиып алып, отбасы ағашына жапсырамыз. Балалар өз қиялдары бойынша жұмыстарын толықтырады.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біздің ағашымыз қандай болды?

Балалар сендер өз отбасыларынды қандай отбасы деп ойлайсындар.

Менің отбасым мейрімді.

Менің отбасым еңбекқор.

Менің отбасым сыпайлы

Менің отбасым тәрбиелі.

Менің отбасым үлгілі.

Балаларды жақсы жұмыстары үшін мадақтау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!