СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"отбасы тәрбие басы" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫНЫП САҒАТЫ: "ОТБАСЫ ТӘРБИЕ БАСЫ" АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Просмотр содержимого документа
«"отбасы тәрбие басы" ашық тәрбие сағаты»



Күні: 25.10.2019

Сыныбы: 11 «А»

Сынып жетекшісі: Омарова Гүлдана



Тәрбие сағатының тақырыбы:

«ОТБАСЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»





Сынып сағатының МАҚСАТЫ:



  • Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату;

  • Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау;

  • Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы;

  • Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.



Сынып сағатының МІНДЕТТЕРІ:

  • Үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру;

  • Адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру;

  • Өз отбасының тарихын білу;

  • Сұранысты дамыту;

  • Өзінің іс-әрекетіне анализ жасау;

  • Өзін-өзі тәрбиелеу;

  • Балалардың моральдық тұрғыдан дамыту;

  • Патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.





































































Отбасылық құндылықтар дегеніміз?

Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.



Дәстүрлі отбасылық құндылықтар:

Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.



Қазіргі отбасылық құндылықтар:

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды. Сонымен қатар, қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.







































БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНЫҢ 10 ЕРЕЖЕСІ:

  1. ережесі

Ең әуелі «отбасы» сөзінің мағынасын түсініп алыңыз. Отбасын құру – махаббатты мәңгі сақтап, сыйластықты күшейту деген сөз. Отбасын құрғанда тек өз мүддеңді ғана ойлауға болмайды, әрбір іс-әрекетті ойланып, сараптау қажет.

  1. ережесі

Бақытты отбасы селкеусіз сенімнен тұрады. Адалдық пен шыншылдықтың шаңырақта берік орын алуын қадағалаңыз. Себебі бақытты отбасы бұл екеуін негізге ала отырып бір-біріне көзсіз сенеді. Сонымен қатар бір-біріңізге ашық, еркін әңгіме айтудан қашпаңыздар.

3-ережесі

Жұмыс пен қызметтің отбасынсыз құны жоқ. Егер жұмысыңыз отбасына көңіл бөлуге мұрша бермейтін болса, ыңғайлы жағын қарастыру қажет. Себебі жұмыс пен қызмет сізді кез келген уақытта керексіз етіп тастауы мүмкін, ал  отбасына әрқашан қажетсіз.

4-ережесі

Сабыр және сыйластықпен өмір сүруге бейімделу қажет. Екеуі де сіздің отбасындағы тыныштық пен татулыққа, берекеге, қызмет жасайды. Тіпті келіспей қалған жағдайда ерінің әйелімен сауғаласып, әйелінің орынсыз сөздер айтуына шек қою қажет. Бірнеше сағат жеке қалу сіздің ашуыңызды баса түседі. Ал күйеудің мұндай сәтте достарына не ата-анасына барғаны дұрыс емес. Сонымен қатар, ішімдікті ауызға алу басты қателік.

5- ережесі

Әйел өзінің орнын біліп, ерін өзінен жоғары қоюы керек.  Себебі күйеуіңізді “пірім” деп аялай отырып, сізді “асыл жарым” деп айтар жолға жетелейсіз. Тамағын дәмділеп беріп, жағдайын жасау арқылы, сізді “отбасымның берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым” деген ой қалыптастырасыз. Сырымен бөлісіп, мұңын тыңдау арқылы жан досына, ақыл айтар ақылшысына айналасыз.

6- ережесі

Бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөледі. Әсіресе әйелдер қауымы өзіне ерекше көңіл бөлгенді, сыйлық алғанды жақсы көреді. Сол секілді жігіттер де сүйгенінен жылулықты, қамқорлықты қалайды. Бір-бірлеріңіздің жағдайларыңызды жасау арқылы, өмірлеріңіздің жандандыру ісін жасайсыздар.

7- ережесі

Ортақ келісім мен ортақ шешім. Отбасы – қос жүректің одағы. Сондықтан кез келген мәселе мен қиындықта бірге ақылдасу мен бір-бірінің ойына құлақ асу, көзқарасымен санасу одақтың орнықты, орынды болуына алып келеді.

8 – ережесі

Сүйген адам кешірімді. Әйел мен ердің кішіпейілділігі мен мол түсінігі түсініспеушілік атаулының кез келгеніне төтеп бере алады. Сонымен қатар бақытты отбасыдағы ерлі-зайыптылар бір-бірінің кез келген қателіктерін кешіре алады. Отбасында түсіністік пен сенімді басты орынға қояды.

9 – ережесі

Жақсы отанасы болыңыз. Себебі, отбасында барлығы әйелдің қолында. Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз және күйеуіңізге тұрмыстық ауыртпалықты түсірмеңіз. Сонымен қатар үйдегі кеңістікті ұтымды үйлестіріңіз. Тәтті тағамыңыз бен таза үйіңіз, жылы қабағыңыз үйдің берекесін келтіреді.

10 – ережесі

Өзара түсінетін әзіл мен жеке мерекелеріңіз болсын. Отбасы – кішкентай ғана мемлекет. Сондықтан олардың өз ұраны, өз құпиясы, өз мерекелері (алғаш танысқан күн, үйленген күн, туған күн) және өздері ғана түсінетін қалжыңдары болуы тиіс.









































№271 орта мектебі







АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ



Тақырыбы: « ОТБАСЫНЫҢ РУХАНИ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ »







Сыныбы: 11 «А»

Сынып жетекшісі: Омарова Гүлдана















2019-2020 оқу жылы








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!