СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы киелі шаңырақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы киелі шаңырақ. Оқушыларға отбасы туралы ұғым беру.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы киелі шаңырақ»

Сабақтың тақырыбы: Отан – отбасынан басталады.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға отбасы туралы ұғым беру. Отбасының мүшелерінің әрқайсысының өзінің орнын түсіндіру.
2. Сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, өз ойларын дәл жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Өзара сыйластыққа, біріне бірі қамқорлық жасай білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сынып сағаты
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаз
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .

Психологиялық дайындық
Отан – туған үйіміз.
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз.
Көтеріңкі біздің көңіліміз!
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Мені мұқият тыңдап сұраққа жауап бере қойыңдаршы.
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
Жауабы: А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі,
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында
- Енді тағы қандай туыстық белгісі білдіретін сөздерді білесіңдер?
Ана, әке, бала, іні қарындас, аға, сіңлі, жиен

- Сонымен барлығын да бір сөзбен «отбасы» дейміз.
- Отбасы дегеніміз не?
- Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, яғни шағын қоғам.
- Сонымен балалар біз қандай келдік, дұрыс айтасыңдар Қостанай қаласы. Қостанай қаласы астықты өлке.
- Сендердің отбасыларыңда кімдер бар?
- Отбасыңа сенің қандай көмегің тиеді?
- Үлкендер саған қандай көмек береді?
Сергіту сәті «Отан»
Ортақ мекен – жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
- Әжесі үйге келгенде Сәуле: «Әже, сен маған не әкелдің?» деп сұрайды. Ал Асқар әжесінің алдынан шығып, сырт киімін шешуге көмектеседі де: «Әже, денсаулығың қалай?» деп сұрайды.
- Кімнің сұрағы дұрыс? (Балалар өз ойларын айтады.)
Қорытынды
- Сонымен балалар отбасы дегеніміз не?
- Неге отан отбасынан басталады?
- Міне сондықтан да біз «Отан - отбасыдан басталады» дейміз.

Сабақты қорыту: