Ұйымдастыру кезеңі: ![]() Қызығушылықты ояту | - Оқушылармен амандасу; - Оқушыларды түгендеу; - Компьютердің құрылғылары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) арқылы оқушыларды 3 топқа бөу. Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу. Үй тапсырмасын пысықтау Сәйкестендіру кестесі 1. Архив - ... | а)Сығылған файлдарды орнына келтіру | 2. Сығу деңгейі - ... | б)Арнайы программалар көмегімен жеке файлдарды немесе файлдар тобын сығуға арналған программа | 3. Архивтеу - ... | в)бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы. | 4.Сығу жылдамдығы - ... | г)Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл | 5.Архивтен шығару - ... | д)Файлдарды сығу үдерісі | 6. Архиватор - ... | е)белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт. | Сабақтың мақсатын түсіндіру Презентация арқылы “Есептеуіш техникасының даму тарихы мен электронды-есептеуіш машиналарының буындары” туралы мағлұмат береп, түсіндіріп кетемін . | Мұғаліммен амандасады. Бір-бірлерінің қолынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді де компьютер құрылғыларымен 3 топқа бөлініп орындарына жайғасады Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, тақтада сәйкесін сызып көрсетеді Оқушылар презентация арқылы материалды көріп бүгінгі тақырыптың мән-мағанасын өздері ашып береді. |
Мағынаны тану Ой толғаныс | ЖИГСО әдісі (топтық жұмыс) Әр топқа жаңа сабақтың материалдарын үлестіремін. 1-топқа: Механикалық кезең; 2-топқа: Электромеханикалық кезең; 3-топқа: Электрондық кезең. Сұрақтары: 1-топқа: 50 жылдардан бастап қандай есептеуіш техникасы дами бастады? 2-топқа: Қандай механикалық есептеу құралдары пайда болды? 3-топқа: Г.Холлерит құрастырған бірінші перфорациялық машинасы есептеуіш техника дамуының қай кезеңіне жатады? Концептуалды кесте ЭЕМ БУЫНДАРЫ | ЭЛЕМЕНТТІК БАЗАСЫ | ЭЕМ-нің НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ | I буыны 1946-1956 | Электрондық шамдар | Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 операция | II буыны 1956-1964 | Жартылай өткізгіштер, транзисторлар | Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды, жылдамдығы – секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері дами бастады | III буыны 1964-1971 | Интегралдық схемалар | Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магнитті дискілер пайда болды. Мультибағдарламалық режим. | IV буыны 1971 ж. осы уақытқа дейін | Микропроцессорлар | Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері | V буын болашақта | | Жасанды интелект. Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын. | Жаңа сабақты бекіту: Өзіңді тексер! 1. Паскаль машинасын кім жасады, қай жылы ? А) Блез Паскаль 1642 жылы В) Джон Непер 1761 жылы С ) Исаак Ньютон 1660 жылы 2. Арифмометрді кім құрастырды ? А) Чебышев В)Лейбенц С ) Ада Лавлейс 3. «Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды? А) механикалық В) электронды С ) релелік және механикалық 4. Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? А)1947-1948 жылдары В)1952-1953 жылдары С )1960 жылы 5. ЭЕМ – нің неше буыны бар? А) бес В) төрт С ) үш | Оқушылар материалды толық оқып, сарапшы ретінде басқа топта түсіндіріп, туындаған сұрақтарды талқылап, кайтіп жанұяларына келіп ұжымға жариялайды. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптерлерінде орындайды Тест сұрақтарын дәптерлеріне орындайды |
Рефлекция | БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін, стикерге жаздырып, тақтаға ілуіне нұсқау беремін | Білемін, Білдім, Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады. |