Тілдік мақсат | Оқытудың тілдік мақсаты: Кірістірілген математикалық функцияларды практикада қолдану. Пәнге қатысты лексика және терминология: СУММ, СРЗНАЧ, MAX, MIN, КОРЕНЬ(), ОСТАТ(), СТЕПЕНЬ(), ЦЕЛОЕ() Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы: ...-мәндердің қосындысын есептеу ...-ортаңғы мәнін табады ...-санның үлкенін табады ...-кішісін табады |
Ортасы | Жаңа сабақ. Т.Ж. Оқушылар отырған орындарына сәйкес топқа бөлінеді. «Ирек» стратегиясы. Әр топқа мәтін бөліктері беріледі. Өз мәтіндерін Басқа топтарға постер арқылы түсіндіреді. Топтар бір-бірін бағалайды. 1-топ Мәтін (Таратылым) №1 MS Excel бағдарламасындағы кірістірілген функцияларына шолу. Математикалық функциялар. Microsoft Excel бағдарламасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка- Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған. Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді; = СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы, G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады. Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады : = ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2) Математикалық функциялар: Microsoft Excel бағдарламасында әртүрлі мамандандырылған есептеулерді оңай және тез орындауға мүмкіндік беретін бірқатар кіріктірілген математикалық функциялар бар. ПРОИЗВЕД функциясы аргументтерімен көрсетілген барлық сандарды көбейтеді. Excel бос ұяшықтарды, мәтінді және логикалық мәндерді елемейді. ПРОИЗВЕД функциясы 30 аргументке дейін болуы мүмкін. СУММ функциясы көрсетілген ауқымдардағы барлық ұяшықтардың мәндерін қосады. Мысал:СУММ(А10:С15; Е3:В8) СУММ өте танымал функция болғандықтан, осы функцияны енгізу үшін стандартты құралдар тақтасындағы арнайы түйме бар. КОРЕНЬ функциясы санның оң квадрат түбірін қайтарады. Сан аргументі оң сан болуы керек. Мысалы, келесі функция 4 мәнін қайтарады: =КОРЕНЬ(16) Егер нөмір теріс болса, КОРЕНЬ қате мәнді қайтарады: =#ЧИСЛО!. Функция СТЕПЕНЬ (сан; дәреже ) функциясы санның дәрежеге келтіру нәтижесін көрсетеді. Бірінші сан - негіз. Бұл нақты сан болуы мүмкін. Дәреже - негіздеменің дәрежеге келтірілген мәнінің көрсеткіші. Мысалы, келесі функция 25 мәнін қайтарады: =СТЕПЕНЬ(5;2) | 2- топ - Мәтін (Таратылым) №2 Статистикалық функциялар. Статистикалық функциялар көптеген объектілерді зерттеуге және нақты ережелерге сәйкес талдау жүргізуге мүмкіндік береді: мысалы, субъектілер арасында ең үлкен элементті анықтайды. Функция МАКС.Аргумент тізімінен максималды сандық мәнді береді.Синтаксисі: = МАКС (сан1, [сан2]; ...), мұндағы нөмір1 - қажетті аргумент, кейінгі барлық аргументтер (255 нөміріне дейін) міндетті емес. Аргументтің сандық мәндерді, диапазондар мен массивтерге сілтеме жасай алады. Жолдар мен массивтердегі мәтін және логикалық мәндер еленбейді. Қолдану мысалы: =МАКС({1;2;3;4;0;-5;5;"50"}) – 5 санын кайтарады, ал «50» саны массивте көрсетілгендіктен есептелмейді. Функция МИН. Аргумент тізімінен ең кіші сандық мәнді береді. Синтаксисі: =МИН сан1, [сан2]; ...), мұндағы нөмір1 - қажетті аргумент, барлық кейінгі аргументтер (255 нөміріне дейін) міндетті емес. Аргументтің сандық мәндерді, диапазондар мен массивтерге сілтеме жасай алады. Жолдар мен массивтердегі мәтін және логикалық мәндер еленбейді. Қолдану мысалы: =МИН({1;2;3;4;0;-5;5;"-50"}) –-5 сандық мәнін қайтарады, мәтіндік жол есептелмейді. Функция СРЗНАЧ Көрсетілген аргументтердің орташа арифметикалық мәнін береді. Синтаксис: =СРЗНАЧ(сан1, [сан2]; ...), мұндағы нөмір1 - қажетті аргумент, кейінгі барлық аргументтер (255 нөміріне дейін) міндетті емес. Аргументтің сандық мәндерді, диапазондар мен массивтерге сілтеме жасай алады. Жолдар мен массивтердегі мәтін және логикалық мәндер еленбейді. Қолдану мысалы: Берулген мысалдың =СРЗНАЧ(5;7;0;4), функцияны орындау нәтижесі 4 болып табылады логикалық және мәтіндік мәндер есептелмейді және (5 + 7 + 0 + 4) / 4 = 4 болады. Функция СЧЁТ.Ауқымдағы сандық мәндердің санын есептейді. Синтаксис: =СЧЁТ (1мән, [2мән]; ...), мұнда 1мән – ұяшық сілтемесі, ұяшықтар ауқымы немесе массив қабылдайтын міндетті аргумент болып табылады. 2 мәнінен 255 мәніне дейінгі аргументтер міндетті емес және бірдей мағынаға ие 1мән. Диапазон мен массивтердегі логикалық мәндер еленбейді. Егер мұндай мән аргументте айқын көрсетілсе, онда ол сан болып саналады.Колдану мысалы: =СЧЁТ(1; 2; "5") –функции шешімі 3 болады, өйткені «5» жолы санға айналып кетеді. Функция СЧЁТЕСЛИ.Көрсетілген шартты қанағаттандыратын ауқымдағы(диапазон) ұяшықтар санын есептейді.Синтаксис: =СЧЁТЕСЛИ (ауқым, критерий), мұнда * ауқымы - қажетті аргумент. Шартты тексеру үшін ұяшықтар ауқымына сілтемені қабылдайды. * критерий міндетті аргумент болып табылады. Түрдің мәнін немесе жағдайын қамтитын үлкен, кіші сынақ өлшемдері тырнақшаға алынуы керек. Мәтіндік мәндер үшін (* және?) қойылмалы таңбаларды пайдалануға болады. | 3-топ. - Мәтін (Таратылым) №3. Логикалық функциялар Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “”, “” (тең емес), “=” (үлкен немесе тең), “ Мысалы: B1 ұяшыққа = ЕСЛИ(A1=1;A1= | Дискриптор: Өз мәтіндерін талдай отырып функцияларға түсініктеме береды. Кері байланыс – топтар бір-біріне кері байланыс жасайды. Стикерлеріне жазып карсылас тобының постерына іледы. ҚБ: «Жүрекпен бағалау » - оқушылар тақырыпты түсінулеріне қарай, топтар жүректеріне қолдарын қою арқылы бағалайды. ҚОСЫМША АҚПАРАТ БЕРУ https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/standartty-funkcziyalardy-pajdalanu Практикалық жұмыс Әр партада орналасқан құрылғылардың бағасын постерге жазып, оның барлық, орташа, максимум, минимум мәндерін есептеп жазады. Атауы | саны | Бағ асы | Жалп бағ | Тінтуір | | | | СД диск | | | | Пернетақта | | | | Монитор | | | | Жүйелік блок | | | | Барлығы | | | | МАХ | | | | МИН | | | | Орташа | | | | Тінтуір-2500тг СД диск – 60тг Пернетақта – 2800тг Монитор – 17000тг Жүйелік блок – 30000тг Бағалау критерийлері: -Санның математикалық есептелуін программада орындай алады; -Кірістірілген функцияның формуласын анықтайды; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; Дескриптор: -
Математикалық жолмен есептей алады; -
Функцияны дұрыс таңдайды; -
Ұяшықтардың аралығын анықтайды. -
Автотолтыру әрекетін пайдаланады. ҚБ.Дискриптор бойынша бағалау.Оқушы қай жерін дұрыс жасады, жасай алмады,неліктен деген сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәті: «Сөзілгек» интерактивті тақтадан сабақтағы терминдердің ағылшынша жазылуы көрсетіледі, бірнеше секундтан соң жабылады. Ал оқушылар есте сақтағанын қағазға түсіреді.оқып береді. Дискриптор: ҚБ. Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау (дұрыс айтты ма,қай жерін дұрыс айта алмады?) | |
Аяқталуы | Сабақты қорытындылау.«Броундық қозғалыс» Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Сөйлемдерді аяқта: СРЗНАЧ() функциясы... Аргументтердің арфиметикалық ортасын есептеу МИН () функциясы... Аргументтер арасындағы минималды мәндерді есептеу МАКС функциясы... Аргументтер арасындағы максималды мәндерді есептеу Мәтіндік функциялар... Мәтінді өңдеуге мүмкіндік береді. Қаржылық функциялар... қарыз бойынша төлем соммасын, төлем көлемін жəне т.б есептеу сияқты айырысуларды жүзеге асырады. Статистикалық функциялар... – мəліметтердің статистикалық талдауын жасауға мүмкіндік береді. Функцияны қою үшін... Формулалар-Функцияны қою командасын орындаймыз Кері байланысты. «Дамыту картасы» Не білемін? | Не білгім келеді? | Не білдім? | Жалпы сабақ туралы мен не білемін соны жазамын | Мені қандай сұрақ-тар қызықтырады, менің не білгім келеді, сол жөнінде сұрақтар беремін. | Бүгінгі жаңа тақы-рып туралы мен бүгін не үйрендім соны жазамын. | | | | Рефлексия Үш жүйелі сұраққа жауап беру -
Үмітіңіз қаншалықты ақталды? (мұғалімді қоспағанда)кімге рахмет айтасыз? -
Не расталмады,неліктен? -
Менің және біздің келешегіміз? | |