Сабақтың тақырыбы:
«Өнеге отбасынан»
Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Құндылық: Сыйластық Қасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру
Мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратын туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.
Міндеттері:
отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.
отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Миға шабуыл. Отбасы туралы видео-ролик;
б) «Отбасы» туралы кіріспе әңгіме.
ІІ. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны.
ІІІ. Ой шақыру.
ІV. «Менің отбасым». Топпен жұмыс.
V. Қорытынды.
VІ. Мұғалім:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге
Тыныштық сәт: Нұрға бөлену.
Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
Нұр сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.
Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.
Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өзө жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».
Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.
Қазақ отбасы үш буыннан құралады:

ата-әже әке-шеше
ОТБАСЫ
ұл-қызы
Өнегелі отбасы болу үшін әрбір мүшесі тазалықты бірінші орынға қою керек:
и

ман ішкі
ТАЗАЛЫҚ
ә
деп сыртқы
ІІ. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, мақал-мәтелден сайыс ұйымдастыру.
І - топ. Әке туралы
***
Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
***
Ата - балаға сыншы.
***
Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
***
Атадан бала туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Шешесін көріп қызын ал.
***
Ана көрген тон пішер
ІІ - топ. Бала туралы
***
Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар.
***
Балаң жақсы болса,
Жердің үсті жақсы.
Балаң жаман болса,
Жердің асты жақсы.
***
Қыз - қуыршақ,
Бала - құлыншақ.
***
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
***
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
***
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
***
Уақыт бойынша есептеп, көп мақал айтқан топты мадақтау.
Міне көңіліміз бір серпіліп қалды.
Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?
-Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
-Отау дегеніміз не?
-Отағасы деген кім?
-Отанасы деген кім?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.
ІІ. Ой қозғау. «Ассоциация» жазу. «Өнеге отбасынан» дегенді қалай түсінесіз?»







(Адамгершілік, әдепті, тату, жауапкершілік, сыйластық, еңбексүйгіштік, ынтымақтастық, қамқор, мейірімді, қолдау, бауырмал,)
Сонымен, Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Отбасында әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
ІІІ. Ой шақыру.
І-топ
қорғаның

қамқорың ақылшың
асқар тауың
ІІ-топ
жаңашырың

мейірімді жан асыл адам
ұстазың
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.
Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.
Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешнәрсе жоқ, сондықтан да бала отбасының байлығы. Әр ата- ана баласының әдепті, білімді, мейірімді, қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды.
Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»
Мұғалім: Мына сөйлемдерді аяқтаңдар:
Менің ойымша, мен....
Өзгелер мені....
Мен келекшекте....
– «Маған ұнайды…»
– «Мені ұнатады…»
– «Маған жағдай жасайды…»
– «Мен қамқорлық көрсетемін…»
– «Маған сенеді
Балаларға сурет бойынша жағдаяттық сұрақ қою. Олар өз ойларын айтады. Құпия хаттарға жауап беру.
Құрметті балалар, сендерден көмек сұрап бізге балалардан хаттар келіпті. Біз оларды ашып оқимыз, ал сендер сол балаларға кеңес беріп көмектесіңдер.
1-хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айтады. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2-хат. Құрметті достар!
Мені бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй- ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?
3-хат. Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем «сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
(Балалармен ой бөлісеміз)
Ойын. «Айналайын, толғанайын!»
Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!».
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.
Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Осы –ақ па?
Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар.Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.
Жүректен жүрекке
«Жылы жүрек» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.
Осы сабақтан алған нәтиже:
- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады
- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді
- Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан ұғымдарының мәнін меңгерді.
- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсіндірді.
Дәптермен жұмыс.
«Мен өзіме сенемін» атты эссе жазу үйге тапсырылады
Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айтайық.
Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым Өзіңе арнаған.
Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
Міне көңіліміз бір серпіліп қалды.
7