Төлқожаева Жадыра Жақыпжанқызы
Информатика пәнінің оқытушысы
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ОЗЫҚ БОЛАШАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ КЕПІЛІ
Зерттеудің мақсаты: Жаңа технологиялардың білім алу процесіне қажеттілік деңгейін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Жаңа технологиялар студенттер және оқытушылар көзімен
Интербелсенді құрылғылардың ерекшеліктерін зерттеу
Мобильді қосымшалар оқу процесінде
Интернет қорлары
Зерттеу нысаны: Жаңа ақпараттық технологиялар
Зерттеу болжамы: егер жаңа ақпараттық технологияларды білім беру әдістемесіне сай жетік қолдана алса жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады.
Зерттеу әдістері: мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; практикалық жұмыс.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: білім беруді жақсарту жағдайында оқыту сабақтарындда интербелсенді тақта бағдарламасын, мобильді қосымшаларды пайдаланудың әдістемелік-теориялық негізі айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: Activinspire бағдарламасында қазақ тіліндегі тапсырма үлгілері жасалды, мобильді қосымшалармен жұмыс жасау тәжірибесі көрсетілді.
Жаңа ақпараттық технологиялар студенттер көзімен
Ақпаратты есте сақтау туралы сөз қозғағанда қозғалыс зейінінің ролі өседі. Сондықтан сабақ уақытында оқушыларға әрдайым түсіндіріліп жатқан материалға байланысты өздеріне әрекет етуге мүмкіндік беру керек.
Оқушылар үшін жаңа технологиялармен жұмыс істеудің артықшылығы:
Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;
Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.
Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.
Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және өздеріне деген сенімі арта түседі.
Жаңа технологиялар оқытушылар көзімен
Жаңа технологиялармен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;
Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;
Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді.
Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады
Біз осы тақырыпты тандаған себебіміз, қазіргі заман. Мысалы: оқу және жұмыс орындарда қолданылады. Біз осы тақырып бойынша интербелсенді тақтаға арналған іс-шарттарды айтуға тырысамыз.
Интербелсенді құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
— Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
— Алған білімді жүйелеу;
— Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;— Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
— Студенттерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Атап айта беретін болсақ бұл бағдарламада нысандарды контейнер ретінде, нысандардың қасиеттерін пайдаланып түрлі тапсырмалар орындау, тест жұмыстарын жүргізу сияқты т.б. әдістемелік материалдар дайындауға болады.
Мобильді қосымшалар оқу процесінде
Мобильді оқыту деп – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз
Біздің елімізде қазір «мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Бірақ қолданылу аясы әлі де болса қажетті деңгейде емес. Оған себеп:
1. сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың жеткіліксіздігі;
2. жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы;
3. желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы.
Мобильді құрылғыларды қолдану неліктен тиімді:
- оқу үдерісіне қатысушылар: оқушылар өзара және оқытушы үйреншікті, ыңғайлы құралдарымен әрекеттеседі;
- сыныпта бірнеше компьютер қойғаннан гөрі, қолда бар мобильді құралдарды пайдалану ықшам және тез;
- мобильді құрылғыларда жүктелген электронды контенттермен жұмыс істеу, қағаз оқулықтар мен компьютерді қолданудан гөрі жеңіл және жылдам. Стилус немесе сенсорлық экран арқылы жұмыс істеу клавиатураны қолданудан ыңғайлы;
- мобильді құрылғыларға арналған кроссплатформалық қосымшаларды (WhatsApp, Viber, Telegram) пайдалану арқылы оқушылар мен оқытушы ортақ істелетін тапсырмамен жылдам бөліседі, топ ішінде ақпараттарды бір мезгілде және әркім өзінше өңдей алады;
- кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуға мүмкіндік бар;
- жаңа технологиялық құрылғылар: смартфондар мен заманауи гаджеттер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады.
Неліктен «мобильді оқытуды» енгізу білім беру үшін тиімді:
- «мобильді оқыту» – жеке тұлғаға бағытталған. Оқушылар өздерінің қойған мақсаттарына сәйкес, қажеттілігін қанағаттандыратын білім мазмұнын таңдау мүмкіндігіне ие болады;
- білімді меңгеруге икемді құрал арқылы, жылдам қол жеткізу оқушының еңбегін өнімді етеді;
- өзінің сұранысын қанағаттандыратын контентке жылдам қол жеткізу. Оқушылар сабақтан тыс уақыттардарын тиімді пайдаланады, мобильді құралдары арқылы алыстан бірлесіп білім алуға мүмкіндік бар.
Қорытынды
Бағдарламаның қарапайым мүмкіндіктерін қарастыру – Яғни бұл көп уақытты алмайды және осының өзінен көптеген қызықты тапсырмалар құрастыруға болады.
Бағдарлама бойынша тапсырмаларды ұйымдастыру алгоритмін дайындау – Алдын-ала қарастырылған алғышарттар ұзақ уақытты алмайды және тіимді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқытушылардың озық тәжірибелерін орталықтандыру – колледж сайтына флипчарттар базасын енгізу дайын базамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Мобильді оқыту» – жеке тұлғаға бағытталған. Оқушылар өздерінің қойған мақсаттарына сәйкес, қажеттілігін қанағаттандыратын білім мазмұнын таңдау мүмкіндігіне ие болады;
Білімді меңгеруге икемді құрал арқылы, жылдам қол жеткізу оқушының еңбегін өнімді етеді;
Өзінің сұранысын қанағаттандыратын контентке жылдам қол жеткізу. Оқушылар сабақтан тыс уақыттардарын тиімді пайдаланады, мобильді құралдары арқылы алыстан бірлесіп білім алуға мүмкіндік бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
http://sabaq.kz/9486/activinspire
http://ped-kopilka.ru/blogs/narivonchik-lyudmila/vozmozhnosti-interaktivnogo-oborudovanija-programnogo-obespechenija-aktiv-inspir.html
chrome-extension://oemmndcbldboiebfnladdacbdfmadadm