СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасы-бақыт мекені" іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы күніне арналған " Отбасы бақыт мекені" тақырыбында іс шара жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы-бақыт мекені" іс-шара»









Іс- шараның тақырыбы:









«Отбасы - бақыт мекені»

















Іс-шараның тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені»

Іс-шараның мақсаты: «Отбасы» құныдылығының мәнін ашу арқылы, оқушыларда отбасы мүшелеріне құрмет, ата-анаға деген сүйіспеншілік, отбасындағы өзара сыйластық қасиеттерін дамыту.

Іс- шараның міндеттері:

  • «Отбасы» құндылығын түсіну қабілетін дамыту;

  • Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктер мен дағдыларды қалыстастыру;

  • Оқушыларды өзара сүйіспеншілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Әке - асқар тау,

ана - бауырындағы бұлақ,

бала - жағасындағы желкілдеп

өскен құрақ»

Кіріспе сөз

Мұғалім сөйлейді: «Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар. Адамзаттың өміріндегі ең қымбаты, ең асылы- отбасы. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім, жақындарына , туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады-, дейді. «Иә, бәрізге белгілі, отбасы-ол кіші мемлекет. Отбасы- әр адамының ыстық ұясы, тәлім мен тәрбие бастауы, отбасы-адамның шыр етіп, дүние есігін ашқанан бастап ананың аялы алақаны мен әкенің мейірімімен ер жетеміз. Отбасында сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленеміз. Отбасы дегенде бәріміздің есімізге анамыз бен әкеміз, іні- қырындастарымыз, атамыз бен әжеміз түседі. Бір дастарханда барлық отбасымен отырғанға не жетсін. Осындай отбасылық бақытты бағалаған адам ғана, ата-анасының үмітін ақтаған адам болып саналады. Ата-анамыз біз өмірге келгенен бастап, бізді оқытып, киіндіріп, тәлім мен тәрбиесін беріп, жақсы адам болып өссе екен, тәрбиелі болса екен деп күні-түні еңбектенеді. Ендеше, осындай ата-анамыздың бізге сіңірген еңбегін тәрбиелі, жүрегі сүйіспеншілікке толы, мақсатына жете алатын тұлға болып өтемеске».

2. Мұғалім сөзі. ҚР-ның Президентінің жарлығына қысқаша шолу.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп белгіленді.

Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар, қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген.

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі фокторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру- басты мемлекеттің міндеттерінің бірі болып отыр. Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, өзара түсіністік сынды құндылықтарды нығайтуға көмектеседі.

3. Мақал- мәтелдерді аяқты.

1. Отан .... басталады (отбасынан)

2. Ұяда не көрсең .................. (ұшқанда соны ілесің)

3. Інісі бардың ...... бар, (тынысы)

Ағасы бардың....... бар. (жағасы)

4. Ата көрген оқ жанар,

......................................... (ана көрген тон пішер)

5.Ананың көңілі ....... (балада)

Баланың көңілі ........ (далада)

6. Әке- асқар тау,

..................... (ана- шалқар көл)

7. ...... ананың бауыр еті (бала)

4. Сұрақ-жауап

1. Бес асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

2. Үш арсызды атаңыз? (ұйқы, тамақ, күлкі)

3. Қара шаңырақтың иесі кім? (кенже ұл)

4. Әкеден балаға берілетін зат (мұра)

5. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыздар? (тақия, бешпет, камзол, сәукеле, тон, кимешек және т.б.)

6. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз? (шілдехана, бесік той, тұсау кесер, қыз ұзату т.б. )

7. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (бешбармақ, қазы-қарта, жал-жая, құрт-ірімшік, қымыз-шұбат, айран т.б.)

Мұғалім сөзі: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Іс-шарамыздың қорытындысы сөзін М. Қуанышбековтың «Сен бақытты ұлансың» өлеңімен аяқтағымыз келеді.

Сен бақытты ұлансың

М. Қуанышбеков

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең - асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Қарындасың – қанатың,

Ел –Отаның жаннатың.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!