Просмотр содержимого документа
««Өзін-өзі тану» пәні сабағының рефлексивті есебі Сабақ тақырыбы: «Жақсылық жолымен жүреміз»»
«Өзін-өзі тану» пәні сабағының рефлексивті есебі
Сабақ тақырыбы: «Жақсылық жолымен жүреміз»
1 «Б» сыныбына «Жақсылық жолымен жүреміз» тақырыбында өткізген сабағымды сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу арқылы бес құндылыққа негіздеп сөйлеуге бағыттадым. Оқушыларды жақсылық жасап жүруге бағыттау, жақсылық жолымен жүруге тәрбиелеу. «Орманға ойша серуен» тыныштық сәтін өткізгеннен кейін оқушылардың алған әсерлерін сұрадым. Оқушылар өздерін табиғат аясында болғандай, табиғаттың тыныштығын жүректерімен ұғынып, тіпті қыбырлаған жәндіктеріне дейін қиянат жасамауды түсінгендерін, рухани күш- қуат алғандарын жеткізді. Сабақтың тақырыбымен таныстырған соң «5 Т» ережесін» еске түсірдік. Жаңа тақырыпты анықтау үшін, оқушыларға видео көрсеттім. Сол видеодан түсінгендері бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыпты анықтады. Дәйексөзбен жұмыс жасадық.
"Қандай тілек жақсы?" атты әңгімені оқып бердім. Әңгіме бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойдым.
-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
- Неге жақсы ойлауымыз керек?
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, артынша өзім толықтырып отырдым. Шығармашылық жұмыс, яғни оқушыларды екі топқа бөлдім. Топпен арнайы дайндап берілген суреттерден жақсылыққа байланысты постер құрады. Әр топ дәптердегі «Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөздер жазу.
Сосын суреттерге қарап әңгімелеп беру
Топпен ән айту. (әннің сөздерін таратамын, музыка қосылады)
Достар әні. Сөзі: Фариза Оңғарсынова Әні: Айжігіт Асанов
Оқушылар көбелек стикеріне жылы жүректеріндегі жылы тілектерін жазып ағашымызға жапыстырады
Ар жұмыстан соң, оқушыларға фишка таратып отырдым. Оқушылар сабақ соңында сол фишкалар арқылы бағаланды. Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка ойнайды. Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Оқушылар сабақтан жақсы әсер алды деген ойдамын. Өзімді мақсатыма жеттім деп есептеймін.