СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің күнтізбелік жоспарлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

технологиялық карталар жинағы. ересек қазақ тобыбойынша.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің күнтізбелік жоспарлары.»

Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану»әлеміне саяхат

Мақсаты: «Өзін-өзі тану»әлемі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру; 2.жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

3.өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең










Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері

-Балалар шеңбер неге ұқсайды?

-Доппен ойнасақ көңіл күйіміз көтеріледі. Жүзікті сәндік үшін тағамыз.Алма,қарбыз-өте дәмді дәмді жемістер мен көкөністер.Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың қаншама қасиеті бар!Шеңберде тұрудың өз ерекшілігі бар. Ол бізге күн сияқты жылу береді,шеңберде тұрып бір-бірімізге жылы тілектер айталамыз. Сондықтан да бұл шеңбер-Шаттық шеңбері деп аталады.

2.Әңгімелесу

-Балалар, «Өзін-өзі тануә әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты.Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.

-Балаларды түстер арқылы топтарға бөлу.Әр топ өзіне коверт таңдап алады. Жасырылған конверттің ішінде әдептілікке байланысты суреттер шығады.

- «Өзін-өзі тану»әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді екенбіз.

Сөздік жұмыс: қайырымды, көңілді, қамқорлық, сүйіспеншілік, тату.

3.Ойын: «Мен де жақсы бала боламын»

Шарты:мазмұнды суреттер арқылы өздерінің де істеген жақсы істері туралы айтып берулері керек.

4.Әңгімелесу

-Балалар, «Өзін-өзі тану»әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Ол не деп ойлайсың-дар,көрейік!

-Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйре-неміз.

5.Дәптермен жұмыс

-Дәптерде берілген 1-ші аялдаманы бояйды.

6.Дәйексөз

«Сүйіспеншілік-жүректен» мағынасын түсінді-ру.

-Жұмсақ ойыншық «жүректі» талдайды.Өз жү-ректері қандай болатынын түсіндіру.

7.Ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіру, қай-талау:жақсылық,сүйіспеншілік,қуаныш...

8.Қортындылау

-Бүгін біз саяхатымызды бастадық. Қандай құ-ралдар бізге көмекке келді.? -Өзін-өзі тану біз-дерді неге үйретеді?


-қол ұстасып шең-бер құрап тұрады.

-допқа,күнге,айға, алмаға,т.б.
















-топтарға бөліседі.









-дәптер, хрестома-тия, карта.



-жұмырдықтарын салыстырады.










-Сұрақтарға жауап береді.




Білу:өзін-өзі тану әлемі туралы түсінік алу.

Игеру:картамен,дәптермен жұмыс жасай алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.







Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен ерекше баламын»

Мақсаты:балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру.Өздерін тануға,өз ерекшіліктерін білуге үйрету.

Міндеттері:1.балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру,түсіндіру. 2.өздерін тануға,өз ерекшіліктерін білуге үйрету. 3.Өз бастарын сыйлауға,бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұра-жауап.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең










Ізденіс ұйымдастыру кезеңі







Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін оқу.

2.Әңгімелеу

-Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өлеңнен не ұқтыңдар? Қандай жолдары естеріңде қалды?

-Балалар біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?

3.Ойын «Өзімізді мақтайық»

Шарты:өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.

4.Дәптермен жұмыс

-жүректің суретін салу

5.Әңгімелеу: Ж.Саинның «Кім болам?» өлеңін оқу.

6.Ғажайып сөздер

-Мен жақсы баламын;

-мен ерекше баламын;

-мен өзімді жақсы көремін;

-менің қолымнан бәрі келеді.

7.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Жақсы адам болу үшін қандай болу керек?

8.Жүректен жүрекке

Үнтаспадан Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» әнін қосылып айтады.


-тыңдайды.



-сұрақтарға жауап береді.




-зейін қойып тыңдайды.



-жүректің суретін салады.




-қайталап айтады.



-Өткенді естеріне түсіріп,сұрақтарға жауап береді.




Білу:ерекше бала қандай болатынын түсіну.

Игеру: әр бала ерекше екені туралы түсінік алу.

Меңгеру:ғажайып сөздерді меңгеріп алу.

























Күні___________________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Отбасым-бақыт мекені»

Мақсаты:сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.отбасы сүйіспеншілігі,сыйластығы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 3.Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі




















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:бір-біріне күлкі сыйлайды.

-Картадаға отбасы туралы суретке қарап әңгіме құрайды.

-отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Ә.Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқу.

2.Ойын

Шарты:балалар шеңбер бойымен тұрып,педагог кезек-кезек сұрақ қойып,қолындағы допты лақтырады.

3.Әңгімелеу

Алдын ала әкелінген отбасылық суреттеріне қарап өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

4.Дәптермен жұмыс

Балалар дәптеріне отбасымен бірге түскен суреттерін жапсырады.

5.Дәйексөз: «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» мағынасын түсіндіру.

-Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер пайда болды?

-Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандай байланыс бар?

6.Өзіммен-өзім: көздерін жұмып өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестету.

7.Қортындылау

-Бүгін біз кімдер жайлы әңгімелестік?

-Отбасы қандай болуы керек?

-Өз отбасымызға не тілейміз?

8.Жүректен жүрекке: микрофонға жақындап отбасыларына тілек айтады.

-күлкі сыйлайды.



-сұрақтарға жауап береді.


-бірге қайталайды.


-сұрақтарға жауап береді.




-Балалардың өз бетінше жұмыстары.



-Сұрақтарға жауап береді.






-Сұрақтарға жауап береді.



Білу:отбасы туралы түсінік алу.

Игеру: әр бала өз отбасында ерекше жан екенін түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.






















Күні_______________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Достаса білейік»

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеттері:1.Достар арасындағы сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3.Бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз»

2.Әңгімелесу

-Достар,достық туралы әңгімелесу.

-«Досты қалай табу туралы ертегі» оқу

-Сұрақ-жауап арқылы талдау.

3.Ойын «Менің досым»

Шарты:лақтырған допты қағып алып, тәрбие-шінің қойған сұрағына жауап беру керек.

4.Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

5.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат»

6.Дәптермен жұмыс: досыңа сыйлайтын сый-лығыңның суретін сал және сол туралы әңгімелеп бер.

7.Қортындылау

-Балалар,бүгін біз не түралы білдік?

-«Дос» деген кім?, «Достық» деген не?

-Сендердің ең жақын достарың бар ма?

-Балаларджың жауаптарын бағалау.

8.Жүректен жүрекке: «Дос болайық біріміз» тыңдау.


-Бірге айтады.



-зейін қойып тың-дайды.





-қимыл жасайды.








-дәптердегі тапсыр-маны орындайды.


-Сұрақтарға жауап беру.




-өлең жолдарын тың-дайды.



Білу: «Дос», «Достық» туралы түсінік алу.

Игеру: достың қандай болуы керектігін түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.




























Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Менің балабақшам»

Мақсаты:балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Міндеттері: 1.үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. 2.балабақшаға деген мақтаныш,құрмет сезімдерін дамыту. 3.Айналасындағы адамдарды жақсы көруге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі













Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:Е.Өтетілеуұлының «Ізгі сөздер» өлеңін оқу.

Өлең жолдарын талдау.

2.Әңгімелеу:М.Әлімбайдың «Біздің балабақшада» өлеңін оқу.

Өлең жолдарын сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Балабақшаға неше жастарыңда келдіңдер?

-Балабақшада қандай мамандар жұмыс атқарады?

-Балабақшаға қай кезде келесіңдер?

-Қай кезде қайтасыңдар?

-Балабақшаға келген кезде алғашқы айтатын сөздерің?

3.Дәптермен жұмыс: «Балабақшамды гүлдендіремін» тақырыбына сурет салу.

4.Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының «Бала,бала,баламыз» өлең жолдарына қимыл жасау.

5.Дәйексөз: «Сәбиіңмін сенің балабақшам менің»

6.Ғажайып сөздер:-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе! Рахмет!

7.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Балабақшада сендерді кімдер қарайды?

-Балабақша туралы тақпақ айтқызу.

8.Жүректен жүрекке

-Қолдарына ойыншық жүректерін алып, балабақшада жұмыс істейтін апайларға жылы лебіздерін айтады.

-Балалар бірге қайталайды.



-сұрақтарға жауап береді.






-балабақшаның суретін салады.


-қимыл жасайды.


-жаңа сөздерді қайталайды.


-сұрақтарға жауап береді.






Білу: балабақша туралы түсінік алу.

Игеру: балабақшада жұмыс істейтін маман иелері туралы білу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.





























Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Менің тәрбиешім»

Мақсаты:балалардың тәрбиеші апайларына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Міндеттері: 1.балабақшадағы үлкендердің еңбегі туралы түсінік беру. 2.тәрбиешіге деген құрмет сезімдерін дамыту. 3.өзара сыйласымдылық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: «Тілек шоғы»

«Біз бақытты балдырған» М.Дауылбаевтың әнін орын-дау

2.Әңгімелеу: «Жақсы адам боп шығамыз» О.Асқар

Сұрақ-жауап арқылы талдау

-Балалар,балабақшада бізге ең жақын адам кім деп ойлайсыңдар?

3.Тыныштық сәті: өздерін табиғат аясында отырғанда-рын сезіндіру.

4.Дәйексөз: Қ.Мыңжаның «Шуағына бөлеген, аялаған, демеген,тәрбиеші апайлар, мейірімді не деген!» өлең жолдарын түсіндіру.

5.Ойын: «Интервью»

Шарты:Балалар тәрбиешінің жанына келіп өздерін қызықтыратын сұрақтарын қояды.

6.Сергіту сәті: «Бала,бала,баламыз»

7.Ғажайып сөздер

-балалар сабақта айтып,үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

8.Қортындылау

-Тәрбиеші апайымыз біздің ең жақын адамдарымыздың бірі екенін,олар бізге тек қана жақсылық тілейтінін білдік,сондықтан да тәрбиеші апайларымызды тыңдап,сыйлауымыз керектігін түсіндік.

9.Жүректен жүрекке:қолдарындағы жүректерін сыйлай отырып, жылы лебіздерін білдіреді.


-Жанында тұрған баланың гүліне өз гүлін қосып тілек айтады.

-Тыңдайды.

-сұраққа жауап береді.





-тыңдап өз білген-дерін қосады.


-өздерін журналист ретіне қояды.

-қимыл жасайды.








-өз тілектерін айтады.



Білу:тәрбиеші туралы түсінік алу.

Игеру:тәрбиешінің атқарып жүрген міндетін түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.






















Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Жақсылық жасай білеміз»

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 1. «жақсылық» ұғымы туралы ұғымдпрын кеңейту. 2. Жағымды қасиеттерін дамыту. 3.жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі


























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:өлең жолдарын айту.


2.Әңгімелеу: «Ақ тиын мен қасқыр» .

Сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Ақ тиын не себептен көңілді жүреді?

-Ал,қасқыр ше?


3.Дәйексөз: «Жақсылық жасау да-бақыт»

-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?


4.Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.


5.Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша «жақсылық», «қамқорлық», «көмек» сөздерін қатыстырып,әңгіме құрастыру. Суреттерді бояу.


6.Тыныштық сәті.


7.Ғажайып сөздер: сабақта айтып, үйренген өне-гелі сөздерді қайталап айту.

-Жақсылық жасау-бақыт,қуаныш.


8.Қортындылау.

-Бүгін біз жақсылық жасау-бақыт,қуаныш екенін түсіндік,бір-бірімізге жақсылық жасай білуді үйрендік.

-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?


9.Жүректен жүрекке

Шеңберде тұрып «Мен сені жақсы көремін» деп көршісінің атын айтып қолынан қысады.

-барлығы бірге қайталайды.


-сұрақтарға жауап береді.







-қимыл қозғалыс жасайды.







-бояу жұмыстарын орындайды.







-жаңа сөздерді қайта-лайды.


-сұраққа жауап береді.

Бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.



Білу:жақсы істер туралы түсінік алу.

Игеру: ертегінің мазмұнын түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.














Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен бақытты баламын»

Мақсаты: «бақыт», «қауныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:1.«бақыт»,«қауныш»,«сүйіспеншілік» туралы түсінік беру. 2.адам қасиеттерін дамыту. 3.сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі
































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Ө.Тұрманжановтың өлең.

Кел,балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

2.Әңгімелесу

-Балалар,қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?

3.Әңгімелеу: Н.Қадырбаев «Бақыт деген не?»

-Оқу.

Сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Бақыттың атасы немересіне «бақыт» дегенді қалай түсіндірді?

-Бақыт деген не? Қалай түсінесіңдер?

-Бақытты болу үшін не істеу керек?

4.Дәйексөз: М.Мақатаев «Бақыт деген-сенің бала кез-дерің».

-Бақыт сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.

5.Жаттау: «Бақыт деген не?» С.Оспанов.

6.Өзіммен-өзім: ұнтаспадан жайлы әуен тыңдайды.


7.Дәптермен жұмыс

- «Мен бақытты баламын,өйткені...»деген сөйлемді

толықтырып, гүл күлтелеріне үлкендермен бірге жазыңдар.

Бояу жұмысын орындайды.

8.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

9.Ғажайып сөздер:

-Бақыт-қуаныш.

-Бақыт-сүйіспеншілік.

10.Қортындылау

-Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз-ой-арманның орындалуы,қуанышты сәттің көп болуы,біздің әсем тұрағымыз,денеміздің саулығы екенін білдік.

11.Жүректен жүрекке

Ә.Дүйсенбиевтің «Біз - өмірдің гүліміз» әнін хормен айту.

-өлеңді айтқан кезде қимыл жасап тұрады.



-өз ойларын айтады.



-әңгімені тыңдайды, сұрақтарға жауап бе-реді.






-қайталайды.







-өздік жұмыс жасайды.



-қимыл-қозғалыс жа-сайды.






-өткенді естеріне түсіріп айтады.



-сұрақ-жауап арқылы қортынды жасайды.


-Барлық балалар бірге қосылып айтады.



Білу: «бақыт», «бақытты» сөздері туралы түсінік алу.

Игеру: әңгіменің мазмұнын түсініп,жаңа тақырыпты игеру.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.









Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеміз»

Мақсаты:балаларды өзара жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Міндеттері:1.күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету. 2.айналасына жағымды қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. 3.Жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Қуыршақ» өлеңін балалармен бірге орындау.

2.Әңгімелесу:

-Балалар,жаңа орындалған әннен не түсіндіңдер?

-Өмірде осы қуыршақ сияқты балалар бар ма?

-Болса олармен достасу, бірге ойнау сендерге көңіл-ді ме?

3.Әңгімелеу: В.А.Сухомлинскийдің «Жалғыз алма» әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Қыздар неліктен алманы бөлісе алмады?

-Қыздардың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

4.Тыныштық сәті

5.Ойын: «Қуыршақ сөйлейді»

Мақсаты:топтағы балалардың жақсы, жағымды қа-рым-қатынастарын қалыптастыру.

6.Өзіммен-өзім

7.Ғажайып сөздер: татулық, жақсы көру, сыйлау, келісу,түсінісу,тіл табысу.

8.Қортындылау

-Біз бүгін сабағымызда жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы бір-бірімізді түсіну,өзара сыйластық екенін түсіндік.Күнделікті өмірде балалар бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйласса қарым-қатынастың жақсы болатыны сөзсіз.

9.Жүректен жүрекке:балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

-барлығы бірге орын-дайды.



-сұрақтарға жауап береді.




-мазмұн бойынша сұрақтарға жауап береді.







-қайталап айтады.



-бір-бірлерінің жауап-тарын бағалайды.



Білу: қарым-қатынас туралы түсінік алу.

Игеру: әңгімелеу,әңгімелесу арқылы жаңа тақырыпты игеру.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

























Күні_____________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Жүрегімде жақсылық»

Мақсаты: «жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:1.адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өзін және айналасын сүюге,жақсы круге деген ниеттерін ояту. 3.қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Біз-өмірдің гүліміз» өлеңін айту.

2.Әңгімелесу

-Балалар, «Біз-өмірдің гүліміз» өлеңінен не түсіндіңдер?

-Жақсы болу дегенді қалай түсіндіңдер?

-«жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасай алады?

-Ал өздерің ше?

3.Әңгімелеу:Қ.Көпішевтің «Өзім жүрем» әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Дәурен қандай бала?

-Үйлеріңде үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Л.Н.Толстойдың «Катя мен Маша» әңгімесін оқу.Талдау.

4.Дәйексөз: «Нағыз адам-өз ойың мен ісіңді жақ-сылыққа бағыттай алу» .

5.Тыныштық сәті

6.Ойын: «Көлеңке».(шарты әдіс.құрал.)

7.Ғажайып сөздер: сүйіспеншілік, жақсылық тілеу, жақсылық жасау.

8.Қортындылау

-Адамдар қандай болуы керек?

-Қандай адамға жақсы адам дейді?

9.Жүректен жүрекке: О.Әубәкіровтың «Балдыр-ғандар әнін»орындау.

-бірге қосылып айтады.



-сұрақтарға жауап береді.








-әңгіме бойынша сұрақ-тарға жауап береді.





-жаңа сөздерді қайталай-ды.


-Сұрақтарға жауап береді.



Білу: жақсылық туралы түсінік алу.

Игеру:жақсы,ақ көңіл адам сөздерінің мағынасын түсіну.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.


























Күні_____________

Білім саласы: әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Жақсы сөз жанды жадыратар»

Мақсаты:балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері түралы түсіндіру.

Міндеттері:1.адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өзіне деген сенімділігін дамыту. 3.өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі






















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқу.

2.Әңгімелесу

-Жаңа орындалған өлеңнен не түсіндіңдер?

3. Әңгімелеу: «Сыпайы қоян» ертегісі.

Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою.

-Қоянды қатерден не құтқарды?

-Жылан неліктен қоянға тимеді?

Әңгіме: «Жақсы мен жаман».

-Гүлдің жабырқауына не себеп болды?

-Арам шөптің қылығын қалай бағалар едіңдер?

4.Дәйексөз: «Жақсы сөз-жанға қуат».

5.Тыныштық сәті.

6.Ойын: «Не деу керек?»

Шарты:сыпайы,әдепті сөздерді айту.

7.Ғажайып сөздер:жолың болсын;құтты болсын;аман бол;қайырлы күн;күнің сәтті болсын.

8.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

9.Қортынды

-Бүгін қандай сөздермен таныстық?

-Әдепті бала қандай сөздер айтады?

10.Жүректен жүрекке.

-тыңдайды.


-сұрақтарға жауап береді.


-ертегінің мазмұнын сұрақ-жауап арқылы талдайды.





-әпті сөздерді айтады.


-сөздерді қайталау.



-қимыл-қозғалыс жасайды.






-өткенді естеріне салып, сұрақтарға жауап береді.



Білу: әдептілік туралы түсінік алу.

Игеру:әдепті,сыпайы адам туралы білу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.























Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Отбасындағы сүйіспеншілік.

Мақсаты: «сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсінік беру.

Міндеттері:1.отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. 3.сыйластыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең



Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі




















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

-Сәлеметсің бе,Марғұлан,сен ақылдысың.

- Сәлеметсің бе,Камила,сен әдемісің.

- Сәлеметсің бе,....,сен сабырлысың.

2.Әңгімелеу: В.Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы».

-Қыздар з анасына сүйіспеншіліктерін қалай біл-дірді?

-Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

«Менің апам», «Бөпем» өлеңдерін оқу.

3.Дәйексөз:«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің».

4.Өзіммен-өзім:сүйікті отбасы мүшелерін көз алдарына елестету.

5.Дәптермен жұмыс:

-Суретпен жұмыс.

-Бояу жұмысы.

6.Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

7.Ғажайып сөздер: отбасы, қуаныш, шаттық, мейі-рімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.

8.Қортындылау:

-Балалар,біз бүгін кімдер туралы әңгімелестік?

-Отбасы қандай болу керек?

-Қандай ғажайып сөздермен таныстық?

9.Жүректен жүрекке: Н.Әлемқұловтың «Балалы үй-базар» өлеңі.

-бір-бірлеріне жылы сөздер айтып амандасады.


-әңгімені тыңдап, сұрақ-тарға жауап береді.





-тыңдайды.



-өздік жұмыс жасайды.



-қимыл жасайды.






-қайталап айтады.


-сұрақтарға жауап бере-ді.


-шеңберге жиналып бір шумағын қайталайды.



Білу: отбасы туралы түсінік алу.

Игеру:сүйіспеншілік туралы білу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.






















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Дос болайық бәріміз.

Мақсаты: «Достық»құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеттері:1.өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру. 2.өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамы-ту. 3.бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі



































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Х.Талғаровтың «Дос болай-ық бәріміз»өлеңі.

2.Әңгімелеу:

-Балалардың назарын «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Достық»аялдамасына аудару.

-Аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрайды.

-Сендерге жалғыз серуендеген немесе ойнаған ұнай ма?

3.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат».

-Мақалдың мағынасын түсіндіру.

4.Өзіммен-өзім:

-Өзімізге досты қалай табамыз?

-Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?

5.Ойын: «Досыңды тап»

Шарты:балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылып, өз достарын та-нып, табу ұсынылады. Олар өз досын қолын, шашын,киімдерін ұстап,сипау арқылы табуына болады.Достарын тапқаннан соң орындарын ауыстырады.

6.Қимылды ойын: «Поезд»

Ойын шарты:2 топқа бөлу.Балалар бір-бірінің белінен ұстап поезд болады,2 топ балалары «Поезд» әнін айтады.

7.Дәптермен жұмыс:

-«Достасу қадамдарын» үлкендермен бірге оқи-ды. Қадамдарды бояйды.

8.Жағдаят шешу:

1.-Ғани қандай дұрыс шешім қабылдады?

-Достасудың қандай ережесін шығарар едіңдер?

2.-Рүстеммен балалар неге ойнағысы келмеді?

-Балалардың неліктен Рүстеммен ойнағылары келді?

-Осыдан қандай ереже шығаруға болады?

3.-Ғанидың досына жасаған ескертуі орынды ма?

-Сендер жолдастарына дұрыс емес қылықтарын айтасыңдар ма?

«Достық ережесі»

9.Қортындылау

-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Дос қандай болуы керек?

-Достық ережесін қайталау.

10.Жүректен жүрекке: «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтады.

-бірігіп айтады.



-балалардың жауаптары тыңдалады.


-бірге қайталайды.





-зал боймен жүріп, әннің сөздерін айтады.










-дәптермен жұмыс жасайды.




-жағдаяттарды тыңдап, өз біл-гендерін, өз ойларын ортаға салады.










-бір-бірлерінің жауаптарын талдайды,бағалайды.



Білу: достық туралы түсінік алу.

Игеру:ең қымбат адам дос екенің түсіну.

Меңгеру: дәйексөзді меңгеріп алу.










Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Менің кішкентай достарым.

Мақсаты: «қамқорлық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. 2. үй жануарларына қамқорлық жасай бі-лу дағдыларын дамыту. 3.Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-

лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі




















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: ойыншық күшікке өз сүйіс-пеншіліктерін білдіреді.

-Сен қандай сүйкімдісің.

-Сен қандай әдемәсің.

-Сен менің досымсың.

2.Әңгімелесу

-Балалар,сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?

-Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?

3.Әңгімелеу: «Жеті қазынаның бірі» аңыз.

-Ит неліктен достыққа адамды таңдады?

- «Ит –адамның досы» деп неліктен айтады?

4.Өлең жолдарын оқу: «Ақ лақ», «Қозы», «Күші-гім», «Шөжелерім», «Ақ бұзау».

5.Дәйексөз: «Ит-жеті қазынан бірі» нақыл сөз.

6.Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

7.Дәптермен жұмыс:кішкентай достарының суретін салыңдар.

8.Тыныштық сәті.

9.Ғажайып сөздер: Ит-адамның досы,көмекшісі.

10.Қортындылау

-Біздер кішкетай достарымыз деп нелерді айта аламыз?

-Неліктен итті жеті қазынаның бірі дейді?

-Жылы лебіздерін білдіру.

11.Жүректен жүрекке

Қолдарын жүректеріне қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін,өйткені ...» деп өз ойларын айтады.

-жылы сөздер айтады.






-сұрақ-жауап.



-аңызды тыңдап,сұрақтарға жауап береді.






-қимыл жасайды.







-өзі жақсы көретін жануар-дың суретін салады.


-сөздерді қайталайды.


-сұрақтарға жауап береді.





-өз ойларын айтады.



Білу: кішкентай достар туралы түсінік алу.

Игеру:жануарларға әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.

Меңгеру: дәйексөзді меңгеріп алу.

















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Достық татулықтан басталады.

Мақсаты: «татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері: «татулық» ұғымы туралы түсінік беру;жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі














Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: жылы сөздер айту.


2.Әңгімелесу

-Сендер «татулық»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу: «Піл мен маймыл» ертегісі.

-Үкі неліктен піл мен маймылды алмаға жұмсады?

-Достар көздеген мақсаттарына қалай қол жеткізді?

4.Дәйексөз: «Татулық-табылмас бақыт»

-Татулық бар жерде бірлік те,қуаныш та болады.

«Татулық-табылмас бақыт» деген нақыл сөз осыдан шықса керек.

5.Ойын: «Көкпар» қимылды ойын.

Шарты:балаларды екі топқа бөлу.Ағаштан жасалған аттарға мінгізу.Топ ортасында көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.

6.Ғажайып сөздер:

-Дүниеде ең қымбат-татулық.

-Біз тату доспыз.

7.Қортындылау

-Біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық.Татулық бар жерде достықтың,бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.

8.Жүректен жүрекке.

-Е.Өтетілеуұлының өлең жолдарын қайталау:

Достар тату- тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.


-жылы сөз айту.





-балалардың жауаптары тыңдалады.


-қайталайды.



-кезектесіп ойнайды.




-ғажайып сөздерді қайталайды.



-сұрақтарға жауап беру.



-өлең жолдарына қимыл жасау.








Білу: «татулық» туралы түсінік алу.

Игеру:бір-бірлеріне әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.








































Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Бәрін жақсы көремін.

Мақсаты: «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1. «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. 2.айнала қоршаған ортаны, адам-дарды жақсы көру сезімдерін дамыту. 3.айнала қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі



























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері. Е.Елубаевтың «Достық» өлеңін айту.

2.Әңгімелесу

-Балалар,сендер кімдерді жақсы көресіңдер?

-Оларды неліктен жақсы көресіңдер?

-Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді?Қалай жақсы көреді?

3.Әңгімелеу: «Алғыс» М.Төрежанов.

«Бәрінен де жақсы» Л.Толстой.

-Өздерің өсындай жағдайда қалай жауап берер едіңдер?

-Сендердің аналарың қандай?

«Көже» А.Флеров.

4.Ойын: «Балапан».

Шарты:әңгімедегі кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстары жасау.

5.Дәйексөз: «Дүниедегі ең қымбат-жақсы көру»

6.Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

7.Тыныштық сәті.

8.Ғажайып сөздер:

-Жақсы көру.

-Сүйіспеншілікпен қарау.

-Сыйлау.

-Кешіре білу.

-Түсіне білу.

9.Қортындылау

-Балалар,біз бүгін нені үйрендік?

-Адам қандай болу керек?

-Адам өз ісіне жауапты болуы керек.

-музыкамен орындайды.



-сұрақтарға жауап береді.




-әңгімелерді зейін қойып тыңдайды.

-сұрақтарға жауап береді.


-қимыл жасайды.



-дәйексөзді қайталайды.


-өлең жолдарына қимыл жасайды.




-жаңа сөздерді қайталайды.






-сұрақтарға жауап беру арқылы қортындылайды.





Білу: «бәрін жақсы көру» туралы түсінік алу.

Игеру:адамның ерекшіліктерін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.































Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен әдепті баламын.

Мақсаты: «әдеп», «әдептілік» туралы түсінік беру.

Міндеттері:1.әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.жағымды қары-қатынас дағдыларын дамыту. 3.әдептілікке,сыпай-лыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Ө.Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге»өлеңін оқу.

Сұрақ-жауап арқылы өлең жолдарын талдау.

2.Әңгімелесу

-Қандай жылы,әдепті сөздерді білесіңдер?

-Әдепті балалар қандай болады?

-Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу: В.Осеваның «Сиқырлы сөз»атты әңгімесін оқып,талдау.

-қария Павликке қандай сиқырлы сөз айтты?

-Павлик атты баланы әдепті деп айтуға бола ма? Неліктен?

-Павликке қария кездеспесе не болар еді деп ойлай-сыңдар?

-Сендерде осындай жағдайлар болды ма?

4.Ойын: «Әдепті сөздер»

Шарты:балалар шеңберге отырып,допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.

5.Шығармашылық жұмыс: «Әдептілік ережелері».Түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құру,қайталау.

6.Дәйексөз: «Әдепті бала-жақсы бала».

7.Ғажайып сөздер

-Біз әдепті,сыпайы баламыз.

-Әдепті бала-жақсы бала.

8.Сергіту сәті:

Достар тату- тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.

9.Қортындылау

-Балалар,біз бүгін сабағымызда әдептілік,сыпайылық жайлы сөйлестік.

-Әдепті,сыпайы бала қандай бала?

-Қандай жылы сөздер айтуды үйрендік?

10.Жүректен жүрекке: Ө.Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге»өлеңін қимылмен қайталайды.

-өлең жлдарына сәкес қимыл жасау.



-сұрақтарға жауап беру.



-әңгімені тыңдап,сұрақ- тарға жауап береді.







-әдепті сөздерді айтады.



-газет дайындайды.




-сөздерді қайталайды.



-өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.



-өткенді естеріне түсі-ріп, қортынды жасайды.



Білу: «әдептілік,сыпайылық» туралы түсінік алу.

Игеру:әдепті бала-жақсы бала екендігін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен ұқыпты баламын.

Мақсаты: «Ұқыптылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттер: 1.ұқыптылық,жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту. 3. Ұқыптылық, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі
































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлең жолдарын балалармен бірге қайталау.

2.Әңгімелесу

-Балалар,қандай әдеттерімен балалар сүйкімді көрінеді екен? Неліктен?

-Ұқыптылық бұл адамның күнделікті орындайтын жағымды әрекеттері, жақсы әдеттері.Адам бойында жаман және жақсы әдеттер болады екен.

Сол жақсы әдеттерді айтайықшы.

-Жаман әдеттерге нелер жатады?

3.Әңгімелеу: «Ұқыпты қыз».

-Анарды қандай қыз деп айтуға болады?

-Анасы Анарға неліктен риза болды?

4.Сергіту сәті:

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.

5.Дәйексөз: «Ұқыпты бала-үлгілі бала».

6.Әңгімелеу: «Азамат өсіп келеді» өлеңін оқу.

7.Ойын. «Жақсы мен жаман»

Шарты:балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «жақсы» немесе «жаман» деген сөздерді кезек-кезек қолдану арқылы бала-ларға ретімен допты лақтырады.Допты алған бала жақсы немесе жаман әдеттерді атап,допты тәрбиешіге қайта лақтырады.Мысалы:

-Жаман-ойыншықты жинамау.

-Жақсы-ойыншықты жинау.

8.Шығармашылық шұмыс: азет шығару.

9.Ғажайып сөздер:

-Таза болу.

-Ұқыптылық-тазалық.

-Ұқыпты,үлгілі болу.

10.Қортындылау

-Балалар,біз бүгін «ұқыптылық» деген сөздің мағынасын түсіндік.Ұқыпты болу деген тазалықты сүю,жинақы жүру,өз бөлмеңдіретке келтіру екенін білдік.Ұқыпты болсақ үлгілі бала атанады екенбіз.

11.Жүректен жүрекке: «Болайықшы осындай»

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы,досым-ай.

-қимыл жасайды.



-сұрақтарға жауап береді.



-ойыншық жинау, гүлге су құю, ыдыс жуу, аналарына кө-мектесу...

Бал-ң жауаптары.



-сұрақтарға жауап беру.



-өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.













-әңгімені тыңдай-ды.






-сөздер тауып ай-ту.



-жаңа сөздерді қайталау.



-білгендерін ортаға салады.





-өлең жолдарын қайталау.



Білу: «ұқыптылық» туралы түсінік алу.

Игеру:ұқыпты бала-үлгілі бала екендігін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.






Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен елгезек баламын.

Мақсаты:тыңдау,тіл алу,елгезектік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттер:1.үлкендердің өтінішін,тапсырған ісін орындауға үйрету. 2.өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту. 3.үлкендерді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең


Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі




























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Б.Ысқақовтың «Өзім жақсы баламын» өлеңін оқу.

2.Әңгімелесу:

-«Елгезек» деп қандай балаларды айтады?

-«Тілалғыш» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу: «Көкек және оның балалары» атты ертегісі мен Т.Жарқынбековтың «Мақұлжан» әңгімесін салыстырмалы тү- рінде оқып беріп,талдау.

А)-Ана-көкек балаларына неліктен ренжіді?

-Ал,сендердің аналарыңды ренжіткен сттерің болды ма? Неліктен?

Б)-Төлеуді қандай бала деп айта аламыз?

-Ана-көкектің балалары Төлеу сияқты болса,ертегіміз қалай аяқталар еді?

4.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

5.Дәйексөз: «Ағыспен ел көгерер».

6.Ойын: «Сымсыз телефон»

Мақсаты:балаларды «анасының» айтқан сөзін тыңдай білуге және оны басқаға дәл жеткізе білуге үйрету.

7:Дәптермен жұмыс:-Адамдарға қандай көмек кеегін табу. Суреттерді бояу.

8.Ғажайып сөздер:

-Мен тілалғыш баламын.

-Үлкендерді тыңдаймын.

-Үлкен жігіт бол.

9.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Елгезек бала-қандай бала?

-Елгезек боламын деп кім айта алады?

10.Жүректен жүрекке:Ш.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын»атты өлеңін бірге қайталап айту.

-өлең жолдарын қайталау.

-балалардың жау-аптары тыңдалады.



-зейін қойып тыңдайды.



-балалардың жау-аптары тыңдалады.



-балалардың жау-аптары тыңдалады.





-қимыл жасау.












-өздік жұмыс.




-сөздерді қайталау.



-сұрақтарға жауап беру.


-өлең жолдарын қайталау.



Білу: «елгезек»сөзі туралы түсінік алу.

Игеру:елгезек бала қандай болатынын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.


























Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Бірлігіміз жарасқан.

Мақсаты:«бірлік» ұғымы,оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттер:1.бірлік туралы түсініктерін кеңейту.2.өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту. 3.ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең





Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі






















Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айту.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Әңгімелесу

-Балалар,бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу: М.Байділданов «Құмырсқа».

- Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді?

- Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?

4.Дәйексөз: «Бірлік болмай,тірлік болмас».

5.Ойын: «Бесінші артық».

Шарты :музыка ойнап тұрған кезде орындықтарды айналып жүгіреді. Музыка тоқтаған сәтте орындыққа отырып алу ке-рек. Үлгермеген бала ойыннан шағады.

6.Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгіме құрау.

-Суреттерді бояу.

7.Ғажайып сөздер:

-Бірлік бар жерде қуаныш бар.

8.Сергіту сәті:

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.

9.Қортындылау

-Балалар,біз бүгін сабақта не туралы білдік?

10.Жүректен жүрекке: Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін қайталап айту.

-өлең жолдарын қайталайды.






-сұраққа жауап береді.

-ертегінің мазмұ-нын сұрақ-жауап арқылы талдау.





-өздік жұмыс.


-бояу жұмысын орындайды.

-сабақта айтып үй-ренген сөздерді қай-талап айтады

- қимыл жасау.







-сұраққа жауап беру.



Білу: «бірлік» туралы түсінік алу.

Игеру: бірлік» ұғымы,оның құндылық ретіндегі мәнін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.





















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен жақсы баламын.

Мақсаты:«жақсылық»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттер:1.«жақсылық»ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. 2.бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту. 3.Жақсы, әдепті, ақылды, болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең









Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі







































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: Б.Ысқақовтың «Өзім жақсы баламын» өлеңін оқу.

2Әңгімелеу

-«Өзін-өзі тану»әлемінде нені үйренуге болады?

-Жақсы бала деп кімді айтуға болады?

3.Әңгімелеу: «Жақсылық пен жамандық» ертегісі.

-Қалай ойлайсыңдар, Жақсылықтың бойында қандай қа-сиеттер басым?

-Жамандықтың ісін қалай бағалар едіңдер?

-Ал, сенднр өздеріңді қандаймын деп ойлайсыңдар?

4.Өзіммен-өзім

5.Ойын «Жақсы бала қандай?»

Шарты: балалар шеңберге тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып,бір-бірінің алақандарын ұрады.

-Жақсы бала ұқыпты.

-Жақсы бала сыпайы.

-Жақсы бала мейірімді.

-Жақсы бала өз отбасын жақсы көреді. ....

6.Дәптермен жұмыс:сурет бойынша әңгіме құрастыру.

7.Дәйексөз: «Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз».

8.Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

9.Қортындылау

-Балалар, бүгін «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызда біз отбасы,балабақша,достар,туған жеріміз,табиғат туралы әңгімелестік.

-Қандай ұғындармен таныстық?

-«Өзін-өзі тану»бізді неге үйретті?

10.Жүректен жүрекке :

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Кірлесе егер киіміміз,

Өзіміз жуып аламыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз.

Біздің қолда он саусақ,

Барлық іске жарамды.


-бірге айтады.


-балалардың жауапта-ры тыңдалады.


-тыңдайды.

-сұрақтарға жауап береді.




-жақсы баланың қа-сиеттерін айтады.





-сөйлем құрайды.



-қимыл жасайды.








-сұрақтарға жауап береді.




-өлең жолдарын қайталай отырып, қимыл жасайды.





Білу: «жақсы бала» туралы түсінік алу.

Игеру: «жақсы» ұғымы,оның қасиеттерін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.











Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен еңбекқор баламын.

Мақсаты: «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру.

Міндеттері:1.еңбек туралы түсініктерін кеңейту. 2.еңбек ету дағдыларын дамыту. 3.еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең







Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі




























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңі.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы,досым-ай.

2.Әңгімелесу

-Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?

-Сендер үйде,топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

3.Әңгімелеу: М.Төрежанов «Ертеңге қалдыруға бола ма?»

-Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

-Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді,әке-аналарыңды, аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындай-сыңдар ма?

4:Ойын: «Мен еңбекқор баламын».

Шарты:балалар дөңгелене тұрып,ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады.Допты қағы алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып,допты басқа балаға лақтырады.

5.Шығармашылық жұмыс: «Еңбек ер атандарады» тақыры-бына газет шығару.

6.Дәйексөз: «Еңбек ер атандарады».

7.Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

-Суреттерді бояу.

8.Сергіту сәті:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

9.Ғажайып сөздер:

-Жақсы бала еңбекқор,тілалғыш,ұқыпты.

-Еңбек адамға қуаныш сыйлайды,жақсы еңбегі үшін ел баға-лайды.

10.Қортындылау

-Балалар,бүгін нені үйрендік?

-Жақсы,еңбекқор бала қандай болады?

-Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға бола ма?

11.Жүректен жүрекке: Н.Жанаевтың «Еңбек» атты өлеңін ба- лалармен бірге қайталау.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты -еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты –еңбек.

-өлең жолдарына қимыл жасау.








-сұрақтарға жауап беру.



-әңгімеге қатысты сұрақтарға жауап беру.


-бірігіп ойнайды.



-ұжыммен жасай-ды.



-әңгіме құрасты-рып, әңгімелейді.


-қимылмен көрсетеді.







-жаңа сөздері қайталап айтады.



-сұрақтарға жауап береді.



-өлең жолдарын қайталайды.



Білу: «жақсы бала» туралы түсінік алу.

Игеру: «жақсы,еңбекқор,тілалғыш» ұғымдары мен оның қасиеттерін түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.







Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достық көмек.

Мақсаты: «достық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.достық көмек туралы түсінік беру. 2.өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту. 3.бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең







Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері. «достар мен бірге» өлеңін бірге қай-талап айту.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

2.Әңгімелесу

-Біз бүгін өзіміздің ең жақын адамымыз достар туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

-«Досына көмектесу» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Әңгімелеу: «Балдырған нағыз жолдас».

-Телжанды қандай дос деп айтуға болады?

-Мұғалім неліктен Телжанға сүйсінді?

-Сендер өз достарыңа қалай көмектесесіңдер?

4.Дәйексөз: «Дос бәрінен де қымбат».

5.Ойын «Көпір»

Шарты:еденге бормен екі сызық сызылады. «Ол-көпір».Бір-біріне қарама-қарсы екі бала бірін-бірі құлатпай өткізіп,орындарын ауыстырып,көмектесіп, «жағаға» клулері керек.

6.Дәптермеғн жұмыс.

-Сурет бойынша жұмыс.

7.Сергіту сәті:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

8.Ғажайып сөздер:

-Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

9.Қортындылау

-Балалар,біздің бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жаны-мызға жақын, жақсы көретін адамымыз,достарымыз ту-ралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы,тамаша сөздерді айттық.Достар бір-біріне әрқашан көмектесу ке-ректігін түсіндік.

10.Жүректен жүрекке: «Біз доспыз» деп,оның себебін айтады. Мысалы:

-Біз доспыз,себебі бір-бірімізге көмектесеміз.


-өлең жолдарына қимыл жасау.







-сұрақтарға жауап беру




сұрақтарға жауап беру










-қимылмен көрсетеді.












-білгендерін ортаға салады.




-«Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны арқылы жалғастырып отыра-ды.



Білу: «достық» туралы түсінік алу.

Игеру: «достық» ұғымының құндылығын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.




















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен осындай баламын.

Мақсаты: «жақсы адам»сөзінің мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:1.адам бойындағв жақсы қасиеттер туралы түсініктерін бекіту. 2.жақсы қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 3.өзін құрметтей,бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі
































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Кіп-кішкентай болсам да,

Мен тәртіпті баламын.

Үлкендерді мен сыйлаймын,

Бәрін де жақсы көремін!

2.Әңгімелесу: А.Меңжанова «Болайықшы осындай»

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы,досым-ай.

-Өлеңдегі бала қандай бала екен?

-Сендер өздеріңді қандай баламын деп ойлайсыңдар?

-Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді?

-Айналасындағыларға көмектесетін адамды қайырымды деп айта аламыз ба?

3.Жағдаяттарды талдау:

а)Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетті.Ол қандай сөз?

Б)Топтағы бөлме гүлдерін сұғарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып ал-ды.Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар,мына гүлді кім сындырды?»-деп сұрады...

-Сендер Айгүл мен Айжанның орнында болсаңдар,осы сұраққа қалай жауап берер едіңдер?

В)Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді,Аслан оны қай-тадан шашып тастады. Сәуле мен Асланды қандай балалар деп айтуға болады?

4.Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

5.Дәйексөз: «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен».

6.Шығармашылық жұмыс.Жоба-коллаж.

7.Ғажайып сөздер:

-Мен жақсы баламын.

- Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

8.Қортындылау

-Балалар,бүгін нені үйрендік?

-Жақсы,еңбекқор бала қандай болады?

-Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға бола ма?

-Қамқор бала қандай бала?

9.Жүректен жүрекке: балалар шеңберге тұрып құшақ-тасып, бір-біріне жасаған қамқорлығы,сыйлаған қуанышы үшін алғыстарын білдіреді. Мысалы: Ойыншықтарды бө-ліскенің үшін рахмет! Көмектескенің үшін рахмет!


-бірге қайталайды.





-өлең жолдарын тың-дап, сұрақтарға жауап береді.











-жағдаяттарды шешеді.










-өлең жолдарын қимылмен көрсетіп отырады.




-газет шығарады.


-сөздерді естеріне түсіріп қайталап айтады.

-сұрақтарға жауап береді.




-сыйқырлы сөздер айтады.





Білу: «достық,қамқорлық,жақсылық» туралы түсінік алу.

Игеру: «достық,қамқорлық,көмек» ұғымдарының құндылығын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.





Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен табиғаттың бөлшегімін.

Мақсаты:табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.

Міндеттері:1. «табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. 2.табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін да-мыту. 3.салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі





























Рефлексия
















1.Шаттық шеңбері:

Кел,балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

2.Әңгімелеу:Н.Ақышевтың «Табиғаттың бөлшегі» атты әңгімесін оқу.

-Данияр табиғатпен үндестікті қалай сезінді?

-Адамды неліктен табиғат бөлшегі деп атайды?

3.Дәйексөз: «Саулық қайда болса,сұлулық сонда».

4Өзіммен өзім.

5.Дәптермен жұмыс:

Берілген суреттердің бірінші әріпін қосу арқылы, таби-ғаттың бөлшегін тапқызу.

-Суреттерді бояу.

6.Сергіту сәті:

Күн мен ауа және су

Бәрімізге керек пе?

Иә,иә,иә!

Күн жылыну үшін бе?

Иә,иә,иә!

Күн жарық үшін керек пе?

Иә,иә,иә!

Ауа тыныс алу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Ауа таза боду керек пе?

Иә,иә,иә!

Су ішуге керек пе?

Иә,иә,иә!

Су шынығу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Денеңде күш артты ма?

Иә,иә,иә!

7.Ғажайып сөздер:

-Адам-табиғаттың бөлшегі.

-Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.

8.Қортындылау

-Табиғаттың тазалығын сақтасақ,қорғасақ өз денсау-лығымызды сақтағанымыз екенін білдік.Табиғатпен үн-дестікте өмір сүру керек екенін үйрендік.

9.Жүректен жүрекке:

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де,тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.


-өлең жолдарына қи-мыл жасау.





-әңгімені сұрақ жауап арқылы талдау.





-өздік жұмыс жасайды.




-өлең жолдарын айтып отырып,қимыл жасайды.















-жаңа сөздерді еске түсіріп айтады.




-жауаптарын бағалайды.


-өлең жолдарын қайталайды.



Білу: «денсаулық,табиғат» туралы түсінік алу.

Игеру: «табиғат,денсаулық» ұғымдарын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.




Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Табиғаттан үйренейік.

Мақсаты:табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1. «қамқорлық»туралы түсініктерін кеңейту. 2.жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 3туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең











Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

























































Рефлексия




1.Шаттық шеңбері:

-балалар,барлығымыз Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдіріп,рақмет айтайық.

-Күн,сәуле шашып,жарқырағаның үшін рақмет!

-Жер,дем беріп,күш қосқаның үшін рақмет!

-Аспан,таза ауа бергенің үшін рақмет!

-Су,өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

2.Әңгімелеу: К.Ушинскийдің «Төрт түлік» әңгімесін оқу.

-Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?

-Табиғатқа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?

3.Тыныштық сәті.

4.Ойын «Мен табиғаттан не үйрендім?»

-Мен табиғаттан мейірімділікті үйрендім.

-Мен құстардан ән салуды үйрендім.

-Мен судан тазалықты үйрендім.т.с.с.

5.Дәйексөз. «Мейірімділікті табиғаттан үйрен».

6.Дәптермен жұмыс:

-Сурет бойынша әңгіме құрау.

7.Сергіту сәті:

Күн мен ауа және су

Бәрімізге керек пе?

Иә,иә,иә!

Күн жылыну үшін бе?

Иә,иә,иә!

Күн жарық үшін керек пе?

Иә,иә,иә!

Ауа тыныс алу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Ауа таза боду керек пе?

Иә,иә,иә!

Су ішуге керек пе?

Иә,иә,иә!

Су шынығу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Денеңде күш артты ма?

Иә,иә,иә!

8.Ғажайып сөздер:

-Мен мейірімділікті табиғаттан үйрендім.

9.Қортындылау

-Табиғаттың жаратылыстарын атаңдар?

-Табиғат-Ана бізге не береді?

-Табиғатты біздер әрқашан да қорғау керекпіз.

9.Жүректен жұрекке: «Ризашылық» әнін орындау.

-өлең жолдарына қи-мыл жасау.






-әңгімені сұрақ жауап арқылы талдау.



-ойын ойнайды.





-өздік жұмыс жасайды.


-өлең жолдарын айтып отырып, қимыл жасайды.















-жаңа сөздерді еске түсіріп айтады.


-жауаптарын бағалайды.


-өлең жолдарын қайталайды.



Білу: «денсаулық,табиғат» туралы түсінік алу.

Игеру: «табиғат,денсаулық,қамқорлық» ұғымдарын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.











Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Өнердің ғажайып әлемі.

Мақсаты: «өнер»құндылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:1. «өнер» ұғымы туралы түсінік беру. 2.өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. 3.өнерлі болуға тәрбие-леу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі



























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: «Айгөлек» әні.

Қазақтың халық әні.

2.Әңгімелесу: Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» өлең жолдарын оқу.

-Өлең жолдарын сұрақ-жауап арқылы талдау.

3.Әңгімелеу: «Қорқыт» аңызын оқу.

-Қорқыттың тартқан күйін неге табиғат ұйып тыңдайды екен?

-Қорқыттың тартқан күйінің сиқырлы күшінің әсерінен барлық тіршілік иелері тіпті табиғаттың өзі де:жүгірген аң,ұшқан құс өнерге сүйсініп,бас иіпті.Қорқыт халықтың жүрегінде сақталып,қобыздың атасы болып аталды.Қор- қыттың жасаған аспабы қазіргі күнде ұлттық аспап-тардың бірі, музыка өнерінде ерекше орын алады.

4.Дәйексөз: «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі ал-тын».

5.Шығармашылық жұмыс. «Ұлттық ою-өрнектер». Бала- ларды сурет,жапсыру,мүсіндеу,қол еңбегі бойынша 3-4 топқа бөлу. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдас-тыру.

6.Ғажайырп сөздер:

-Өнер-адам бойындағы бір нәрсеге қабілеттілік,шеберлік, іскерлік.

7.Сергіту сәті:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

8.қортындылау

-«Өнердің ғажайып әлемі»-адамды әлемнің сұлулығын,

әсемдігін,табиғаттан алған әсерлерін сезінуге шақырады.

9.Жүректен жүрекке: Б.Байқадамовтың «Кел,билейік» әнін қимылмен орындау.

-бірге қосылып айту.


-өлең жолдарын сұ-рақ-жауап арқылы талдау.


-сұраққа жауап береді.


-тәрбиешінің қортын-дысын тыңдайды.






-өздік, өз еркімен ұжымдық жұмыс жа-сайды.


-сөздерді қайталайды.




-қимыл жасайды.








-білгендерін ортаға салады.

-бәрі бірге қосылып ән шырқайды.



Білу: «өнер» туралы түсінік алу.

Игеру: «өнер» құндылығы туралы түсінік алу.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.


















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Туған жерімді сүйемін.

Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:1.Отан,сүйіспеншілік,туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2.туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. 3.Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең





Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі
































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:Е.Ерботиннің «Туған жер» өлеңін оқу.Балалар қайталап айтады.

Төсекейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

2.Өзіммен-өзім:табиғат аясында отырғандарын сезінді-ру:таза ауа жұту,ағаштың шайқалғанын есту,т.с.с.

3.Әңгімелесу

-Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу: Р.Әбілқадырованың «Туған жер туы» әңгімесінен үзінді оқу.

-Әжесі мен Асылзат туған жерге сүйіспеншіліктерін қа-лай білдірді?

-Өздерің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер?

5.Дәйексөз: «Туған жер-алтын бесік».

6.Дәптермен жұмыс:

-Туған жерлеріңнің суретін салыңдар.

7.Ғажайып сөздер:

-Туған жерімді сүйемін.

-Туған жерге қамқормын.

8.Сергіту сәті:

Күн мен ауа және су

Бәрімізге керек пе?

Иә,иә,иә!

Күн жылыну үшін бе?

Иә,иә,иә!

Күн жарық үшін керек пе?

Иә,иә,иә!

Ауа тыныс алу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Ауа таза боду керек пе?

Иә,иә,иә!

Су ішуге керек пе?

Иә,иә,иә!

Су шынығу үшін бе?

Иә,иә,иә!

Денеңде күш артты ма?

Иә,иә,иә!

9.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Туған жерімізге қандай қамқор жасай аламыз?

-Отанды әрқашан да қадірлей білу керек.

10.Жүректен жүрекке: «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үнтаспадан тыңдау.

-қимылмен көрсетеді.





-балалар алған әсер-лерін ортаға салады.



-әңгімені тыңдайды.


-сұрақтарға жауап береді.



-мағынасын айтады.




-сөздерді қайталап айтады.



-Қимыл жасайды.

















-сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қор-тындылайды.

-қосылып ән айтады.



Білу: «туған жер» туралы түсінік алу.

Игеру: «туған жердің» құндылығы туралы түсінік алу.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Ұлттық дәстүрім-мақтанышым.

Мақсаты:ұлттық дәстүрді құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:1.ұлттық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту. 2.ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру. 3. ұлттық дәстүрлерге деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең

Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері: «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін бірге айту.

2.Әңгімелесу: бейнетаспадан «Тұсау кесер» дәстүрін қарау.

-Тұсаукесу рәсімін баланың ата-аналары қандай адамдарға тапсырушы еді?

-Баланың тұсауын қандай заттармен кесті?

-Баланың тұсауын бірінші неге көк шөппен кеседі екен?Ал тоқ ішекпен ше?

-Үшінші рет ала жіппен не үшін кеседі екен?

3.Ойын «Үкі»

Шарты:ойын жүргізуші «үкінің» көзіндегі орамалды шешпестен ойыншылардың бірін танып беруі керек.Ойынға қатысушылар «үкіні» адастыру үшін сырт киімдері мен бас киімдерін ауыстырып,басқа да әдеттерге барады.

4.Дәйексөз: «Ұлттық дәстүр-асыл мұра».

5.Ғажайып сөздер:

-Өз ұлтының дәстүрін құрметтеу,сақтау-әр адамның азаматтық парызы.

-Ұлттық дәстүр-асыл мұра.

6.Сергіту сәті:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

7.Қортындылау

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Қандай ұлттық дәстүрлерді білесіңдер?

8.Жүректен жүрекке:

Мінеки,сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата салтын.

Жас ұрпақ,ойлан өзің,біл тарихтан,

Қазақ болып қал,қадірле қазақ халқын.

-әңді бірге айтады.


-бейнетаспадан рәсімді карайды.

-сұрақтарға жауап береді.






-ойынды шартын бұз-бай ойнайды.





-сабақта айтып үйрен-ген өнегелі сөздерді қайталап айтады.



-өлең жолдарына сәйкес келетін қимыл-дар жасайды.






-сұрақтарға жауап бе-реді.


-өлең жолдарын қай-талайды.



Білу: «ұлттық салт дәстүр» туралы түсінік алу.

Игеру: «дәстүрді»сақтау құндылығының маңызын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.


















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан елміз.

Мақсаты: «ынтымақ»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:1.ынтымақ,бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. 2.достық қарым-қатынастарын нығайту. 3.татулықта, бірлікте,бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең





Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі




























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:Ә.Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» атты өлеңін оқу.

Жақсылыққа,бақытқа

Талпынған әр уақытта,

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

2.Әңгімелеу:А.Каралийчевтың «Тас пен арбакеш-тер»атты әңгімесі мен «Ырыс алды ынтымақ» қаз-зақ ертегісін оқу.

А)-қалай ойлайсыңдар,арбакештердің өздері неге бәрі бірге бірігіп,тасты итеруді ойламады?

Б)Қалай ойлайсыңдар,неге балалар бір құшақ то-былғыны сындыра алмады?

3.Ойын. «Қазақстанда тұратын халықтар».

Шарты:балалар шеңберге тұрып,бір-біріне допты беру арқылы Қазақстанда тұратын халықтарды атайды.

4.Әңгімелесу

-Біз қай елде тұрамыз? Қазақстанда қандай халық-тар тұрады?

-Сендердің туыстар, көршілер, достарыңның ара-сында басқа ұлт өкілдері бар ма? Сендер олармен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?

-«Ынтымақ»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

5Дәйексөз: «Ырыс алды-ынтымақ».

6.Дәптермен жұмыс

-Дәптердегі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін атап,бояйды.

7.Ғажайып сөздер:

-Қазақстанда тұратын барлық халықтармен доспыз, бауырмызтату-тәтті өмір сүреміз.

8.Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

9.Қортындылау

-Бүгін не туралы сөйлестік?

-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Туған жерімізге қандай тілектер айтар едіңдер?

10Жүректен жүрекке:Н.Айтовтың «Бір шаңырақ астында» өлеңін оқу.


-өлең жолдарын қосылып айтады.





-әңгімемен ертегіні тыңдайды.



-сұрақтарға жауап қайтарады.



-ойын шарты бойынша ойнайды.



-сұрақтарға жауап береді.






-өздік жұмыстары.




-өнегелі сөздерді қай-талап айтады.


-қимыл жасайды.





-сұраққа жауап бере-ді.



-өлеңді тыңдайды.




Білу: «ынтымақ,бірлік» туралы түсінік алу.

Игеру: «ынтымақ»ұғымының адамгершілік құндылығының маңызын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.

















Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Отанға сүйіспеншілік.

Мақсаты: «Отан»құндылығының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:1. «Отан», «атамекен» туралы түсініктері кеңейту. 2.Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. 3.Ота-нын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең



Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі

























Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Е.Өтетілуұлының «Отан» атты өлең жолдарын бірге айту.

-Балалар,Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Әңгімелесу

-Анамызды біз неліктен құрметтейміз,қадірлейміз?

-Отанды неліктен «анамыздай» қастерлейміз?

-Отанды нелітен «Атамекен» деп аялап айтамыз?

-Атамекен деген сөзді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен?

3.Бейнематериалдар көру: «Отан», «Қазақстан», «Атамекен» тақырыптары.

4Дәйексөз: «Отанды сүю отбасынан басталады».

5.Әңгімелесу: «Кішкентай ханзада» әңгімесін оқу.

-Ханның ұлдары Отанына қандай қызмет көрсетті?

-Қиыншылық туғанда жауды жеңу үшін халыққа кім қалай көмектесті?

6.Сахналау

Мақсаты:өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

7.Шығармашылық жұмыс:«Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпқа сурет салу.

8.Ғажайып сөздер:

-Отан-ана,отбасы,туған жер,атамекен.

-Отан-Қазақстан.

-Мен Отанымды сүйемін!

9.Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

10.Қортындылау

-Бүгін біз әр адам өзінің Отанына,туған өлкесіне ыстық сезімін,сүйіспеншілігін түрлі жолдармен жеткізетінін білдік.

-Білім алып,болашақта Отан үшін қызмет етеміз.

11.Жүректен жүрекке

Ата-бабам жанын қойып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпағына арнаған.

Қазақстан-алтын ұя Отаным,

Жайнай берші,мәңгі гүлдеп әрқашан.

-өлең жолдарына қи-мыл жасау.




-сұрақтарға жауап бе-реді.




-бейнематериал қарайды.


-әңгіме тыңдайды.

-сұрақ-жауап арқылы әңгімені талдайды.





-өздік жұмыс.



-өнегелі сөздерді қай-талап айтады.



-қимыл жасайды.





-естерінде қалғанды, білгендерін ортаға са-лады.



-өлең жолдарын қай-талап айтады.




Білу: «Отан,атамекен» туралы түсінік алу.

Игеру: «Отан»құндылығының маңыздылығын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.























Күні_________

Білім саласы:әлеуметтік

Бөлімі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мың алғыс,саған, «Өзін-өзі тану әлемі».

Мақсаты: «Өзін-өзі тану»сабақтарында алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:1. «Өзін-өзі тану»сабақтарында алған білім,біліктерін қортындылау. 2.адамгершілік құндылықтары мен адами құнды қасиеттер туралы білімдері дамыту. 3.адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең




Ізденіс ұйымдас-

тыру кезеңі































Рефлексия

1.Шаттық шеңбері:

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен,

Нағыз адам боласың!

2.Әңгімелесу: Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» атты өлең жолдарын оқу.

-Жақсы,жаман болу өзіңе байланысты деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңді қандай баламын деп ойлайсың?

3.Ойын. «әдепті сөздер»

Шарты:балалар жартылай шеңберге отырып,допты лақтырып,қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.

4.Өлең жолдарын балалармен бірге қайталап айту:

«Кім ойлап тапқан».

5.Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

6.Сұрақ-жауап:

-Біз табиғатқа қамқор болуымыз үшін қандай көмек бере аламыз?

-Отанымызды көркейту үшін не істеуіміз керек?

7.Ойын «Жақсылық жасау үшін не істеу керек!»

Шарты:балаларға суреттер таратып беріп,сол суретке қарап,оларға жақсылық жасау үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсыну.

8.Дәйексөз: «Өзін-өзі таныған,елдің өтпес алдынан».

9.Ғажайып сөздер:

-Мен адаммын.

-Мен өз отбасымды жақсы көремін.

-Достарымды сыйлаймын.

-Табиғатты қорғаймын.

-Менің Отаным-Қазақстан.

10.Қортындылау: Балалар,міне,біздің «өзін-өзі тану» әлеміндегі саяхатымыз аяқталды.Біз осы пән арқылы жан дүниеміз байып,рухани құнды қасиеттерді танып білдік.

11.Жүректен жүрекке: «ӨЗін-өзі тану» әлеміне ризашылықтарын өлең жолдары арқылы білдіреді:

Мың алғыс саған,

«Өзін-өзі тану әлемі»

Мың алғыс саған,

Дәптерім менің әдемі.

Мың алғыс саған,

«Өзін-өзі тану әлемі»

Сүйеміз біз,қоршаған бар әлемді.

-өлең жолдарына қи-мыл жасау.





-тыңдайды.


-сұрақтарға жауап бе-реді.



-ұжым болып ойнайды.





-қимыл жасау.








-сұрақтарға жауап бе-реді.







-өнегелі сөздерді қай-талап айтады.









-алғыстарын өлең жол-дары арқылы білдіреді.



Білу: «Өзін-өзі тану» әлемінде алған білімдерінің естерінде қалғанын тексеру.

Игеру: «Өзін-өзі тану» әлемінде алған білімдерінің құндылығының маңыздылығын түсіну.

Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!