Сабақтың тақырыбы: «Отбасы мүсіні» ( лекция-тренинг)
Сабақтың мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Тренингтің барысы:
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.
Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингімізді бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы- кішкентай адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.
Нақ отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.
Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).
Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)
«Отбасы мүсіні» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.
«Отбасы оқиғалары» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
Тыныштық сәті ақырын музыка ойнап тұрады. Көздеріңізді жұмып балалық шақтарыңызды еске аласыздар.
«Менің бақытты балалық шағым» жаттығу
Біраз уақыттан соң, әр топтан бір ата ана еске алғандарын туралы ойларын ортаға салуды ұсыну.
Бала қандай болады
Егер:
- Баланы сынап отырса , ол ... (жек көруді) – үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол... (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы қолдап отырса, ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).
Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)
Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)
Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.
Миға шабуыл.( Сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)
Ата-ана болу –бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?
Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.
Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?
1. Кім мені мақтаса- сол менің жауым ( корей мақалы)
2. Өзіңді мақтаған адамға сенбе ( жапон мақалы)
3. «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.
«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак
4. «Қылмыскерді емес, істеген әрекетін кінәла» Жапон мақалы.
«Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» Фин мақалы.
5. «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.
6. « Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.
7. «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.
Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.
Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.
«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? – деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.
Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.
Сұрақ метафора: ата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?
Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)..........талқылау.........
Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған сөздерді алып тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз... Ол өледі.Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.
Тапсырма: Ал енді осы аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құрайық. Әрқайсыңыз өз формулаңызды құрып көріңіздер ( тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алу).Жауаптары тыңдалып отбасында балаға тәрбие берудің құпия заңдары көрсетілген формула ұсынылады: ( плакатта жазылған схема көрсетіледі).
Отбасы заңы = 1 + 2 + 3 + 4
1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы
2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы
3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы
4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.
Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса,егер ата-анасы өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары болса, демек, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.
Рефлекция: «Жылулық шеңбері»
Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар....
Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезінетіндей етіп жасау біздің күш- жігерімізде. Біз қаншалық көп берсек, соншалықты өзісізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз- тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз... ( сезіну мен жанасу коммуникациясы)
Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.
Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.
Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!
Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.
Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас жайлы мәселе – қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Ұстаз бен ата - ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан - жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп пен мұғалімге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.
Осы тұста мектеп мұғалімдеріне қойылатын міндет те зор болмақ. Тек бала тәрбиесімен ғана айналысып қоймайтын мектеп ұстаздары ата - анамен де жұмысты қатар алып жүретіні белгілі.
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Ал, бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. «Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу - тәрбие үрдісінің не табысты, не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін қалыптастырады» [2, 12] - деп атап көрсетілгеніне қарап, отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы екенін түсінуіміз қажет.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Ал бұл ынтымақтастың орнауы әрине, сынып жетекшісіне байланысты. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысады, сонымен қатар ата - аналармен жасалатын жұмысты да осы педагог атқарады.
К. Ж. Қожахметова өз еңбегінде: «Халық даналығының ережелері, адамның әрекеттері мен қызметтерін оның мәртебесіне сәйкес: ата, әже, әке, ана, ұл, қыз, күйеу бала, келін деп реттеп қана қоймайды, сонымен бірге халық даналығының өсиеттерінде, әрбір рөлдің қызметі мен терең идеялық мағынасы сақталады» - деп атап көрсеткен. Иә, шынымен де, отбасындағы осы әрбір рөлдің қызметі мен маңызы зор. Бала тәрбиесі үшін әрқайсысының қатысы ерекше. Осы мәселелерді саналы меңгерген ұстаздар қауымы ғана, халық даналығының ережелерін білетін мұғалім ғана ұрпақ тәрбиелеуде, ата - анамен жұмыс жасауда жетістіктерге жетері сөзсіз.
№249 мектеп-лицей бойынша
ата-аналармен жүргізілген
психологиялық тренинг
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2015 жылдың 2-3 желтоқсан күндері 5-7 сыныптың ата-аналарымен «Отбасы мүсіні» тақырыбында лекция-тренинг жүргізілді. Тренингке 30 ата-ана қатысты.
Тренинг барысында «Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ» тақырыбында отбасы туралы шағын лекция оқылды.
Лекция әрі қарай тренингпен жалғасты.
Тренингтің басы ата-аналардың бір-бірімен танысуы үшін шеңбер құру арқылы танысу тренингі жүргізілді. Ата-аналардың танысуынан кейін отбасы туралы пікірлері тыңдалды. Әрі қарай «Отбасы мүсіні», «Отбасы оқиғалары», «Менің бақытты балалық шағым» тренингімен жалғасып, ата-аналардың көңіл-күйлерінің көтеріліп, балалық шаққа саяхат жасауына мүмкіндік берілді.
Ата-аналар тренингтен алған әсерлерінің көмегімен отбасындағы тәрбие заңдылықтары формуласын құрып, әр отбасындағы заңдылықтармен бөлісіп, өз ойларымен бөлісті.
Тренинг барысында ата-анлар жоғары көңіл-күймен, белсене араласып, қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Соңында «Жылулық шеңбері» рефлециялық сәт жүргізіліп, ата-аналардан тренинг барысында алған әсерлері мен ұнаған сәттері туралы сұралды. Ата-аналар өз кезегіне пікірлерін айтып, жақсы ойларымен бөлісе отырып, тарасты.
Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг
Жоспар:
«Танысу» тренингі
«Қар қиыршықтары» жаттығуы
«Жанұя бақыты» тренингі
«Өмір мәні» демонстрация
«Ана махаббаты» жаттығуы
«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
«Тілек шамы» қорытынды жаттығуы
Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Қатысушылар: ата-аналар
Тренинг ережесі
1.Тренингке берілген регламентті сақтау;
2. Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;
3.Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;
4.Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
5.Бір-бірімізді сыйлау
1. «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі
Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз жақсы қасиетіңізді айтып, өзіңізді таныстырасыз. Өзіңізді таныстырып болып, келесі өзіңіз қалаған адамға жіпті бересіздер.
2. «Қар қиыршықтары» жаттығуы
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:
Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі.
3. «Жанұя бақыты» Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Тренинг шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
4. «Өмір мәні» демонстрация
Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы). Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл «өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтарымен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады). Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсенді етеді. Мақсаттарын жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізеді (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Мысалы: белгілі маман иесі бол үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы құрметтеу т.б осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себіледі). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б. Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе үлкен-кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін. Адам «өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да, адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншалықты маңызды болып көрінбейді.
5. «Ана махаббаты» жаттығуы. Ақ қағазға ата-ана баласына деген ішкі сырларын, махаббатын, сезімін, ойын, жүрек-жарды тілегін, айта алмай жүрген сөздерін, болашақта баласынан не күтетінін хат түрінде жазуы тиіс.
6. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ата-анамен баланың ортасындағы қарым-қатынасты анықтау. Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3.Балаңызды кім деп еркелетесіз?
4.Балаңыздың ең жақын досының аты кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
7. Балаңыз қай жылдан бастап осы мектепте оқиды?
8.Балаңыз сыныпта кімнің қасында отырады?
9.Балаңыз немен айналысқанды ұнатады?
«Тілек шамы».Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Психологиялық тренингтің жоспары
Жүргізілген күні:
Нысана: ата-аналар
Тақырыбы: « Отбасы тәрбиесі»
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасында байланысты нығайту. Бала тәрбиесінде салауатты өмір салтын ұстануда , бала бойына рухани құндылықтарын сіңіруде ата-ана рөлінің маңызды екенін түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Мектеп пен ата-ана арасында байланыс орнатылады. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі маңызды екенін түсінеді.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер, доп
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг ережесі:
| Әрекет кезеңі Жаттығулар | Психолог әрекеті | Қатысушылар әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Тренинг барысы: Кіріспе сөз: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің тренингке қош келдіңіздер! Тренинг-сабағымыз жақсы өту үшін тренинг ережесін сақтайық: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу . Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы бастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол анасына қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата–ана. Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». | |
| 1. "Танысу" жаттығуы: | Сіздерді шеңберге шақырамын Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз. Балаңыздың жағымды қылығын айтқан кезінде қандай әсерде болдыңыздар? | Ата – аналар шеңбер жасай тұрады және өздерін таныстырып шығады |
| 2. Тақырыпты ата-аналардың әңгімелеуі арқылы ашу. | Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? Соны айтып өтсеңіздер. (Бала , жанұя, отағасы, т.б.) Бір сөзбен айтқанда бұл отбасы. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бүгінгі тренингіміз отбасы және бала тәрбие жөнінде екенін айтып кетейік. | Ата-аналар айтып шығады |
| Негізгі бөлім: ұйымдастыру-іздену 3. «Доп лақтыру» жаттығуы. | - Бала сіз үшін кім? Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б. | Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. |
| 4. «Гүл теру» жаттығуы. Пікірлесу | (Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) 1.Баланың салауатты өмір сүруіне қандай үлес қосып жүрсіз? 2. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс- әрекетіңіз. 3. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек? 4. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? 5. Бала бойында қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ? 6. Балаңыз игілік істер істесе оны қалай мадақтайсыз? 7. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз? 8. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар? 9. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? | Барлық ата -аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді. |
| 5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...» | Ия, әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім – тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінезі беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал –екінші ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен. Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз десекте, кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік! Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. (Ата –аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы беріледі). Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады. Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз. 1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары. 2.Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары. 1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз? 2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не? | Ата-аналар өз балдарының мінез құлықтарын жазып шығады |
| 6. Бейнеролик көрсету | Осы бейнероликтен не түсіндіңіздер? | Өз ойларын айтады |
| 7. Топқа бөліну. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» | Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал енді ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады). Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «Отбасылық құндылық ағашы» жасайық Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут. Берілетін отбасылық құндылықтар: 1. Мықты денсаулық 2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік 3. Ауызбіршілік 4. Ортақ қызығушылық 5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау 6. Қамқорлық 7. Тәртіп 8. Бос уақытыңызды бірге өткізу 9. Сенімділік 10. Ата-ананың сөз заң 11. Ата-ана отбасының үлгісі 12. Әлеуметтік жағдай 13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас 14. Махаббат 15. Мейірімділік 16. Шынайылық 17. Сырт көзге үлгі болу 18. Береке 19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет 20. Көп бала Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады. | Топқа бөлініп құндылықтарды жапсырады. Жұмыс соңында өздері қорғап шығады |
| Рефлексті-қорытындылаушы 8. Балама ақ тілек. Кері байланыс | Балаларыңызға тілек жазып ілсеңіздер болады Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? Не ұнамады? Қандай ұсыныстарыңыз бар? | Стикерге тілек жазу. Ойларымен бөлісу |
| 9. Қорытынды. | Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, ондай балалардың қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ , үйретіп жатқан әке , шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын . «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтайық. | |
Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
Ауызбіршілік Ортақ қызығушылық
Бір-біріңіздің жұмысына араласпау Қамқорлық Тәртіп
Бос уақытыңызды бірге өткізу
Сенімділік Ата-ананың сөз заң
Ата-ана отбасының үлгісі
Әлеуметтік жағдай
Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
Махаббат Мейірімділік
Шынайылық Сырт көзге үлгі болу
Береке Көп бала
Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
Мықты денсаулық
1.Балаңыздың бойындағы 2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің мінез-құлық қасиеттерінің
сізді қанағаттандыратын жақтары сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
1.Балаңыздың бойындағы 2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің мінез-құлық қасиеттерінің
сізді қанағаттандыратын жақтары сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
Баланың салауатты өмір сүруіне қандай үлес қосып жүрсіз?
Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс- әрекетіңіз.
Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Бала бойында қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ?
Балаңыз игілік істер істесе оны қалай мадақтайсыз?
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
Сіздің бойыңызда сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
Балаға дұрыс тәрбие беру дегенді қалай түсінесіз?