Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пәнінен "Адамгершілік рухани тәрбие" табырыбына арналған слайд»
Өзін-өзі тану курсының
ерекшеліктері.
- Тақырыбы:«Өзін-өзі» тану курсының ерекшеліктері және сабақ құрылымы
- Оқу жүктемесі: 6 сағат
- Тыңдаушылар: Бала-бақша тәрбиешілеріне, сынып жетекшілеріне, психологтарға және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
- Оқылу тілі: қазақша, орысша
- Мақсаты:
- Педагогтарды «Өзін-өзі тану» сабақтарының ерекшеліктерімен таныстырып, тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін құру құзіреттіліктерін дамыту.
- Күтілетін нәтижелер :
- педагог өзінің күш-жігеріне сенімділік туындайды;
- оқу-тәрбие үрдісінің қатынасушыларыменен қарым-қатынас құру көзқарасы өзгереді;
- оқушының қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі дәстүрден тыс түрлерін, интерактивті нысандары мен әдістерін игереді;
- оқушылардың өмірлік маңызды іскерліктері мен дағдыларды игеруге бағыттайды;
- Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тренинг элементтері, топтық жұмыс, слайд көрсету, салыстыру
Жоспар:
- 1.1.Кіріспе
- 1.2.Өзін-өзі тану курсы жайлы жалпы мәлімет
- 1.3. Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер
- 1.4. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны
- 1.5. Оқу жүктемесі және оның бөлінуі
- 2.1.Өзін-өзі тану бойынша білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- 2.2. Өзін-өзі тану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері мен жолдары
- 3.1.Тәжірибелік бөлім
- 4.1. ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Өзін-өзі тану
Бағдарлама
Пән
Курс
2001 жылдан бастап эксперименттік жоба ретінде енді.
Авторы: С.А.Назарбаева
120 эксперименталдық алаңдар: 30 ЖОО; 43 мектеп; 36 балабақша;
9 интернат; 2 пед.колледждер.
- Эксперименттік жобаның теориясы пәнаралық байланысқа негізделіп, адамды тану және зерттеуге бағытталып, әр түрлі білім салаларымен тығыз байланыста.
Өзін-өзі тану
философия
психология
этика
экология
құқықтану
Әлеуметтану
Бағдарлама оқу әдістемелік кешенімен қамтылған(ОӘК):
- Педагогқа арналған әдістеме
- Хрестоматия
- Балаларға арналған дәптер
Мониторингтік жүйемен қамтылған:
- Өзін-өзі бағалау
- Социометрия
- Әлеуметтік даму деңгейі
Мақсаттары:
- Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;
- Жеке тұлғаның өмірлік маңызы бар түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету.
Құзіреттер:
- Өзінің өмірлік позициясын аңықтау;
- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;
- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- Адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Тапсырма:
- Таратылған парақта ұлы ғұламалардың сөздері берілген , өзіңіздің ұстанымыңызға жақын бір ойды таңдаңыз.Таңдауыңызды дәлелдеңіз.
Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер
- Күтілетін нәтижелер – бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ересектер тобы және мектепалды топтары, сондай-ақ жалпы орта білімнің екі жылдық циклына арналып (2-4-6-8-10-12 сыныптардан кейін) белгіленген мақсаттар жүйесі. Күтілетін нәтижелердің бұл жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерінің сегіз деңгейі бойынша жиынтықты құрайды.
- Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай сегіз деңгей бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізуін болжайды.
Мектепке дейінгі білім
- деңгей (ересектер тобы)
- деңгей (ересектер тобы)
- Бес жастағы бала:
- мейірімділік, махаббат, сыпайлық, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерді білуі;
- жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуы;
- эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлауы, мейірімділік таныта алуы;
- достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсетуі және қамқор бола алуы;
- салауатты өмір салты туралы қарапайым білімдерді игеруі және алғашқы дағдыларды білуі;
- қарама-қарсы жыныстағы адамдарға құрмет көрсете алуы;
- қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасау қажеттігін білуі және түсінуі;
- сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуы;
- сөз бен мінездегі жаман-жақсыны ажырата алуы, үйдегі, балалар бақшасындағы, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуі керек.
4-деңгей (3-4 сыныптар)
- 4-сыныпты бітірген оқушылар:
- -бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және еңбек ету, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, сұлулық, руханилық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдарды білуі;
- - адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата білуі, өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алуы, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуы;
- - этика ережелерін білуі және іс жүзінде қолдана алуы, мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білідіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алуы;
- - адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алуы;
- - денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;
- - өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
- - топта, сыныпта, үйде өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлауы, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алуы;
- - өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алуы;
- - табиғаттың маңыздылығын өмір сүрудің негізі ретінде түсінуі;
- - өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі керек.
8-деңгей (11-12 сьшыптар)
- 12-сыныпты бітірген оқушылар:
- өмip құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түciнyi, өзара адами карым-катынастарды тани алуы және оны бағалай білуі;
- айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алуы, ұжымда еңбектене білуі, топ пен ұжымда өз мәртебесін теңестіре алуы;
- өз отбасын құрудьң маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын болашағын cезінуі;
- - өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын басқара алуы, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алуы, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана білуі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алуы;
- - коршаған әлеммен үйлесімді қатынастық маңыздылығы туралы білуі;
- - өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алуы;
- - салауатты өмip сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын қолдау және жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдана алуы;
- өзін-өзі жетілдіруін үшiн ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашыльқ пен және өнімді пайдалана алуы;
- күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алуы, азаматтық ұстанымын көрсете алуы;
- - нақты жағдаятты бағалай алуы, түpлi мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алуы, калыпты жағдайларда кальптан тыс шешім таба білуі к е р е к.
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны
- Адамзаттық рухани тәжірибесі
Оку жуктемесі және оның бөлінуі
- Өзін -өзі танудың жеке міндеті пән ретінде оқытылуы оқу жоспарының инвариантік бөлімінде жузеге асырылады. Өзін-өзі тану пәннің оқу жүктемесінің көлемі - мектепке дейінгі білім берудің ересектер тобында — аптасына 1 сағаттан, бip жылға барлығы 32 сағатты;
- мектепалды тобында — аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы 32 сағатты;
- жалпы бiлiм беретін мектептердің барлық сыныптарында (1-12 сыныптар) аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша барлығы 32 сағатты құрайды.
Өзін-өзі тану бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- «Шаттық шеңбері» — сабақтың бас кезеңіне қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бipігіп, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
- «Тыныштық сәті» — релаксацияның әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіншілігіне ие болады, өзінің ішкі "Менін" түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді. Мұғалімге балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың демі қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аудару ұсынылады.
- « Оқушының әңгімелеуі» - оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту қолданылады.
- « Әңгімелесу » — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикальқ тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әpбip оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзге толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Mұғалімнің балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре алу іскерлігіне үйретеді.
- «Ойын», « Жаттығу» балаларды танымдық
қызығушылықтарының жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін байыту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
- «Өзіммен-өзім » — бұл баланың бет және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тест балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлқына жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан тану барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жузеге асыру барысында мұғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.
- «Оқу » — оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлықтарын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл осы оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоционалдық ерік-жігер салаларын дамытады.
- « Сабақтың дәйексізі » — оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексізі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.
- «Шығармашылық жарыс» — өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. шығару түрінде әртүрлі нысанда өзбетінше және ұжымдык. әрекеттер аркылы жузеге асырылады. Бұл тест шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік"Meнін" білдіре алуға кемектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттерінің маңыздылығының артуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін кереметтей білу үлгерімдерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.
- « Жағдаяттар кезінде ойлану » — балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен iсіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жағдаяттарды талқылау балалардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу құштарлықтарын қалыптастыруға мүмкіндігін береді.
- «Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» — оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың өткен материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.
- «Ә н шырқайьқ достар!» — сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. Ән айту балалардың сезімдерін cepгiтіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеніңде қолданылады.
- «Cepгіту сәті» шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бip әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдылығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді
- «Сахналау » — бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.
- «Қорытындылау» — мұғалімнің өзi немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және құрылымдық, элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл.
- «Жүректен-жүрекке» шеңбері — әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бip-бipiмен niкip алмасу, бip-бipiнe тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түciнy дәрежесін анықтауына мүмкіншілік туғызатын әдістемелік тәсіл.
- « Yй тапсырмасы » — баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік және дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бipre орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бipiн-бipi жақсы түсінуіне септігін тигізеді.
Тренинг
- Амандасу рәсімі
- Кел, танысайық !
- Топ ережесі
1.Бір-бірімізді сыйлайық
2.Әр қатысушы өз атынан,өзі жайлы,өз сезімін
білдіреді
3.Осы” жерде”, осы “ қазір”
4.Белсенділік таныту
5.Қатысушының әрекеті бағаланып,өзіне баға
берілмейді
Білгіңіз келеді ме?
Мен-реалды
Мен-идеалды
Мен-қоғам
Тестілер
- Мына геометриялық пішіндерден өзіңізге ұнайтын пішінді таңдаңыз:
Жұмыс, отбасы, достар, қоршаған орта
Оң, сол.
- Екі қолдың саусақтарын айқастыр.Қай жақтың қолдың бас бармағы жоғарыда?
- Көздеріңді мылтық атуға дайында.Қай көзіңмен дәлдейсің?
- Наполеон позасында тұр. Қай қолың жоғарыда?
- Шапалақта қай қолың жоғарыда?
- Жарнама “Дос іздеймін”
- Көршің жайлы не білесің?
- Топқа бөліну
- Өсиет әңгімелерді талдау
- Серігу
Рефлексия
Сөйлемді аяқта;
- Маған бүгін қызықты болды....
- Мен бүгін білдім.......
- Маған қиын болғаны......
- Мен келесі кездесуде.......
- Бақыт деген – сенiң бала күндерiң, Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенiң, Бақытың да, басқасын да бiлмеуiң Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенiң. Бақыт жайлы менiң мынау бiлгенiм, Бақыт деген-бiрде шаттық, бiрде мұң. Бақытты сол-тәрiк етiп түндерiн, Бақыт iздеп азаптанса, кiмде кiм. Бақыт деген-әркiмдерге бiр арман, Сол арманның шыққан жерi құмардан. Ал сен үшiн бақыт деген- дәл қазiр, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. Бақыт iздеп мал бақ, мейлiң тас қала, Бiрақ балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың, бақыт iздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрген масқара. Бақытың- мен, бақытым деп бiл менi, Менi бiлсең, бақытыңды бiлгенiң. Ал мен үшiн ең бақытты күндерiм – Балам, саған бақыт iздеп жүргенiм.