СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасы-бақыт мекені". Тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка представляет собой классный час на тему «Отбасы – бақыт мекенім» (Семья — мой очаг счастья), направленный на формирование у учащихся семейных ценностей, уважения, доброжелательности и осознания важности единства в семье. Мероприятие включает интерактивные задания, рефлексию, видеоматериалы и обсуждение, способствующее развитию коммуникативных и морально-этикалық качеств.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы-бақыт мекені". Тәрбие сағаты»


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә.

Оспанов Еркебулан Акарысович

Күні:

09.09.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Отбасым-бақыт мекенім

Мақсаты

1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;

2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға

деген қызығушылығын арттыру;

3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.


Біртұтас тәрбие бағыты бойынша құндылықтар

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Мұғалім: Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өздеріңнің жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.



-Оқушылар, бірінші ребусты шешейік

Жауап: «Отбасы».

Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.

Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық: https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-ne-ushin-qazhet




« Жылы жүректен,жылы сөз» шеңбері.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.


1-тапсырма

Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді



Отбасы











Оқушылар жоғардағы берілген тапсырманы орындап,отбасы сөзіне сипаттама беріп,талдайды.


презентация

Сабақтың ортасы

Келесі кезеңіміз «Жағымды ой» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?























Сергіту сәті.

Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)

Олай болса әр топ мүшелері өз қолдарыңызбен, яғни бес саусақтарыңызды қағазға бастыра отырып сурет салып, оның мағынасын түсіндіресіздер.


Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде.   Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. Ендеше назарларыңызға отбасы, ата-ана, бала жайында айтылған қанатты сөздер легін ұсынамыз.

1. Елін сүйер сеніңіз,

Өз отбасын сүйе алған.

Қасым Аманжолов

2. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Антон Семенович Макаренко







 






презентация

Сабақтың соңы

Мұғалім қортынды сөз:отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды.

Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.


презентация