«Надеждин орта мектебі»ММ
Өзге ұлт өкілдеріне арналған оқушылар арасында олимпиада
Өткізген : Бектасова Г.А.
17.04.2019
Өзге ұлт оқушыларына арналған олимпиада
Олимпиада 5 кезеңнен тұрады:
1.Өз өмірбаяны туралы
2. Грамматикалық тест тапсырмасы.
3. Оқылым.
4. Тыңдалым.
5. Латын графикасымен жазу.
1 кезеңде оқушылар өз өмірбаянның жазады.
2 кезеңде оқушыларға грамматикалық тест беріледі.
3 кезеңде оқушыларға мәтін беріледі, мәтін бойынша 5 сұраққа жауап береді.
Қазақстанның ежелгі қалалары
Ежелгі қалалардың бірі – Отырар VІ-VІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.
VІІ ғасырдан бастап Тараз қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған.Осында Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі, әйгілі ең алғашқы Тараз моншасы бар.Х-ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі. ХVІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады.
ІV – Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. ІХ –Х ғасырларда ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді және осы кезден бастап Йаса (Йасы) деп аталады. ХІІ ғасырда осы қалада өмір сүрген ақын, философ – Ахмет Йассауи. Ал ХV ғасырдан бастап Түркістан деп аталады. «Түркістан» деген сөз «түріктер мекені, елі» дегенді білдіреді.
Мәтінге байланысты тапсырмалар:
1.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.
А.Бұл қалада ойын-сауық орталығы көп
В. Қаланың адамдары өзен жағасында демалады.
С. Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған.
D. Отырар –қазір еліміздің ірі қаласы
Е. Отырар бұрын Ақмола деп аталған
2. Тараз қаласы еліміздің қай аймағында орналасқан
А. Орталық Қазақстанда
В. Солтүстік Қазақстанда
С. Оңтүстік Қазақстанда
D. Шет елде орналасқан
Е. Ресейде орналасқан.
3. «Түркістан» деген сөз нені білдіреді?
А) «жайлы мекен, ел»
В) «қазақ мекені, елі»
С) «тыныш, ел»
D) «түріктер мекені, елі»
Е) «қырғыз мекені, елі»
4.Тараз қаласының ең гүлденген кезі.
А) Х- ХVІ ғасырлар
В) Х-ХІІІ ғасырлар
С) Х- ХVІІ ғасырлар
D) Х-ХІІ ғасырлар
Е) Х- ХІV ғасырлар
5. «Ежелгі» сөзінің синонимы _____________
4 кезеңде аудио мәтін беріліп, оқушылар мәтін бойынша 5 сұраққа жауап береді. Оқушыларға «Астана» мәтіні беріледі.
1. Қай жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды
А) 1999 жылы В) 1997 жылы
С) 1998 жылыD) 1990 жылы
Е)2000 жылы
2. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер қалай салынып жатыр.
А) өзгеше В) біркелікті
С) биік D) жаңаша сәнмен
Е)қарапайым
3. Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары қайда орналасқан?
А) Есіл өзенінің жанында
В) Қала орталығында.
С) Тобыл өзенінің жанында
D) Каланың шеткі аймақтарында.
Е)Іле өзенінің жанында.
4. Алаңқайларға егілген қызыл- жасылды гүлдер қандай өрнекпен бейнеленген
А) орысша В) ерекше
С) әртүрлі D) көрікті
Е)қазақша
5 кезеңде оқушыларға мәтін беріледі, сол мәтінді жаңа әліпбиімен жазу керек.