СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін - өзі тану пәнінен "Білім еліне саяхат" тақырыбында сайыс сабағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс сабақ 

Тақырыбы: Білім еліне саяхат

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пәнінен "Білім еліне саяхат" тақырыбында сайыс сабағы»









Сайыс сабағының тақырыбы:



«Білім еліне саяхат»











Сынып жетекшісі: Л.Б. Ақбар















«Білім еліне саяхат»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: ізденімпаздық, білімге құштарлық, жаңаны тануға деген ұмтылыс.

Өтілетін сыныбы: 5

Мақсаты: Сайыс сабағы арқылы оқушылардың білімдерінің жан-жақты дамуы, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру және өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт- бағдар беру.

Міндеттері:

Білімділік: Сайыс сабағы арқылы оқушыларға «білім», «тапқырлық», ұғымдарының адам өміріндегі маңызы туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін, топта жұмыс істеу дағдыларын және өзіне, өзгеге сенімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, шапшаң ойлай білуге тәрбиелеу.


Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, қима қағаздар, дидактикалық материалар., құрамақтар,

Сайыс сабағының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а. Оқушыларды топқа бөлу. (Топқа бөлу үшін ортаға оқушыларды шақырып, мұғалімнің алдынан қағаздарды алу тапсыралады. Содан соң оқушылар түстерге сай бөлінеді ).

Бірінші топ: «Жеті қазына»

Екінші топ: «Бес асыл іс»

Үшінші топ: «Бес дұшпан»

Сайыстың бағдарламасымен таныстыру

  1. Топты таныстыру

  2. Жалғасын тап

  3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

  4. Мәтін- мазмұнына байланысты мақал- мәтел айту

  5. Сұрақ жауап

  6. Құпия хаттарға жауап беру

Топты таныстыру. Әр топ өздеріне берілген топтың атын және топтағы қатысушыларды таныстырады. Топ басшысын сайлайды.

  1. кезең. Жалғасын тап.

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын топтар жалғастырады.

Бірінші топ. «Жеті қазына» тобы.

  1. Өз үйім .......(өлең төсегім)

  2. Батыр туса ел ырысы,......

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

  1. Асыл тастан,..........

(Ақыл жастан)



Екінші топ. «Бес асыл іс» тобы.

  1. Отан ..... (оттан да ыстық)

  2. Ғылым теңіз,...... (білім кеме)

  3. Оқу инемен..... (құдық қазғандай)



Үшінші топ. «Бес дұшпан».

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде......................(ұлтан бол)

  1. Кітап білім бұлағы,

Білім өмір........(шырағы)

  1. Еңбектің наны тәтті,

...................(жалқаудың жаны тәтті)

2-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Ойынның шарты, мен әр топқа қағазда үш әріп жазылған қағазды таңдау ұсынамын. Оқушылар әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап берді. (Мысалы Ж,А,Қ әріптері)

«Жеті қазына» тобына (Ж, А, Қ әріптері)

  1. Сұрақ: Наурыз мейрамы қандай мейрам?

(жаңа жыл, ақ қар ер иді, қыс кетеді)

  1. Досыңа тілек айтыңызшы?

(жаман болма, қайсар бол, ақылды бол)

«Бес асыл іс» тобына (Т, Б, С әріптері)

  1. Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?

(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

(жал-жая, айран, қазы-қарта)

«Бес дұшпан» тобы (О, Д, С )

  1. Қазақ тілі не үшін керек?

(оқу үшін, достар үшін, сөйлеу үшін )

  1. Арманыңыз не?

(оқу, доп алу, саяхатқа шығу)

3-кезең. Мәтін-мазмұнына сай мақал-мәтел айту.

Мәтінінің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

Бірінші топ. «Жеті қазына» тобы. Алты түлкі

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ» деп мазақ қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

«Біз бір жақсы ойын ойнайық » - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге: «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, шолақ болады. Бесеуі де, бір түлкіге күлеміз деп, өздері де шолақ болып қалады. (Күлме досқа, келер басқа)

Екінші топ. «Бес асыл іс» тобы. Атасы мен немересі.

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Атаның бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар атаға алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа салып, бөлек беретін болды. Әкесі мен анасының бұл әрекеті немересіне ұнамады. Әкесіне айтайын десе, батылы жетпеді. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп: «Балам, не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы: «Аяқ істеп жатырмын, анам екеуің атама ұқсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.

Бұл сөзді естіп, әкесі ұялып, әкесінен кешірім сұрап, оны бөлек отырғызып, тамақ беруді доғарады

Үшінші топ. «Бес дұшпан» тобы. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі дос болыпты. Бір күні бұлар бір кедей адамның қойын ұрлап сойыпты. Қойды сойып, етін қазанға салайын деп жатып. Қарынбасқа қарынның ішін тазалап кел деп беріпті. Қарынбас қарынды сыртқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар Қарынбастың басына да, қарынға да үймелепті. Басындағы шыбында қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа басы жарылып, сол жерде жан тапсырыпты.

Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Құлап жатқан Қарынбасты көре салып: «Әй, әттеген-ай!» -деп екі қолымен санын ұрып қалады. Сол сәтте ши бұты шырт етіп, ол да жазым болады.

Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі досын көріп: «Ойбай! Бауырларым – ай!» деп айғайлай бергенде қыл мойныны үзіліп кетеді. (Ұрлық- түбі қорлық )

4-кезең. Сұрақ –жауап айдары

  1. топ. Жеті қазына тобы

  1. Қазақша ай атттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде,тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  2. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)

  1. топ. «Бес асыл іс» тобы

  1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың)

  2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенді).

  1. топ. «Бес дұшпан» тобы

  1. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)

  2. Үш арсызды ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)

5-кезең. Құпия хаттарға жауап беру.

  1. топ. «Жеті қазына» тобы

Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айтады. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

  1. топ. «Бес асыл іс» тобы

Құрметт оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй-ішін айтып, алған ойыншықтырын көрсетіп ақтанады. Және өзінен кішілерді үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ол ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?



  1. топ. «Бес дұшпан» тобы

Құрметті достар! Менің сыныптасым бар. Ол үнемі сыныпқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көргенде. Өзімде сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?

Соңғы кезең. Кері байланыс. Оқушылар бүгінгі сайыс сабағынан алған әсерлерін және ұсыныстарын тілек ағашына жазып қояды. Кері байланыстың мақсаты оқушылар өтілген сабақты қалай түсінгендері туралы ақпарат алу.