СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы - шағын мемлекет

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы -шағын мемлекет . Қазақ отбасының құндылықтары туралы

Просмотр содержимого документа
«Отбасы - шағын мемлекет»

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын мемлекет

Мектеп: «әл-Фараби» мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: БакаеваМ. М.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспағандар:-

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5. Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

5Ж5. Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыра алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылым мәтіні бойынша күрделі сұрақтар

құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін құрастыруда тақырыптан ауытқымайды;

тіл тазалығын сақтайды; өзге топтардың жұмыстарын бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыра алады; әңгіме, ұсыныс, хат, күнделік жанрларына сәйкес мәтін құрайды; тақырыптан ауытқымайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қазақ отбасы, тату отбасы, құндылықтар, сыйластық, құрмет, ізет, мейірім, сенім, түсіністік.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ана мен әке, бала, отбасы.

Талқылауға арналған сұрақтар:Адам өміріндегі отбасының рөлі дегенді қалай түсінесің?

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: менің ойымша..., Мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін. Мен мынандай қорытындыға келдім...

Алдыңғы оқу

Отбасы мүшелерін ажырата алады, отбасы туралы мақал-мәтелдерді біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ой қозғау

Кейіпкер атынан сөйле


Осы сурет арқылы нені айта аласыздар?

Нені байқадыңдар?


суреттер

Сабақтың ортасы

29 мин

РАФТ» стратегиясы

Сабақ барысында 4 топ жұмыс жасайды: «Мейірімділік» тобы, «Сенім» тобы, «Құрмет» тобы, «Сыйластық» тобы. Төрт топқа топ атауына сай парақшалар таратылады. Бұл парақшаларда мәтін жазуға түрткі кесте болады. Оқушылар осы кестеде берілген сызбадағы тірек cөздерді негізге ала отырып, мәтін жазады. Рөл – кімнің атынан, аудитория -кімге, формат – қандай үлгіде, тақырып – не туралы, демек, оқушыларға мәтін жазуға тірек сөздер бар. Олар топ боп ақылдасып, мәтін жазады.

«Мейірім» тобына мәтін жазуға түрткі кесте:

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Қарт

баласы

күнделік

Өкініш


«Мейірім» тобының жауабы:

Үлгі:

Бүгін сәуірдің үші. Кеудемді өкініш өрті жалмап барады. Мен қандай күнә жасадым екен? Мені неге мына тас қараңғы бөлмеге тастап кеттің , балам? Өмір бақи бір өзің үшін өмір сүрдім бе? Сенсіз мен бұл өмірде қалай ғана аяқ басып жүре аламын? Әлде өзім кінәлымын ба? Жүрегіңе аналық сезімімді, мейірімімді төге алмадым ба? Әлде күндіз – түні өзің үшін қам жеп, қара жұмыстан бас алмаған шақта

менен мейірім күттің бе? Ал мен сені өмір бақи аналық ақ жүрегіммен сүйіп өтем, балам...

«Сенім» тобының кестесі:

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Немере

атасы

хат

Сенім

Үлгі мәтіні:

Ата, мен сені сағындым. Сенің күлкің, күлген сәтте пайда болатын бетіңнің қыржымы, мені құшырлана бауырыңа жетелейтін ыстық құшағың – бәрі – бәрі есімде. Әке – шешем сенің ауруханада екеніңді айтты. Қашан тәуір боласың? Әлде әке – шешем маған өтірік айтып жүр ме екен? Ата – анамнан мені ауруханаға апаруын сұрағанмын, бірақ олар қарсылық білдірді. Ата, мен сені іздеп табамын. Біз екеуміз әлі – ақ кездесеміз. Мен бұған сенемін.

«Құрмет» тобының кестесі:


Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

«Қарттар

үйі» мекемесінің

басшысы

кәсіпкер

Ұсыныс

Жанашырлық

Үлгі мәтіні:

«Ерен» ашық акционерлік қоғамының

президенті Қайырбекұлы Сәбитке

Құрметті Сәбит мырза!

Бұл мекеме сіздің аса қайырымды жан екеніңізді бұрыннан біледі. Кеше мекеменің дәл алдынан бір әжейді көріп, ішке кіргіздім. Ол біразға шейін есін жинай алмады. Сөзін еміс – еміс естідім. Баласы мен келіні қуып шыққан көрінеді. Бұл аймақтың жаз мезгілі денсаулығына жақпайтын көрінеді. Сіздің мүмкіндігіңіз зор. Менің сізге ұсынысым бар. Осы әжей үшін Көкшетаудағы сауықтыру орталығына жолдама алып берсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.

«Сыйластық» тобының кестесі:

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Ана немесе

әке

Бала

Әңгіме

«Естен кетпес бір сәт»

Үлгі мәтіні:

Ғани әкесімен бірге  үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан ―А-а-а-а! деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: ―Сен кімсің? деп дауыстағанда, Ғаниға:Сен кімсің? деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ―Сен қорқақсың! – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: ―Сен қорқақсың! деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:―Әке, бұл кім өзі? деп сұрады. Әкесі: ұлым, менің сөзіме құлақ сал, – деді де тауға қарап  тұрып: ―Мен сені жақсы көремін! - деп айқайлады. Таудан:―Мен сені жақсы көремін!‖ деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:―Сен әдемісің! - деді. Жауап:―Сен әдемісің! - деді.Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:―Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол

Дескрипторлар:

  • рөлге еніп, жаза алады;

  • тақырыптан ауытқымайды;

  • әңгіме, ұсыныс, хат, күнделік жанрларына сәйкес мәтін құрайды;

  • сөз сапасы, тіл тазалығын сақтайды.

Кері байланыс: өзін –өзі бағалау

Әр топ бір-бірін бағалайды: 1-топ-2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 4-топқа, 4 топ 1 топқа дескрипторлар бойынша баға береді.

2-тапсырма.

Қарақат Әбілдинаның орындауындағы «Аяулы ана» атты әні бойынша мәтін құрыңыз. Сөздер тізімінен тақырыпқа байланысты 6 немесе 8 сөздерді таңдап, график түрінде немесе жазбаша әр сөздің қалай және қай жерде орынды қолданылатынын көрсете отырып, қысқаша жоспар құрыңыз. Өз мәтініңізді өзіңіз бастайсыз да, басқа оқушымен ауыстырасыз, ал ол оқушы берілген жоспар бойынша мәтінді аяқтауы тиіс.

Дескриптор

1. Мәтінде қолданылатын таңдалған сөздерді анық көрсетеді.

2. Әннің мазмұны бойынша мәтін құрай алады.

3. Қысқаша жоспар құра алады.

4. Тыныс белгілерді орынды қолдана отырып жазады.

Кері байланыс.

Попс формуласы бойынша.

  1. Менің ойымша,...

  2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін …

  3. Оны мен мынафактілермен, мысалдармендәлелдейаламын …

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....




Таратпа қағаздар























































































































Сабақтың соңы

5 мин







1 мин

Рефлексия. БЛОБ ағашы

Сіз қай кейіпкерге немесе тұлғаға ұқсайсыз? Неліктен?


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап ( диференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Бағалау критерийлер мен дескрипторлар арқылы жүзеге асты.

Пәнаралық байланыс өзін-өзі тану, әдебиет пәндері.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері оқу бағдарламасына сәйкес таңдап алынды. Ол мақсаттар сабақтың барысында жүзеге асты. Бүгінгі сабақта оқушылар мәтін құрауға, суреттер арқылы мәтінді мазмұндауға үйренді. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптасты. Топта оқушылар әлеуметтік қарым-қатынасқа түсіп, олардың арасында достық қарым-қатынас орнады. Саралау тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Әр оқушының ерекшелігі мен білім деңгейіне сәйкес тапсырма таңдалынып алынды. Уақытты тиімді пайдаландым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «РАФТ» әдісі

2: кері байланыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: бағалау критерийлері мен дескрипторлар

2: белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым.

  1. Оқушылардың білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар