СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану пәні "Адам мінезімен танылады " 5 сынып

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. 

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні "Адам мінезімен танылады " 5 сынып»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі: №2 сабақ

Тақырып: Адам мінезімен танылады

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып 5

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру

Міндеті:

Білімділік: жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;

дамытушылық: оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;

тәрбиелік: өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

а) «Жақсылық жасау – әр адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

ә) мінезді қалай шынықтыру керек?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Оқушылардың мінез-құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.

Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды. Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді.






5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Адам өмірі – іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз-қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

  1. Мінез дегеніміз не?

  2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

  3. Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме?

  4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?




Аңыз айту. 5 мин


Жаңа сабқатың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға Б.Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу тапсырылады





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген:

«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен байқалады.Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым-қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым-қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.



7.Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген криптограмманы шешіп, «Өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.





  1. Топпен ән айту. 3 мин.

«Арман жолдар» Сөзі: А.Дүйсенбінікі, әні: Ұ.Жолдасовтікі



  1. Үй тапсырмасы. 2 мин.

дәптердегі 2-тапсырманы орындау.


10.Қорытындылау ,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Оқушылардың мінез-құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.

Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды.

Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді. Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!