Просмотр содержимого документа
«Открытый урок в казахскую группу драма. Красная шапочка новый лад»
Күні: 11.05.2017ж
Тәрбиеші:Бапалаққызы Жақсыгүл
Ортаңғы топ: «Аққу»
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Драма,сөйлеуді дамыту,мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қызыл телпек» Жаңартылған (Сахналау)
Мақсаты: Ертегі туралы білімдерін күшейту. Балаларға ертегіні суреттеп,сахналауға үйрету. Сөйлеу мәдениеті,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын,шығармашылық қабілетін дамыту. Өтірік айтпауға,шыншылдыққа, ұқыптылыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп,баланы жақсылыққа, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Тұзды қамырдан бәліш істеуге үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік, ертегі кейіпкерлерінің киімдері.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,сахналау.
Қатысқаны: Анасы,әжесі,немересі,қасқыр,отыншы.
ҰОҚ түрі: кірітірілген
Кейіпкерлер: Анасы,әжесі,Қызыл Телпек,қасқыр,отыншылар
І бөлім:
1. Балаларды орындыққа жайғастырып отырғызу.
2. Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.
3. Ертегіні мұқият көруге назарын аудару.
ІІ бөлім:
Балаларға ертегі кейіпкерлері, орманды көрсетіп таныстыру.
ІІІ бөлім негізгі бөлім:
«Қызыл телпек» ертегісі
ІV бөлім Қорытынды
1. Балаларды ертегі туралы түсініктерін сұрау.
2. Өтірік айтпауға, шыншылдыққа,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге, үлкендерді құрметтеуге баулу.
3. Сұраққа жақсы жауап берген балаларды мадақтау.
Автор:Ертегі қашанда қызық, әр баланы өзіне баурап алатын болуы керек .Менің бүгінгі ұсынып отырған ертегім әйгілі «Қызыл телпекті қыз» ертегісінің өзгертілген нұсқасы. Балабақшамызда осы ертегі желісімен қуыршақ театрын сахналадық. Сол ертегімді ұсынсам деп едім
Автор: Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде анасы немересінің туылған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті.
(Анасы кіріп келеді)
Автор: Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:
Анасы: -Қызым,мына бәлішті әжене апарып, қал жағдайын біліп қайтшы.
Қызыл телпек: -Жарайды, анашым, апарып берейін. Жолда жүріп,гүл жинап,бұл гүлдерді әжеме сыйлаймын.
Автор: Бәліш салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл Телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл Телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүреді.
(Қызыл Телпек орманының ішінде жүріп, «Ертегі әлемі» өлеңін айтып келеді)
(Қасқыр кіріп келіп талдың артында тығылады)
Қасқыр : Ку-ку-ку
Қызыл Телпек: «Ой көкек» Көкек,көкек айтып берші қанша бәліш менің себетімде бар?
Қасқыр: Ку-ку-ку
Қызыл Телпек: Тапқан жоқсың,тапқан жоқсың!
Қасқыр: Ку-ку-ку
Қызыл Телпек: Ол кім менімен ойнап отырған? Көкек шықшы көрейін сені.
Қасқыр: Ку-ку Қызыл Телпек, ку-ку кішкетайым. Қайда бара жатырсың?
Қызыл Телпек: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін алып бара жатырмын.
Автор: Қызыл Телпек қасқырдың жаман іс-әрекетіне бейхабар еді.
Қасқыр: Ал әжен қайда тұрады?
Қызыл Телпек: Әжем бе? Ол орманның артында,диірменің қасындағы үйде тұрады.
Автор: Қызыл Телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың дауысын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл Телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол, алды мен әжесін жемек болады.
Қасқыр: Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әженің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуміз жарысайық,әжене қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар,мен ана жолмен жүрейін.
Автор: Қасқыр өзіне ауылға апарар қысқа жолды таңдап алады. Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жолда гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады.
Әже: Жаңбыр жауайын деп жатыр ау. Қой үйге кірейін.
Қасқыр: Әжеміз қайда екен? Ұялы телефонға соғайын,телефонды алмады сөндіріп тастаған шығар. Есігін соғайын Тоқ-тоқ-тоқ!
Әже: Бұл кім?
Қасқыр: (Қызыл Телпектің дауысын салып)- Әже,бұл мен ғой, немере қызың - Қызыл Телпек. Мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәлішін ала келдім.
Автор: Әже деген өте ақылды болатын,қасқырдың не үшін келгенің білетін. Ол мысығың қолына ұстап, үлкен шкафтың артына тығылып қалады. Қасқыр терезеден кіріп, ешкім жоқ екенің көріп, әженің орамалын,көзілдірігін тағып керуеттің үстіне жатып алады.
Автор: Қызыл Телпекте үйге жақындап қалады. Ауланың ішінде жан-жаққа қарап,әжені табалмай қалады. Үйге кіреді,әжесінің төсекте жатқаның көріп.
Қызыл Телпек: Әже сіз түсте ұйықтамайтын едініңіз ғой?
Қасқыр: Сен неге келдін? Не әкелдін? Келіп қасыма отыршы.
Қызыл Телпек: Әжетай сіздің құлағын ұзын?
Қасқыр: Сені жақсы есту үшін
Қызыл Телпек: Әже неге сіздің көзіңіз үлкен?
Қасқыр: Сені жақсы көру үшін
Қызыл Телпек: Әже неге сіздің тісіңіз үлкен?
Қасқыр:Сені жеп қою үшін
Автор: Шкафтың артында тығылып отырған әже шығып,қасқырға тап береді.
Әже: Мен сені қазір тышқанға айналдырамын,мысығымды саған қарай жіберемін.
Автор: Қасқыр қорқаққанынан көзілдірігін түсіріп алады да қашуға жөнеледі. Сол кезде өтіп бара жатқан отыншылар айқай шуды естіп кіріп келеді.
Отыншылар: Тұр,қайда қашып барасың? Не бүлдірдің?
Қызыл Телпек: Жоқ,отыншылар қасқырға тимеңдер. Мен енді білдім неге қасқырдың сондай екенін? Ол аш,оны тамақтану керек. Оған бәліш жасап берейік. Маған көмектесіңдер ме? Жүріндер менімен берге. (Тұзды қамырдан бәліш жасайды).
Сергіту сәті: «clap you hands»
Қасқыр:. Мені кешіріндерші,мына гүлдерді сіздерге сыйлаймын. (Гүлдерді әже мен Қызыл Телпекке береді)
Автор: Ертегіміз өте қызықты,өнегелі болып шықты. Ешкімді,ешкім жеген жоқ. Барлықтары аман сау қалып,әрі қарай бақытты өмір сүреді.
Ашық Сабақ
Тақырыбы:
Қызыл Телпек (сахналау). Жаңартылған
Тәрбиеші: Бапалаққызы Жақсыгүл