СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Озық ойлы ұландар" танымдық ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

"озық ойлы ұландар" танымдық ойын. мақсаты: баланың ой өрісін дамыту.   тіл мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу. шапшаңдыққа үйрету

Просмотр содержимого документа
«"Озық ойлы ұландар" танымдық ойын»

«ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛАНДАР»

танымдық ойыны

  Мақсаты:

-  Баланың ой- өрісін дамыту; Танымдық белсенділігі жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, интеллектуалдылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу; Ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеу; Ойы мен қиалын шарықтатып, тіл мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі:

( қанатты сөздері жазылып қойылады)

  «Қабілетті Жас Ұлан - еліміздің болашағы»,  

«Біліммен қаруланғаның,

Келешекке жол ашқаның».

  Ойынға  5-9 сынып оқушыларынан екі топ құрылады.

Ойын  3 тур бойынша, топтық сайыс ретінде өтіледі.

Сарапшылар тобын құру:

Сарапшылар тобы:

1.      Оқу ісі меңгерушісі Еділбаева Ж.

2.      Тәрбие ісі меңгерушісі Ибраимова С.Қ.

3.      Қазақ тілі пәні мұғалімі Мұхамедиярова Т.М.

 

Жүргізу  барысы:

1. Оқушыларға ойын барысын таныстыру.

2. Әр топ өзін -өзі таныстыру.

3. І тур «Ұшқыр ой» сайысы

4. ІІ тур «Ойлан, тап» сайысы

5. ІІІ тур «Кім мықты?» топ басшылар сайысы

Ал келіңдер, келіңдер, бір біріңе еріңдер

Білімдеріңді тексеріп, бәйгеге қатысып көріңдер.

Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер табыспай, Тәлім тәрбие алар ма?



Ең алдымен ойынды бастамас бұрын әр топтан бір оқушыны ортаға шақырып, ойынды бастау үшін "Қанталапай" ойнайды.. «Қанталапай» ойынының тәртібі: Мына қоржында асықтар бар. Осы асықтарды ортаға шашамын, екі оқушы асықтарды жинайды. Қай топтың оқушысы көп асық жинаса, сол топ ойынды бастайды.

1. Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түсер сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін. Сөз кезегін сайыскерлерге береміз.

І-топ. Топтың аты – «НАНО»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «МЕГА»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

Екі топпен таныстық. Ары қарай ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа әр түрлі пәндерден сұрақтар , аймақтық және логикалық сұрақтар. Жалпы жиыны 20сұрақ қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр бір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

«Нано» тобына:
1. Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріппен)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөзді дыбыстық жағынан тексеретін ғылым қалай аталады? (фонетика)
4. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
5. Тікбұрышты үшбұрыш туралы  теорема кімнің теоремасы (Пифагор)

6. Қосарлап жегілген ат-арбамен Айдос 25 шақырым жол жүрді. Оның әраты неше шақырым жүрді? (25 шақырым) . 
7.  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес) .

8. Конституция қашан қабылданды? (1995)

9. Елтаңбаның авторларын ата. (Ж. Мәлібеков. Ш. Уалиханов)

10. Қазақстандағы ең алғаш ұйымдастырылған қорық? (Ақсу-Жабағылы)

11. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)

12. ШҚО орталығы ( Өскемен)

13. Жарма ауданының әкімі (Сыдықов Нұрлан Батташевич)

14. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен

   өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? (диффузия)

15. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Ньютон)

16. Сіріңке қорабының бүйіріндегі қандай химиялық элемент қоспасы?

       (фосфор)

17. Қандай метал қалыпты жағдайда сұйық түрде кездеседі? (сынап)

18.Адам ағзасындағы ең қатты зат  (тіс)

19. Қанның ақ түйіршіктері (лейкоцидтер)

20. Медицинаның атасы кім (Гиппократ)



«Мега» тобына:
1. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

2. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

3. Сөз мағыналарын зеріттейтін ғылым? (Лексика)

4. «Тригонометрия» сөзінің мағынасы (үшбұрыштарды өлшеймін)
5.  Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда қалай аталады? (диаметр)

6. Стол басында екі әке және екі баласы отыр:бұларға алты алма берді, ал алма саны тең әрі бүтін күйінде жетті. Стол басында қанша адам?    ( үш кісі)
7. Тауықтың бір аяғымен тұрғандағы салмағы 3кг. Екі аяғымен тұрса тауық қанша кг болады? (3кг)
8. Қазақстан егемендігін қай жылы алды? (91)

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата. (Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев. Ш. Қалдаяқов)

10. Ең ежелгі материк? ( Пангея)

11. Қазақстанда неше өзен бар? (85 мыңнан астам)

12. ШҚО жер аумағы ( 283300км)

13. Терістаңбалы ауылдық Округ әкімі? (Сәкенов Мұрат Базылжанович)

14. Дене қысымын сипататтайтын шама (температура)

15. Тұрақты көлемі, меншікті пішіні жоқ заттың күйі (Газ)

16. Ең қиын балқитын элемент (вольфрам)

17.  Ең жеңіл химиялық элемент(сутек)

 18. Түсті ажырата алмайтын құбылысты ашқан ғалым (Дальтон)

19.  Қан беруші адам қалай аталады (Донор)

20. Адам тоқсан пайыз ақпаратты қай мүше арқылы қабылдайды? (көру)



Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, келесі айналымды бастаймыз
ІІ тур «Ойлан, тап»

Бұл бөлім мақал- мәтелдер сайысы. Екі топтан бір- бір оқушыдан шығып, мына жерде жасырылған қағазды алады. Қағазда мақалдың бір жолы көрсетілген. Екінші жолын өздері жалғастырады. Мақал білмейтін бала жоқ шығар. Өйткені мақал- мәтелдерді біз бала күнімізден бастап үйренгенбіз. Ал сәттілік!

1. Ұяда не көрсең….. (ұшқанда соны ілесің)

2. Жалқаудың жаны тәтті…..(Еңбектің наны тәтті)

3. Әке көрген оқ жонар…..( Ана көрген тон пішер)

4. Өнер алды…..(қызыл тіл)

5. Қызыл тіл бас жарады….( бас жармаса тас жарады)

6. Оқу инемен…..( құдық қазғандай)

7. Жүз теңгең болғанша…..( жүз досың болсын)

8. Оқу білім бұлағы…..( білім өмір шырағы)

9. Қына тасқа бітеді....( білім басқа бітеді)

10. Білекті бірді жығады…. ( білімді мыңды жығар )

11. Көп сөз көмір.....(Аз сөз алтын)

12. Еңбек етсең ерінбей .....(тояды қарның тіленбей)



IIIтур.

Келесі кезеңіміз «Кім мықты?» топ басшыларының сайысы. Бұл кезең салт- дәстүр мен қасиетті сандарға байланысты. Топ басшылары шығып мына жердегі жасырылған қағаздың біреуін таңдап алады. ( қағазда сұрақ берілген. ) Ойлануға 1мин уақыт беріледі.

I . Бес қаруды ата.(Садақ, қылыш, мылтық, айбалта, найза)

Қалжа деген не? ( жас босанған әйелге арнайы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады.

Енші деген не? (балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата анасы үй тігіп, жеке шығарып, дүние мүлік мал береді. Мұны енші деп атайды)



II .Жеті қазынаны ата. (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік тазы)

Тоқымқағар деген не? (жас бала ең алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып, ойын сауық құрады. Мұнысы тоқымы жерде қалмасын, үйге аман есен келсін деген ырым екен.

Жасау деген не?( ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік)


Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп жасымаңдар

Қатысуда бір жеңіс , жан болсаң сен егер ұғатын.

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі. (әділқазылар шешім шығарғанша психолог маман тренинг өткізеді.)

Марапаттау.
Осыменен осы ойынды тәмәмдасақ,

бұл жарысты өткізермек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы.

Тағы да үйренерміз аман болсақ. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін қатысушыларға, көрермендерге көп рахмет айтамыз.