Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "Компьютердің логикалық элементі" 10 сынып»
Компьютердің логикалық элементі
Ашық сабақ. 10 «А» сынып
Сабақтың мақсаты:
10.2.2.3 маңызды логикалық элементтердің мақсатын түсіндіру: конъюнкция, дизъюнкция, инверсия ұғымын терең түсіндіру.
Сабақтың ресурстары:
Үй тапсырмасын қайталау
Google disk- те тест.
Жаңа білім
Компьютердің логикалық элементі-қарапайым логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық сызбаның бөлігі. Компьютердің логикалық элементтері – және , немесе , емес электрондық сызбалардан тұрады.
Компьютердің логикалық элементіне вентиль деп аталатын және , немесе , емес , және-емес, немесе-емес, триггерлер жатады.
Вентиль (veiltil -клапан)-электр тоғының бағытына байланысты жоғары және төмен деңгейлі өткізгіштігі бар электр аспаптарын айтамыз.
Және сызбасы – бір немесе бірнеше логикалық мәндердің конъюнкциясын жүзеге асырады.
Немесе сызбасы – бір немесе бірнеше логикалық мәндердің дизъюнкциясын жүзеге асырады.
Емес сызбасы – бір немесе бірнеше логикалық мәндердің инверсиясын жүзеге асырады.
Логикалық сызбалар логикалық өрнектерді ұсынудың ыңғайлы жолы
1-мысал 1 немесе (0 және 1) логикалық өрнегін есептеу үшін, логикалық операциялар тізбегін көрсететін сызбаны сал. Сызбаға сәйкес логикалық өрнектің мәнін есепте.
Шешуі: 1 немесе (0 және 1) = 1 немесе 0=1 (төмендегі кестедегі конъюнкция бағанының 2 қатары және дизъюнкция бағанының 2 қатарындағы сызбаны пайдаландық)
2-мысал Емес (1 және (0 немесе 1) және 1) өрнегінің логикалық элементтерінің сызбасын құрып, мәнін тап.
Шешуі: Есептеу ережесі бойынша бірінші жақша ішіндегілер орындалады.
Емес (1 және (0 немесе 1) және 1) өрнегі
1. Емес (1 және (0 немесе 1) және 1) өрнегі
2. Емес (1 және 1 және 1)
3. Емес (1) нәтиже 0-ге тең болады.
1-тапсырма. Логикалық өрнектердің мәнін есепте. Сызбасын сыз.
А) Емес (1 және (1 немесе 1) және 0)
Ә) 1 және (емес (1 немесе 0) ж»не 1)
Б) 1 және 1 немесе 0 және 1
В) 1 және емес (емес (1) және 0)
2-тапсырма. А) Логикалық элементтердің сызбасына қарап, оның мәнін есепте
2-тапсырма. Ә) Логикалық элементтердің сызбасына қарап, оның мәнін есепте
3-тапсырма. Ә) Логикалық элементтердің сызбасына қарап, оның мәнін есепте
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: 2.6 тақырыпты оқып, 50 беттегі №3, №4 тапсырманы дәптерге орындау