СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: «Өзін-өзі тану»
Тақырып: Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінік беру. Өзін-өзі тануға қызығушылығын арттыру. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек пішіні, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: шаттық шеңбері, «өзін-өзі тану» әлемі, әдепті, қамқор, мейірімді, шыншыл.
Қостілділік компоненті: шаттық шеңбері-круг радости.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:

Іс-әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Шаттық шеңбер өткізеді. -Балалар, біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Шеңбер құрайық. Шеңбер күн сияқты жылы, дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет-жүзін, күлкісін көре алады. Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлайық! | Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар төмендегі өлең жолда-рын тәрбиешімен бірге қайталайды. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Әңгімелесу. - Балалар, біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастай-мыз. «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлықтар дайындап қойыпты (хрестоматияны көрсетеді). - Бұл барлығымызға ортақ-«ақылды кітап». Біз бұл кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, өнегелі сөздермен танысамыз. Шығарма кейіпкерлері бізді жақсылық жасауға, мейірімді, қайырымды, кешірімді, адал болуға үйретеді. - Келесі сыйлық «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхаттағы ақылды көмекшіміз «Дәптер» - Біз саяхатымызда бірнеше аялдамаларға тоқталамыз. «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар? Бүгіннен бастап біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастаймыз. Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып, үйренеміз. Олар –сүйіспеншілік, мейірімділік, әдептілік, қамқорлық, шыншылдық, тазалық, достық, бірлік деген адами қасиеттер. Ойын «Сиқырлы қоржын». Дәптермен жұмыс. Дәйексөз. Тәрбиеші «Адамның жүрегі-сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген халық даналығын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті. Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашуларыңа болады. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. -Балалар, бүгін неге ерекше күн? Жүректен жүрекке. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның «сүйіспеншілік жүрегі» екенін айтады. | Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді. Балалар «Өзін-өзі тану» әлемінің сыйлықтарының аттарын жатқа айтады. Балалар жауап береді. - Суретте бейнеленген бақытты балалардың әрқайсысының өз отбасы, достары, қоршаған әлемі, Отаны бар екен. Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Балалар бүгін үйрен-ген өнегелі сөздерді қайталап айтады: - Адам бойындағы жақсы қасиеттер – құнды қасиеттер. - Мейірімді, айналаға сүйіспеншілікпен қарайтын балалар – жақсы балалар. - «Шаттық шеңбері» - ол жылулық, қуаныш сыйлайтын шеңбер. Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар жүректі кезекпен бір-біріне ұсынып тұрып, бір-бірін жақсы көре-тіндіктерін айтады. - Айдана, мен сені жақ-сы көремін. - Рақмет. - Рамазан, мен де сені жақсы көремін. |
Рефлексивті- түзетуші | Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Балалардың өз-өздеріне деген қызығушылық әсерлері артады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
- Өзін және өзгелерді тану біліктілігі болу керек.
Болу керек:
- «Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсініктері болу керек.
Істей білу керек:
- Шаттық шеңберін, ғажайып сөздерді айта білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: «Өзін-өзі тану»
Тақырып: Адам болам десеңіз.
Мақсаты: «адамгершілік», «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, хрестоматия, суреттер, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: адамгершілік, мейірімділік, шыншылдық.
Қостілділік компоненті: адамгершілік-человечность.
Іс-әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Шаттық шеңбер өткізеді. -Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. «Жақсы сөз жанды жадыратады», - дегендей біз бүгін бір-бірімізге мақтау айтайық. | Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар бір-біріне мақтау айтады. -Шырын сен өте тапқырсың. -Алдияр, сен тамаша адамсың. |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Әңгімелесу. - Балалар, біз қандай адамды «жақсы адам» деп атаймыз? - «Жақсы адам» болу үшін не істеу керек? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, әрқашан үлкендерге, достарыңа көмектесіп, қолғанат болсаңдар, сыйласаңдар, сендерден тәрбиелі, мейірімді жақсы азамат шығады. Әңгімелеу. Тәтбиеші В. Осееваның «Үш ұл» әңгімесін оқып береді. -Сендерге осы балалардың қайсысы ұнады? Неліктен? -Өздерің аналарыңды қалай сыйлайсыңдар? Дәйексөз. Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала - қуаныш» деген мақалды бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетінің дәйексөзі ретінде түсіндіреді. -Жақсы бала жақсы істерімен ата-анасын, туған-туыстарын, ел-жұртын, достарын қуантады. Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ойын. «Белсенділік жаттығуы» Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің берген тапсырмаларымен әр түрлі қимылмен, ыммен көрсетеді. -Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттер-сүйіспеншілік, мейірімділік, әдептілік, қамқорлық, шыншылдық, тазалық, достық, бірлік деген адами қасиеттер. Дәптермен жұмыс. -Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.
Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке. | Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді. -Жақсы адам болу үшін жасы кішілерді ренжітпеу, үлкендерді сыйлау, әрдайым көмекке ұмтылу, екбек етуден қашпау керек. Балалар түсінгендерін айтады, балалар сұраққа жауап береді. -Үшінші бала ұнады, себебі ол анасына көметесті. - Суретте бейнеленген бақытты балалардың әрқайсысының өз отбасы, достары, қоршаған әлемі, бар екен. Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Балалар бүгін үйрен-ген өнегелі сөздерді қайталап айтады: - Адам бойындағы жақсы қасиеттер – құнды қасиеттер. - Мейірімді, айналаға сүйіспеншілікпен қарайтын балалар – жақсы балалар. Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар жүректі кезекпен бір-біріне ұсынып тұрып, бір-бірін жақсы көре-тіндіктерін айтады. - Айдана, мен сені жақ-сы көремін. - Рақмет. - Рамазан, мен де сені жақсы көремін. |
Рефлексивті- түзетуші | Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Балалардың өз-өздеріне деген қызығушылық әсерлері артады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
- Өзін және өзгелерді тану біліктілігі болу керек.
Болу керек:
- адамгершілік туралы алғашқы түсініктері болу керек.
Істей білу керек:
- Шаттық шеңберін, ғажайып сөздерді айта білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:__________________
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: «Өзін-өзі тану»
Тақырып: Мен қандай баламын.
Мақсаты: Әрбір баланың жеке тұлға екенін түсіндіру. Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.
Сөздікпен жұмыс: шаттық шеңбері, «өзін-өзі тану» әлемі, әдепті, қамқор, мейірімді, шыншыл.
Қостілділік компоненті: шаттық шеңбері-круг радости.
Іс-әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Шаттық шеңбер өткізеді. -Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші! Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық. | Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, мақтау сөз айтады. -Сен ақылдысың. -Сен мықтысың. -Сен әдемісің. |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Әңгімелесу. - Балалар, біз «Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы бірінші аялдамаға назар аударайық. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? Деген сұраққа жауап тауып, қандай бала болу керектігін үйренетін боласыңдар. Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық. Әңгімелеу. «Айна» ертегісі. Ойын «Мен қандаймын?». Мақсаты: өз бойындағы ерекшеліктерді тани білуге үйрету. Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, барлық балалар қай жағынан бір-біріне ұқсайды екен? Өзіммен-өзім. -Балалар ыңғайланып отырыңдар көздеріңді жұмыңдар. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған бір-бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар. Бәрің әдемі сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Енді әрқайсымыз армандап көрейікші.Жайлы музыка әуені орындалады. -Ал енді көздеріңді ашыңдар қыздар және ұлдар не туралы армандайды екен? -Барлығыңның армандарың ерекше екен осы армандарыңнын орындалуына тілектеспін. Дәйексөз. Тәрбиеші «» Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашуларыңа болады. Қорытындылау. -Балалар, бүгін неге ерекше күн? Жүректен жүрекке. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның «сүйіспеншілік жүрегі» екенін айтады. | Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді. Балалар «Өзін-өзі тану» әлемінің сыйлықтарының аттарын жатқа айтады. Балалар жауап береді. - Суретте бейнеленген бақытты балалардың әрқайсысының өз отбасы, достары, қоршаған әлемі, Отаны бар екен. Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Балалар бүгін үйрен-ген өнегелі сөздерді қайталап айтады: - Адам бойындағы жақсы қасиеттер – құнды қасиеттер. - Мейірімді, айналаға сүйіспеншілікпен қарайтын балалар – жақсы балалар. - «Шаттық шеңбері» - ол жылулық, қуаныш сыйлайтын шеңбер. Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар жүректі кезекпен бір-біріне ұсынып тұрып, бір-бірін жақсы көре-тіндіктерін айтады. - Айдана, мен сені жақ-сы көремін. - Рақмет. - Рамазан, мен де сені жақсы көремін. |
Рефлексивті- түзетуші | Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Балалардың өз-өздеріне деген қызығушылық әсерлері артады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
- Өзін және өзгелерді тану біліктілігі болу керек.
Болу керек:
- «Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсініктері болу керек.
Істей білу керек:
- Шаттық шеңберін, ғажайып сөздерді айта білу керек.
Өткізген:_________________________________
Тексердім:________________________________
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:__________________
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: «Өзін-өзі тану»
Тақырып: Түсінісу мен кешіруді үйренеміз.
Мақсаты: «Кешірім», «Өз ара түсіністік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту, кешірім, түсінісу сөздерінің мағынасын түсіндіру. Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту. Өз ара сенім мен түсіністікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: шаттық шеңбері, «өзін-өзі тану» әлемі, әдепті, қамқор, мейірімді, шыншыл.
Қостілділік компоненті: шаттық шеңбері-круг радости,кешірім-прощение.
Іс-әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Шаттық шеңбер өткізеді. -Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші! Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық. | Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, мақтау сөз айтады. -Сен ақылдысың. -Сен мықтысың. -Сен әдемісің. |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Әңгімелеу. «Неліктен ойнамайды?» С.Сарғасқаевтың әңгімесі. Сұрақ: - Аман неліктен балалар мен бірге ойнамады? - Балалар сендер оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашуларыңа болады. Ойын-жаттығу: «Досыңды кешір» Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер: «Кешірім сұрау - әдептілік» «Түсінісу – жақсы қасиет » Қорытындылау. -Балалар, бүгін біз түсінісу мен кешірім сұрауды үйрендік. Жүректен жүрекке. М. Жаманбалиевтың «Бөбек жырын» балалармен бірге айтады. | Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді. Балалар тынышталып, дем алып тынығады. Ойын шартын қадағалап қызығушылықпен ойнайды. Ғажайып сөздері жаттайды. Біз қандаймыз,кандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күн дейміз, Ренжісуді білмейміз. |
Рефлексивті- түзетуші | Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Балалардың өз-өздеріне деген қызығушылық әсерлері артады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
- Өзін және өзгелерді тану біліктілігі болу керек.
Болу керек:
- «Кешірім», «Өз ара түсіністік» адамгершілік қасиеттері туралы түсініктері болу керек.
Істей білу керек:
- Шаттық шеңберін, ғажайып сөздерді айта білу керек
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:__________________
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: «Өзін-өзі тану»
Тақырып: Бәрі де татулықтан басталады.
Мақсаты: Отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы татулық туралы түсінік беру, отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекі құралдар: Дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: Татулық, сыйластық, отбасы және т.б.
Қостілділік компоненті: шаттық шеңбері-круг радости, татулық – дружба.
Іс-әрекет Кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Шаттық шеңбер өткізеді. - Мұқағалы Мақатаевтың Мына өлеңін тыңдайық:
| Балалар шеңбер құрып тұрады. Анам маған – үлкенді сыйла деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне, сыйға берем. |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Әңгімелеу. Н. Қадырбаевтың «Мейірім» әңгімесін оқиды. Сұрақ:
Дәйексөз: «Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле» деген нақыл сөзді түсіндіреді. Сергіту сәті. Атамның алып күрегін, Ауланың қарын күредім. Әжеме мен құдықтан, Су әкеліп беремін. Еденді де жуамын, Шаң тозаңды қуамын. Ойын «Ғажайып сандықша» Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашуларыңа болады. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер: «Үлкендерді құрметті» «Ата-анаңды сыйла,ренжітпе» Қорытындылау. -Жақын адамдарды сыйлау, жақсы көру, қамқор болу қажеттігі туралы білдік. Жүректен жүрекке. Балалар шеңберге жиналып, тәрбиешімен бірге жолдарын қайталайды. | Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді. Нақыл сөздерді қайталап, жаттайды. Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды, тынығып, сергіп алады. Ойын шарттарын мұқият тыңдап, ережені сақтай отырып белсене қатысу. Ғажайып сөздері жаттайды. Әкем, шешем және мен, Тату – тәтті тұрамыз. Сыйластықпен, махаббатпен, Сауық-сайран құрамыз! |
Рефлексивті- түзетуші | Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | Балалардың өз - өздеріне деген қызығушылық әсерлері артады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
- Өзін және өзгелерді тану біліктілігі болу керек.
Болу керек:
- «Татулық», «Сүйіспеншілік», «Отбасы» туралы түсініктері болу керек.
Істей білу керек:
- Шаттық шеңберін, ғажайып сөздерді айта білу керек.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Менің сезімдерім.
Мақсаты : адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру. Адамның сезімдері туралы түсінік беру. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздікпен жұмыс: сезімдер, әдептілік.
Қостілділік компоненті: сезімдер-чувства, көңіл-күй-настроение.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып балаларға айтқызады. | Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!
|
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі. -Бүгін көңіл-күйлерің қандай? -Адамның неліктен көңіл-күйі өзгереді? -Балалар, бүгін біз сендер-мен адамның көңіл-күйі, сезімдер жайлы әңгімеле-семіз. Адам сезімдері арқылы айнала қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстардың адамға әсерін сезініп, байқап, қабылдайды. Адамның сезімі оның көңіл-күйіне, ниетіне байланысты әр түрлі көрініс береді. Яғни, адамның сезімі өзіне, басқа адамдарға, айнала-
сындағы дүниеге қатынасын бейнелеп тұрады.
Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады, тәрбиеші балаларға өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Әдептілік әлемі. Е. Өтетілеуұлы
Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты. Пышақты ұста оң қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр-салақ болмағын. Салма аузыңа инені, Үзбе жұлқып түймені. Ашуланбай, долданып, Жауап бергін ойланып. Құр бекерге қылтима, Болмашыға бұртима. Іштарлыққа жол берме, Бақталастық білдірме. Мақсат қоймай алдыңа, Қыдырып құр, қаңғырма! Сыйлап үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамға ал «тілін». Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.
Ойын: «Көкпар» қимылды ойыны.
Сахналау. «Жақсы көңіл-күй сыйлаймыз»
Ғажайып сөздер. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
-Көңіл-күйім жақсы. -Көңіл-күйім қуанышты. -Адам қуанғанда, ренжігенде көңіл-күйі өзгереді.
Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар төмендегідей жұптасып тұрады: -үлкен мен кіші -ата мен бала - әже мен бала -ана мен бала -әке мен бала -іні мен қарындас Болып бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтады.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. -Көңіл-күйіңді басқара біл! -Сезімтал бол! Жақсы көңіл-күй жанды жадыратады.
Балалар шеңберге тұрып, «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз сезімдеріне қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Өз көңіл-күйі жайлы әңгімелей білу керек.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Менің туған күнім.
Мақсаты : Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы т үсінік беру. Туған күн қуанышы туралы түсінік беру. Өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздікпен жұмыс: жақсы тілек, жақсы сөз.
Көрнекілік құралдар: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.
Қостілділік компоненті: туған күн – день рождения.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді.
| Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Қуаныш көңілді сергітеді Нақыл сөз.
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі.
-Сен үшін отбасыңда қай күн ең қуанышты күн?
- Балалар, туған күн – әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелердің бірі. Адам дүниеге келгенде айналасындағылардың бәрі қуанады.
- Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады.
- Сондай жақсы тілектерді бір-бірлеріңе айтыңдаршы.
Үй іші түгел көңілді, Шат күлкілер төгілді. Қуаныштың себебін Айта алады, қане, кім? Дастарқан толы дәмді астар, Тегін емес думанды үн. Жиналды барлық шын достар, Өйткені бізде туған күн.
Әңгімелеу. Тәрбиеші Н.Қадырбаевтың «Туған күн» әңгімесінен үзінді оқып береді, балаларға сұрақ қояды.
Дәйексөз. Тәрбиеші дәйексөз ретінде «Қуаныш көңілді сергітеді» деген нақыл сөзді түсіндіреді.
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс.
Ойын «Қуаныш сыйлау»
Ғажайып сөздер
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар бір-біріне туған күнге байланысты жақсы тілектер айтады.
-Туған күніңмен құттықтаймын.
-Саған мықты денсаулық тілеймін.
-Сабағыңды жақсы оқы.
Балалар тәрбиешінің оқыған өлеңін қызыға тыңдайды.
Әңгімені тыңдап балалар сұрақтарға келесідей жауаптар береді.
-Нұрланның атасы ең бірінші болып құттықтады, бала атасының ықыласына қуанды.
-Біз туған күн жасағанда мол дастарқан жаямыз, сыйлықтар аламыз.
Ойын кезінде балалар жартылай шеңбер құрады. Бір бала туған күн йесі, ал екі бала хат тасушы болады. Хат тасушылар туған күн йесінің қасына тұрады. Бір орындықтың үстінде сыйлықтар жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша хат тасушылар орындықтың үстінен ашық хатты алып, туған күн йесіне бір мезгілде ұсынады. Кім бірінші ашықхатты ұсынса, сол жеңеді. Жеңілген бала ән немесе тақпақ айтады.
Қандай жақсы туған күннің болғаны, Әр жыл сайын бір жасқа адам толады. Көк төсінде жұлдызымыз жайнады, Көңіліміз көтеріңкі, жайдары. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Балалар туған күн мерекесіне деген ерекше қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Туған күн мерекесі жайлы әңгімелей білу керек.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Менің есімім.
Мақсаты : Әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін ұғындыру.
Адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру.
Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Өзара жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.
Сөздікпен жұмыс: қыздардың, ұлдардың есімдері.
Қостілділік компоненті: есім – имя.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. -Әрқайсыларың өз есімдеріңді айтып, бас әрпіне сай келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді атаңдар. | -Менің есімім – Абзал, мен ақылдымын. -Менің есімім – Дамир, мен дарындымын. -Менің атым – Шырын, мен шыдамдымын. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. | Тәрбиеші балалармен әңгіме-леседі. -Балалар, сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме? -Есімдерің өздеріңе ұнай ма? -Сендерге бұл есімді кім қойғанын білесіңдер ме?
Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады. Әңгімелеу. Тәрбиеші балаларға адам есімдерінің сырын ұғындыру мақсатында мәтіндерді оқып береді. Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.
«Әйбәт есімдер» К. Ыбыраев «Қыздардың есімі» Э.Фарджен «Ұлдардың есімі» Э.Фарджен Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын: «Мадақтау» Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәйексөз.
«Жұлдызың жоғары болсын!» деген нақыл сөзді тәрбиеші дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Жүректен жүрекке. Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне есімдерін айтқызып, жақсы тілек білдірулерін ұсынады. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар төмендегідей жұптасып тұрады: -үлкен мен кіші -ата мен бала - әже мен бала -ана мен бала -әке мен бала -іні мен қарындас Болып бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтады.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар шеңберге тұрып, тілектер айтады.
-Аружан, саған бақыт тілеймін. -Сабина, саған денсаулық тілеймін. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз есімдеріне қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Әдептілік жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Мен осындай адаммын.
Мақсаты : Жақсы қасиеттер туралы қарапайым түсінік беру. Адамның жақсы қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту,бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: қамқорлық, ізет, кішіпейілділік.
Қостілділік компоненті: мәдениетті-культурный, сыпайы-вежливый.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып балаларға айтқызады. | Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!
|
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі. Тәрбиеші Е. Өтетілеуовтың «Ізгі сөздер» өлеңін оқып береді. Бақшамызға барғанда, Жолыққан бір жандарға, Ертемен, ақ пейілмен: «Қайырлы таң!»-деймін мен. Күндіз де елді елеймін: «Қайырлы күн!» тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!»-деп кіремін.
Жағдаяттар.
-Далада серуен кезінде ойнап жүрген Дәулет Алияны қағып кетті. Алия құлап қалды.
-Сендер Дәулеттің орнында не істер едіңдер? -Балабақшадан қайтар кезде Серік киініп, үндеместен кетіп қалды. Ол нені ұмытты?
Әңгімелеу. Ә. Дүйсенбиев «Мен – осындай адаммын!»
-Шығармадағы бала қандай?
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәйексөз. Тәрбиеші «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді. Сергіту сәті: Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Саусақ, саусақ, саусақ. (саусақпен сартылдату) Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)
Дәптермен жұмыс.
Ғажайып сөздер.
«Қайырлы күн!», «Қайырлы таң!», «Сау болыңыз!», «Кешіріңіз!», «Өтінемін!», «Ғафу етіңіз!».
Қорытындылау. -Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Жүректен жүрекке.
|
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар жағдаяттар шығу жолдарын айтады:
-Дәулет Алиядан кешірім сұрап, түрегелуіне көмектесу керек. -Қоштасып, «Сау болыңыз» деп айтуды ұмытты.
Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
-Шығармадағы бала еңбекшіл, жақсы бала.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар суреттегі ұл бала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп береді.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Шыншылдық, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу.
-Дана, сен ақылдысың, сол үшін саған рақмет. -Арман, саған батырлы-ғың үшін рақмет. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз бойларындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Жақсы қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Менің туыстарым.
Мақсаты : «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру. Туыстарға деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: үнтаспа, дәптер, хрестоматия, суреттер, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: қамқорлық, ізет, кішіпейілділік.
Қостілділік компоненті: мәдениетті-культурный, сыпайы-вежливый.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | -Сен әдептісің. -Сен мейірімдісің. -Сен ақкөңілсің. -Сен шыншылсың. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Өзіммен-өзім. -Балалар көздеріңді жұмып, жайғасып отырыңдар. -Сендердің отбастарыңда тамаша мереке өтіп жатыр. Үйлеріңнің іші қуанышқа, шаттыққа толып кетіпті. Отбасы мүшелерінің барлығы мәз-мейрам. Әдемі түрлі-түсті шарлар әуеде қалықтап жүр. Ата-анала-рыңмен бірге шаттана қуанып, ойнап, күліп, би билеп жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымыз-ды әңгімелейік.
Әңгімелеу. Тәрбиеші Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін мәнер-леп оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.
Бес саусақ Бас бармағым – атам, үйдің данасы. Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы. Ортан терек – әкем, отау панасы. Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары. Титтей бөбек – мен, бәрінің базары. -Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.
Дәйексөз.
Тәрбиеші «Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды» деген нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын. «Дүкен» Тәрбиеші дүкенде жүрекше, күн, жұлдызша, машина сияқты заттар сатылатынын айтады. -Бұл жай дүкен емес, сиқырлы дүкен. Әрқайсыла-рың осы дүкеннен өз туыстарыңа бір нәрсе сатып алып, оны не үшін алғандарыңды айтып беріңдер.
Сергіту сәті: Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Саусақ, саусақ, саусақ. (саусақпен сартылдату)
Дәптермен жұмыс.
Ғажайып сөздер.
Туыстарымызды сыйлаймыз. Туыстарымызбен татумыз.
Қорытындылау. Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған – туысымыз бар.
Жүректен жүрекке.
Балалар ойыншық жүрекше-ні қолдарыңа алып, бір-біріңе ұсынып, өз туыстары-ңа тілек білдіріңдер.
|
Балалар көздерін жұмып, айтылған әрекеттерді елестетуге тырысады.
Өлеңді ынта-зейінмен тыңдайды.
Балалар өлеңнің мазмұнын айтады.
Балалар нақыл сөзді жаттап алады.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Әр бала жауабын айтады. -Мен сіңіліме жүрекше сатып алдым, себебі ол мейірімді болса екен деймін. -Мен ініме жұлдызша сатып алғаным, ол жарқыраған жұлдыздай болса екен деймін.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Дәптердегі туыстық ағашындағы торкөздерге өз туыстарының суретін салады.
-Туыстарды жақсы көріп, қамқорлық көрсетіп отыру керек.
-Мен туыстарыма денсаулық тілеймін. -Менің туыстарым көңілді жүрсе екен деймін. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз жақындары мен туыстарына деген қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Жақындары мен туыстары жайлы әңгімелей білу керек.
Өткізген:
Тексердім:
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Отбасылық мерекелер.
Мақсаты : Отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту. Қуанышты көңіл-күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, ватман, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, шарлар, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: мереке, жаңа жыл.
Қостілділік компоненті: отбасылық мерекелер-семейные праздники.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып балаларға айтқызады. | Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!
|
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі. -Балалар қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгін біз сендермен Жаңа жыл мейрамы туралы әңгімелесеміз. Жаңа жыл мерекесінің ерекшеліктерін атайды.
Өзіммен – өзім. «Менің арманым» Үнтаспадан әдемі әуен естіледі. -Әр адамның арманы болады. Үлкендер, туған-туыстар бір-біріне «Арманың орындалсын!» деп тілек білдіреді. Біз де армандап көрейік. Өздеріңді жаңа жылдық мейрамда жүрміз деп елестетіңдер. Ортада үлкен шырша тұр. Аяз Ата мен Ақшақар әр баланың сүйікті ойыншығын таратып жүр... Арманың оындалды. Көздеріңді ашыңдар.
Дәйексөз. Тәрбиеші «Көңілді үйде күнде мейрам» нақыл сөзін дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын «Шыршаны безендірейік»
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті: Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Саусақ, саусақ, саусақ. (саусақпен сартылдату) Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)
Ғажайып сөздер.
Жаңа Жыл бақыт, қуаныш әкелсін! Жаңа Жыл құтты болсын!
Қорытындылау. -БүгінЖаңа Жыл мерекесі отбасылық мерекелерінің бірі екенін білдік. Жаңа Жылда тілеген арман-тілектер орындалады.
Жүректен жүрекке.
-Бір-біріңе жақсы тілектеріңді білдіріңдер. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
-Жаңа Жыл мерекесі. -Туған күн. -8 Наурыз – аналар мерекесі.
Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмады.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар Жаңа Жылға тілегін айтып, шыршаға ойыншықтарды іледі.
Суретті бояйды, отбасындағы Жаңа Жыл мерекесі туралы айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Жаңа Жылда жақсылық болсын! Жаңа Жылда молшылық болсын!
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Отбасылық мерекелерге, Жаңа Жылға қызығушы-лықтарын білдіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Отбасылық мерекелер жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Отбасындағы қуаныш.
Мақсаты : «Бақыт», «қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру. Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету. Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: дәптер,суреттер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: ата, әже, ана, әке.
Қостілділік компоненті: отбасы-семья.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. Е. Өтетілеуовтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тәрбиешіге қосылып балаларға айтқызады. | Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар... Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Өзіммен-өзім. -Балалар жайланып отырып, көздеріңді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды көз алдарыңа елестетіңдер. Үйіміз қандай әдемі. Бөлмеміз жайлы, жинақы. Ата-апамыз, әкеміз, анамыз, әпкеміз, ағамыз дастарқан басына жиналыпты. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, бәрі көңілді!
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі. Тәрбиеші Ә. Табылдының «Арұлан» әңгімесін кідіріс жасап, сұрақ қоя отырып оқып береді.
Дәйексөз.
Тәрбиеші «Балалы үй базар» мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Дәптермен жұмыс.
Ойын «Менің отбасым»
Сергіту сәті: Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Саусақ, саусақ, саусақ. (саусақпен сартылдату)
Ғажайып сөздер. Менің отбасым бақытты. Менің отбасым тату.
Қорытындылау. -Біз өзіміздің отбасымыз туралы әңгімелестік, оларды сыйлауға , жақсы көруге, көмектесуге үйрендік.
Жүректен жүрекке. |
Балалар көздерін жұмып отырып, отбасыларын елестетіп, қуанышты сезіммен көздерін ашып, сұрақтарға жауап береді.
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Мақалды ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Өз отбасылары жайлы жағымды нәрсе айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар шеңберге жиналып, Е.Хасанғалиев, Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» әнін айтады. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Отбасындағы қуаныштарға қызығушылықтарын білдіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Отбасындағы қуаныштар жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Достық неден басталады?
Мақсаты : «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Достаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, қамқорлық.
Қостілділік компоненті: достық-дружба.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | -Сәлеметсің бе, Сәуле? Мен сенің досыңмын. -Сәлем, Жандос, мен сенімен дос болғым келеді. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Тәрбиеші балалармен әңгі-мелеседі. -Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы үшінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Әңгіме құрастырыңдар. -Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу. В.Осеева «Үш жолдас»
Дәйексөз. Тәрбиеші «Достық асыл қасиет» халық даналығын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын. «Менің досым...»
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат
пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздерің-ді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті:
Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)
Ғажайып сөздер.
Достар тату, мейірімді болады. Достар бір-біріне көмектеседі.
Қорытындылау.
-Жақсы дос болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Жүректен жүрекке. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар әңгіме құрастырады.
Балалар әңгімені ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
-Шығармадағы үшінші бала нағыз дос, жақсы бала.
Балалар достарының суретін салып, ол жайлы әңгімелейді.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Шыншыл, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу керек.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. | Өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Достық, достар жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік» орта
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Дос болайық бәріміз.
Мақсаты : «Адалдық», «Адал дос» туралы түсініктерін кеңейту. Адал дос туралы түсінік беру. Адалдыққа, достыққа,көпшіл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, адал дос.
Қостілділік компоненті: .
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. М.Төрежанов «Адал дос» -Екі баланың достығын неге адал, шынайы деп аталады? -Сен Абланның орнында болсаң не істер едің?
Дәйексөз. Тәрбиеші «Адал дос алтыннан да қымбат» халық мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын. «Нағыз дос болайық!» Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең зиянды дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейірбан дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз сараң дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз жақсы дос болып. (қайырымды, қамқор, ұйымшыл, тату, нағыз, т.с.с.)
Дәптермен жұмыс.
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздерің-ді ашсаңдар да болады.
Сергіту сәті: Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)
Ғажайып сөздер.
Достық жақсы қасиет. Мен адал, сенімді, мейірбан, жақсы доспын.
Қорытындылау.
-Адал дос болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
Жүректен жүрекке. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарында жақсы қасиет аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп, қол соғады. Жаман қасиет аталғанда, артқа бір қадам жасап, «бізде ондай бала жоқ» дейді.
Балалар мысықтың ақ тиінге қалай көмектескені жайлы айтады, суретті бояйды.
Балалар тыныштық сәтіне беріліп, дем алады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Шыншыл, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу керек.
Балдырған баламыз, Досты көп табамыз, Қашан да, қайда да! Достар бір-біріне, Сенімді боламыз! |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. | Достарының бойындағы жақсы қасиеттерге алғыс білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Адал достық, адал достар жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Достық бірлікте.
Мақсаты : «Достық», «Бірлік» құндылықтары туралы түсінік беру. Достарға деген қамқорлық, бірлікшіл қарым-қатынасқа үйрету. Достаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, қамқорлық, бірлік.
Қостілділік компоненті: бірлік-единство, достық-дружба.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Достығымыз берік боп, Бекітейік беріп қол. Қуанышты шеңберге, Қандай жақсы қол берген! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. Е.Өтетілеуов «Бірлік»
-Балалардың ісінен қандай жақсы қасиетті байқауға болады? -Сенің достарыңа, достарыңның саған осындай көмек көрсеткен кезі болды ма?
Дәйексөз. Тәрбиеші «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»деген мақалды дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен тыныштық-қа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын. «Көпір»
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті:
Бас, йық, тізе, саусақ. Бас, йық, тізе, саусақ. Көз, мұрын, көз, мұрын, Құлақ, ерін, құлақ, ерін. (жылдамдатып тез-тез қайталату)
Ғажайып сөздер.
Достық бірлікте. Бірлік түбі – береке.
Қорытындылау.
-Бірлік – бұл балалардың арасындағы ынтымақтық, ауызбірлік, татулық. Әрқашан отбасында, балабақшада ұйымшыл болу керек.
Жүректен жүрекке.
|
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар өз тәжірибелерінен мысал келтіреді .
Балалар достарының суретін салып, ол жайлы әңгімелейді.
Еденге ұзынша лента «көпір» ретінде төселеді. Лентаның екі шетінен екі топтың балалары бір- біріне қарама-қарсы шығады.
Суретті бояйды.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балдырған баламыз, Қашан да, қайда да Бір-бірімізбен Бірлікте боламыз! |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. | Өз достарының бірлікшіл, ұйымшыл қасиеттерге қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Достық, бірлік жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Менің кішкентай достарым.
Мақсаты : «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру. Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, қамқорлық, үй жануарлары.
Қостілділік компоненті: қамқорлық-забота.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші Қ.Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар «Мен» деген сөзді хормен айтады. Тәрбиеші балаларға ойынщық мысықты береді. Балалар мысықты сипап, жылы сөздер айтады. | -Жүрегім кім менің? -Мен. -Тірегім кім менің? -Мен. -Жаным кім менің? -Мен. -Мен. -Сәнім кім менің? -Ботақаным, бағлан қозым, -Неткен тәтті баласың өзің. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. «Ит пен мысық адамға қалай дос болды» ертегісі.
Дәйексөз. Тәрбиеші «Өміріміздегі ең ізгі нәрсе - достасу» деген халық даналығын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді
көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын. «Аңдар әні»
Дәптермен жұмыс. «Менің кішкентай достарым»
Ғажайып сөздер.
Қамқорлық – жақсы қасиет. Жануарларға қамқормын.
Қорытындылау.
-Біздің кішкентай достарымыз ит пен мысықты жәбірлемей, қамқорлық көрсету қажет.
Жүректен жүрекке.
Балаларды шеңберге тұрғызып, ойыншық күшікті қолына алып, қамқорлық туралы айтуды ұсынады. Балалар күшікті шеңбер бойымен бір-біріне береді. |
Балалар ертегіні тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді жаттайды.
Балалар тынышталып, дем алады.
Мысық отыр жайғасып, Қолымен құлағын сипалап. Қимылды байқап жасайық, Жасайық соны қайталап. 1,2,3 қане, қайтала (3 рет) Тағы қайтала.
Ит отыр абалап, Үлпілдек құйрығын сабалап. Қимылды байқап жасайық, Жасайық соны қайталап. 1,2,3 қане, қайтала (3 рет) Тағы қайтала
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Менің кішкентай күшігім, мен сені тамақтандырамын. -Менің күшігім, мен сені жақсы көремін. -Күшігім, саған әкем екеуіміз үйшік жасаймыз, сен суықта тоңбайсың.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өздерінің үй жануарларына қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Үй жануарларына деген қамқорлық жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Достық көмек
Мақсаты : «Достық» ұғымын, оның құндылығы туралы түсінік беру. Достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру. Өзара татулық сезімдерін дамыту. Өзгеге көмектесе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, бірлік.
Қостілділік компоненті: достық-дружба.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. Тәрбиеші С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесін оқып береді, сұрақтар қояды.
Дәйексөз. Тәрбиеші «Адам достығымен күшті» халық мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Гүл-гүл жайнап жанамыз Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
Ойын. «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»
Дәптермен жұмыс.
-Достарыңа арнаған ашықхаттың суретін салыңдар. Оны қиып алып достық ағашына бекітіңдер.
Тыныштық сәті.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Шығармашылық ұжымдық жұмыс.
«Достық шеңбері». -Алақандарымызды бояуға салып, үлкен ватманға бастырып шығайық. Қараңдаршы, қандай түрлі-түсті, үлкен, әдемі, «жылы» шеңбер пайда болды. Үнемі біздің достығымыз үзілмей, шексіз бола берсін. Бір – бірімізге жылы лебіз, тілектерімізді білдіріп, достасып жүрейік.
Ғажайып сөздер.
Шынайы достық қуаныш әкеледі. Адал достар үнемі бір-біріне көмекке дайын болады. Достарым көп болсын десең, өзің жақсы бол.
Қорытындылау.
-Біз «Өзін-өзі тану» әлемінің «Достық» аялдамасында көптеген жақсы қасиеттермен таныстық. Ол жақсы қасиеттер бір-бірімізбен татулыққа, достыққа, түсінушілікке, бірлікке, кешіруге үйретті.
Жүректен жүрекке.
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, Е.Өтетілеуұлының өлең жолдарын айтады. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің сұрағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар шығармашылық жұмысты қызығушылықпен орындап, өз жұмыстарын тамашалайды.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Достар шыншыл, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу керек.
Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да, қайда да. Достар бір-біріне Сенімді боламыз. Екі деген екі дос, Бірін-бірі қимайтын. Артық-кемді етпей сөз, Бірін-бірі сыйлайтын.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Достық, достар, жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Сәлемдесе білемін.
Мақсаты : Балаларға сәлемдесу, амандасу туралы түсінік беру. Балаларды сәлемдесе білуге үйрету. Балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: сәлемдесу, амандасу.
Қостілділік компоненті: Сәлеметсіз бе! - Здравствуйте!
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. | Әңгімелесу. -Балалар, бүгін біз сәлемдесу, амандасу туралы әңгімелесеміз. -Сендер қалай ойлайсыңдар, адамдар неге бір-бірімен амандасады?
-Дұрыс айтасыңдар! Сәлемдесу, амандасу – Адамдардың бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі. Амандық, денсаулық, жақсылық тілеуі.
-Ал сендер үлкендермен қалай амандасасыңдар?
Әңгімелеу. Ө.Ақыпбеков «Сәлем берем үлкенге»
Дәйексөз. Тәрбиеші «Сәлем – сөздің анасы» мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Тыныштық сәті.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын. «Қалай амандасу керек?»
Дәптермен жұмыс. -Берілген суретте балалар амандасудың қандай түрлерін пайдаланды деп ойлайсыңдар? Әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.
Ғажайып сөздер. «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?», «Асслаумағалейкүм!», «Уағалейкүмассалам!», «Қош бол!», «Сау бол!»
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке. |
-Бір-бірінің қалын сұрайды. -Амандығы жайлы сұрайды.
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар ойын барысында ұлдарға, қыздарға, аталарға қалай амандасу қажеттігін көрсетеді, амандық жайлы жауап береді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. | Өз достарымен амандасу маңызына қызығушы-лықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Амандасу түрлері, маңызы жайлы әңгімелей білу керек.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да.
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Екі деген екі дос,
Бірін-бірі қимайтын.
Артық-кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз!
«Қуаныш» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Жақсылық жасай білейік.
Мақсаты : «Өзара достық», «жақсылық» ұғымын дамыту. Достық қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендермен, құрбылармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Қолынан келген көмегін өзгеге де тигізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, бірлік, сыйластық.
Қостілділік компоненті: .
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер Ана! Амансың ба ,достарым! Сендерді көрсем қуанам.
|
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. Тәрбиеші С.Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқып береді, сұрақтар қояды. -Көгершін мен құмырсқаның бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады? - «Жақсылыққа - жақсылық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз. -Балалар, мейірімді жанның жасаған жақсылығы өзіне жақсылық болып оралды. Біреуге жақсылық жасап, әрқашан қол ұшын беріп, көмектессең, сол жақсылық өзіңе мол бақыт, қуаныш болып оралады деп бекер айтпайды. Тәрбиеші «Жақсылыққа – жақсылық адамдықтың белгісі» деген нақыл сөзді дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті. «Санайық жаңаша» Санайық жаңаша, Бір, екі, үш! Желбіре жалауша,
Достықта – біздің күш
Ойын. «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»
Ойын. «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?!» Тәрбиеші балаларға адамның, құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттерін таратып, сол суретке қарап, олармен дос болу үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсынады.
Тыныштық сәті.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс. Достарыңның суретін салып, бояңдар.
Ғажайып сөздер.
Дақсылық ұмытылмайды. Жақсылық жасау – жақсы адамның ісі.
Қорытындылау.
-Бүгін «Жақсылық» деп аталатын сөздің мағынасын түсініп, білдік. Өзіміздің қандай екнімізді, бойымызда қандай құнды қасиеттердің бар екенін білдік. Айналаңдағыларға жасаған жақсылықтың ұмытылмай-тынына, өзіңе қайтып оралатынына көз жеткіздік.
Жүректен жүрекке.
Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бір жақсылық, Қайтарады саған да. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады. -Адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін байқаймыз. -Егер саған бір адам жақсылық жасаса, сен де бір жақсы істер жасауға тырысуың керек.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Тәрбиешімен бірге жаттайды.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. (санау) (қолдарын жоғары көтеріп, шайқайды) (саусақтарын біріктіріп, айқастыру)
Балалар ойын барысында тәрбиешінің тапсырмасы бойынша құстармен, балалармен, жануарлармен қалай дос болу амалдарын әңгімелеп береді.
Балалар көздерін жұмып, тынышталып, дем алады.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар достарына, жақсылық жасаған қамқор жандарға алғыс білдіру қажеттігін талдайды.
-Достар шыншыл, адал , қамқор , мәдениетті болу керек.
Балалар шеңбер бойына жиналады. Бір-біріне жымия қарап, әдемі күлкілерін сыйлап, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды. |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, толық жауаппен айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың, әңгіменің мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы болу керек.
Істей білуі керек:
Жақсылық, жақсы істер, достық, достар, жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Достық әлемі.
Мақсаты : «Достық» ұғымын, оның құндылығы туралы түсінік беру. Достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру. Өзара татулық сезімдерін дамыту. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, бірлік.
Қостілділік компоненті: достық-дружба.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. Тәрбиеші С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесін оқып береді, сұрақтар қояды.
Дәйексөз. Тәрбиеші «Адам достығымен күшті» халық мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Гүл-гүл жайнап жанамыз Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
Ойын. «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»
Дәптермен жұмыс.
-Достарыңа арнаған ашықхаттың суретін салыңдар. Оны қиып алып достық ағашына бекітіңдер.
Тыныштық сәті.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Шығармашылық ұжымдық жұмыс.
«Достық шеңбері». -Алақандарымызды бояуға салып, үлкен ватманға бастырып шығайық. Қараңдаршы, қандай түрлі-түсті, үлкен, әдемі, «жылы» шеңбер пайда болды. Үнемі біздің достығымыз үзілмей, шексіз бола берсін. Бір – бірімізге жылы лебіз, тілектерімізді білдіріп, достасып жүрейік.
Ғажайып сөздер.
Шынайы достық қуаныш әкеледі. Адал достар үнемі бір-біріне көмекке дайын болады. Достарым көп болсын десең, өзің жақсы бол.
Қорытындылау.
-Біз «Өзін-өзі тану» әлемінің «Достық» аялдамасында көптеген жақсы қасиеттермен таныстық. Ол жақсы қасиеттер бір-бірімізбен татулыққа, достыққа, түсінушілікке, бірлікке, кешіруге үйретті.
Жүректен жүрекке.
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, Е.Өтетілеуұлының өлең жолдарын айтады. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің сұрағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар шығармашылық жұмысты қызығушылықпен орындап, өз жұмыстарын тамашалайды.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Достар шыншыл, қамқор болу, адал болу, мәдениетті болу керек.
Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да, қайда да. Достар бір-біріне Сенімді боламыз. Екі деген екі дос, Бірін-бірі қимайтын. Артық-кемді етпей сөз, Бірін-бірі сыйлайтын.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерге қызығушы-лықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Достық, достар, Жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
Өткізген:
Тексердім:
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Мен қандай баламын.
Мақсаты : Әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру. Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өз-өзін тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.
Сөздікпен жұмыс: .
Қостілділік компоненті: .
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Балалар бір-біріне мақтау айтып, қуаныш сыйлайды. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелесу. -Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы бірінші аялдамаға назар аударайық. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? Деген сұраққа жауап тауып, қандай бала болу керектігін үйренетін боласыңдар.
-Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.
Әңгімелеу. «Айна» ертегі. -Балалар, кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды? -Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?
Ойын. «Мен қандаймын?» Мақсаты: өз бойындағы ерекшеліктерді тани білуге үйрету.
Өзіммен-өзім. -Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған, бір-бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар. Бәрің әдемі, сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Енді әрқайсысымыз армандап көрейікші. Жайлы музыка әуені ойналады. Ал енді көздеріңді ашыңдар. -Қыздар не армандады екен? -Ал ұлдар не армандады екен?
Дәйексөз. Тәрбиеші «Жақсы қыз -жағадағы құндыз, жақсы ұл – аспандағы жұлдыз» халық мақалын дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау – басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау – менің оң қолым, Мынау – менің сол қолым, Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс.
-Достарыңа арнаған ашықхаттың суретін салыңдар. Оны қиып алып достық ағашына бекітіңдер.
Ғажайып сөздер.
Біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Біз бір-бірімізге көмектесеміз.
Қорытындылау.
-Балалар, бүгін біз әрқайсысымыз ерекше тұлға екенімізді, бір-бірімізге ұқсамайтындығымызды, ұлдар – мықты, батыл, қыздар – нәзік, сыпайы болатынын білдік.
Жүректен жүрекке.
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
-Кірпі, қоян, керік орманнан айна тауып алды. -Олар айнадан өздерінің суреттерін көрген.
Балалар ойын барысын-да тәрбиешінің тапсыр-масына байланысты топтарға бөлінді.
Балалар сергіп, дем алып қалады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсынып, ұл бала мен қыз баланың өзіне тән қасиеттерін айтып, тілектерін білдіреді. - Аружан, сен гүлдей нәзік бол. -Ералы, сен батыр бол.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Өз бойындағы жақсы қасиеттерге қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Ұл бала мен қыз баланың бойындағы жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
Өткізген:
Тексердім:
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Қонақ келсе - қуаныш .
Мақсаты : «Қонақжайлылық» ұғымы туралы түсінік беру. Қонақ, қонақжайлылық туралы түсінік беру. Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: үнтаспа, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: достық, бірлік.
Қостілділік компоненті: достық-дружба.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | -Сәлем, Арай. Ақылды болып өс. -Амансың ба, Досан? Үлкендерді сыйла. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелеу. Тәрбиеші «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып береді, сұрақтар қояды.
-Қалай ойлайсыңдар, осы ертегіде түлкі мен тырна бір-біріне қандай қонақжайлылық көрсетті?
Дәйексөз. Тәрбиеші «Қонақ келсе, құт келер» нақыл сөзді дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көзде-ріңді ашсаңдар да болады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Гүл-гүл жайнап жанамыз Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
Ойын. «Қонақ күтеміз» рөлдік ойыны.
Дәптермен жұмыс.
Қонақжайлылық сияқты жақсы қасиеттер бір-бірімізбен татулыққа, достыққа, түсінушілікке, бірлікке тәрбиелейді. |
Балалар ертегіні тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің бағыттауымен шарттарды қадағалап, ойнайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Достарының бойындағы қонақжайлылық қасиетіне қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Қонақжайлылық, жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
Өткізген:
Тексердім:
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Мен көмекшімін.
Мақсаты : «Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу. Көмек, көмектесу ұғымдары туралы түсінік беру. Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру. Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Сөздікпен жұмыс: қолғанат, көмекші.
Қостілділік компоненті: көмекші-помощник.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. | Балалар өлең жолдарын айтады. Арым таза, ақ көңіл, Адалдыққа сенемін. Абыройлы, ақ ниет, Адамдыққа сенемін! |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелесу. -Балалар, шыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу. Тәрбиеші Б.Әлімжановтың «Төгілген қаймақ» әңгімесін оқып береді, сұрақтар қояды. -Дүйсен мен Мереке шындықты айта алды ма? -Олар өтірік айтқанна кейін қандай сезімде болды ?
Дәйексөз. Тәрбиеші «Шыншыл бала – батыл бала» деген нақыл сөзді дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын. «Айна»
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көзде-ріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс.
Ғажайып сөздер. Шыншыл бала-батыл бала. Өтірік өрге баспайды.
Қорытындылау. -Өтірік жаман қасиет, одан аулақ болу қажет. Шындық деген ең жақсы қасиет.
Жүректен жүрекке. -Балалар, айналамыздағы адамдар көңілді жүргені жақсы ғой. Сондықтан жақсы ән айтайық. |
-Үлкендерді алдамау, өтірік айтпау.
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің бағыттауымен шарттарды қадағалап, ойнайды.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік |
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Шыншылдық қасиетіне қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Шыншыл болу, үлкендерді алдамау сияқты жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.
Өткізген:
Тексердім:
«Қызғалдақ» мектепке даярлық тобында ұйымдастырылған
оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет, қатынас»
Бөлімдер: Өзін-өзі тану.
Тақырып: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Мақсаты : Әке мен ананың тәжірибесіне сүйене отырып, ұл балаларға қандай, қыз балаларға қандай мамандық таңдау қажеттілігі жайлы түсінік беру. Әр түрлі мамандықтар арқылы ұл бала мен қыз баланың айырмашылықтарымен, ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру. Үлкендердің еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, ойыншық жүрекше, мамандықтардың суреттері.
Сөздікпен жұмыс: ұл бала, қыз бала, мамандықтар, еңбекті бағалау.
Қостілділік компоненті: мамандықтар.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы- оятушы | Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, «Шаттық шеңберін» өткізеді. -мен сендермен кездескеніме өте құаныштымын. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, Жақсы тілектерімізді білдіріп, амандасайық. | Балалар бір-бірімен амандасады. -Сәлем, Арай. Ақылды болып өс. -Амансың ба, Досан? Үлкендерді сыйла. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Әңгімелесу. -Балалар, дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу. Тәрбиеші
Дәйексөз. Тәрбиеші «Бала – ата-ананың қолғанаты» деген нақыл сөзді дәйексөз ретінде түсіндіреді.
Ойын-жаттығу. «Топтасып көрейік...»
Тыныштық сәті. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бақытқа, махаб-бат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көзде-ріңді ашсаңдар да болады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Гүл-гүл жайнап жанамыз Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
Дәптермен жұмыс.
Ғажайып сөздер.
Қорытындылау. |
Балалар әңгімені тыңдай отырып, қиялдарын өрбітеді, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар дәйексөзді ынта-зейінмен тыңдайды. Мазмұнын айтады.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің бағыттауымен шарттарды қадағалап, ойнайды.
Балалар тынышталып, дем алады.
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексивті-түзетуші |
Белсене қатысқан балаларды мадақтау, марапаттау. |
Қолғанат болу, көмек көрсету қасиетіне қызығушылықтарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар өз сезімдерін жеткізіп, айта білу керек.
Болуы керек:
Өлең-тақпақтың мазмұны бойынша сұраққа жауап беру дағдысы.
Істей білуі керек:
Қолғанат болу сияқты жағымды қасиеттер жайлы әңгімелей білу керек.