СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Отбасы- мемлекеттің іргетасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі. Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.   

Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді.

Просмотр содержимого документа
««Отбасы- мемлекеттің іргетасы»»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК









Комплекстік тәрбие берудің отбасылық тәрбие беруді дамыту бағытында(«Координатор») іске асыру бойынша «Отбасы- мемлекеттің іргетасы. Мінсіз отбасы » атты отырысының материалы.

















Дайындаған:

Оқытушы Мұрат Б.Қ.













2016-2017 оқу жылы

Актив сағатының тақырыбы: «Отбасы- мемлекеттің іргетасы. Мінсіз отбасы »

Актив сағатының өткізілу орны: бекітілген дәрісханаларда

Актив сағатының мақсаты:

  • Отбасылық тәрбенің маңыздылығы, ата-анаға қамқаор болуды, тәрбиенің негізгі қағидаларын, тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу;


  • Отбасылық тәрбенің орны, оқушылардың отсабы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасауды, отбасының әрбір мүшесін сыйлауға баулып, іскерлікке қабілеттерін дамыту;


  • Оқушылардың әр түрлі ортада, кез-келген адаммен дұрыс қарым-қатынас жасауға шақыру.

Актив сағатының өткізілу жоспары:

І. Ұйымдастыру сәті (оқушыларын түгендеу)

ІІ. Негізгі бөлім.

Координаторлардың жетексінің кіріспе сөзі:

ІІІ. «Отбасы- мемлекеттің іргетасы. Мінсіз отбасы » тақырыбында жазылған баяндаманы тыңдау.

ІV. Баяндаманы талдау.

V. Қорытынды сөз.


Тәрбие сағатының жоспар бойынша жүру барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, түгендеу

  • Кезекшілікті тағайындау

  • «Координаторлардың» жаңа мүшелерімен танысу,

  • «Координаторлардың» жаңа мүшелерін тағайындау

  • «Координаторлардың» жұмыс ережесі мен міндеттерін, мақсатын, топта атқаратын міндеттерін түсіндіру,

  • Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты, жүру барысымен таныстыу


ІІ. Негізгі бөлім.

Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі. Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.

Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.

Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.
Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.

Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.
Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына біз бірінші орынға жас отбасын қоямыз. Жаңарған қоғамда «жас отбасы» терминінің пайда болуы үшін көптеген уақыт пен күш жігер керек болды. Бұл отбасының ерекше түрінің қалыптасқандығын айтпайды. Оның мәселелері жаңашыл отбасының негізін құратын мәселелерге кіреді. Сондықтан да жас отбасыға деген қарым-қатынас толығымен отбасы институтына қатысты жүргізіліп жатқан әлеуметттік саясатпен анықталады. Сонымен қатар, жас отбасының қоғам өміріндегі ерекше маңыздылығы мен ерекше функцияларын да елемей қоюға болмайды. Оны біз оның инновациялық әлеуеттілігі, өмір сүру мен қызмет стилін анықтау кезінде түсініп, көруіміз тиіс. Жас отбасы мәселесін тек осы уақыттағы ғана емес, сонымен бірге болашақ қоғамның өмір сүру қызметінің барлық салаларында да қарастыруымыз керек.

Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.

Терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың көптеген бөлігі кедейлік шекарасында қалып қойды. Адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құрылымында мағыналы деформация болды. Қазіргі таңда аз қамтылғандардың тобына көп балалы және толық емес, жұмыссыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге жастардың, студенттердің отбасылары, кішкентай балалары бар отбасылар да кіруде. Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына бірінші орынға жас отбасы қойылған. Бұл бүгінгі таңда жас отбасы мемлекетпен қалай қорғалған, оның өмірін жақсарту үшін не істеу қажет деген сұрақтарды қарастыру керектігін анықтайды.

Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасын құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек.


ІІІ. «Отбасы- мемлекеттің іргетасы. Мінсіз отбасы » тақырыбына талдау жасау.


ІV. Қорытынды сөз.



Дайындаған: Мұрат Б.Қ.