ПАЙДАЛАНБАҒАН ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТТАРЫ (БИЛЕТТЕРІ)
ҮШІН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ
БИЛЕТТЕРДІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ.
94. Жол жүрудің құны билеттің құнынан және плацкартаның құнынан құрылады.
Жолаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруға және пайдаланбаған жол жүру құжаттары үшін және болмаған багаж тасымалы үшін қайтару төлемдерін алуға мынадай жағдайларда құқылы:
1) жолаушыға поезда (қала маңындық поездардан басқа) ол сатып алған жол жүру құжатына сәйкес орын берілмеген жағдайда.
Бұл жағдайда (жолаушы ұсынылған орын ауысудан бас тартқан кезде) жолаушының талабы бойынша жөнелту станциясы акт құрады, оған поездың бастығы өз қолын қояды. Актінің негізінде жолаушыға жол жүру құжаттары үшін және болмаған багаж тасымалы үшін төлемдер, қайтару операциясы үшін алым алынбай актінің екінші жағына қолын қойғызып, дереу толығымен қайтарылады.
Дәл сол поезда төмен санаттағы вагонда орын берілген жағдайда станция жол жүру үшін алынған сома мен осы Ережеде белгіленген тәртіппен орын берілген вагонның нақты құнының арасындағы айырманы жолаушыға қайтарады;
2) темір жол станциясының кассасына пайдаланбаған жол жүру құжаттарын қайтарғанда:
поездың жөнелуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүрудің толық құны қайтып алуға;
поезд жөнелгенге дейін кемінде 24 сағатта, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей - билеттің құнын және плацкартаның 50% құнын қайтып алуға;
поезд жөнелгенге дейін кемінде 6 сағатта және жөнелгеннен кейін 3 сағаттан аспағанда - билеттің құнын алуға, бұл ретте плацкартаның құны ұстап қалынады.
Пайдаланбаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) ақшасы жолаушының ауызша арызының негізінде вокзал бастығының немесе кезекші өкімгердің өкімі бойынша қолхатпен қайтарылады. Көрсетілген жол жүру құжаттарын (билеттерін) вокзал бастығы немесе вокзал бойынша кезекші сызып тастау арқылы жояды, оларға тиісті белгі қойылады.
АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында сатып алынған АБЖ арқылы ресімделген пайдаланбаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтарған кезде, вокзал бойынша кезекшінің белгісі талап етілмейді.
Жолаушы АБЖ арқылы бірнеше адамға (9 артық емес) ресімделген жол жүру құжатын орындарды ішінара қайтара алады. Бұл ретте жолаушыға адамның қажетті санына қарай жаңа жол жүру құжаты беріледі. Төлемдер жалпы тәртіпте төленеді.
Топтасқан тасымалдар бойынша (10 адам және одан көп) ақшаның қайтарылуы талап-қуыным тәртібімен қайтарылады.
Топтасқан өтініш (10 және одан көп) бойынша балалар мен оқушылар үшін қолма-қол есеппен алынған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемдері топ басшысының оны куәландыратын құжаттың нөмірі және мекен-жайы көрсетілген өтініші бойынша қайтарылады.
Бір реттік және әскери билеттерге берілген үстеме ақы квитанциялары бойынша ақшаны қайтару туралы талаптарды, квитанциялардан басқа, және қосымша төлем жүргізілген билеттерді ұсынуы бойынша темір жол көлігінің ұйымдары қарайды.
АБЖ арқылы ресімделген және жүйенің терминалдарымен жабдықталған билет кассасына қайтарылатын билеттердің барлық түрлерінің үстеме ақы квитанциялары бойынша ақшаны төлеу жолаушымен оған берілген билетті тапсырусыз станцияның (вокзалдың) кассасында жүргізіледі.
3) 2 және одан артық компостер белгісі қойылған немесе олардың жарамдылық мерзімінің ұзартылуын тоқтату туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары бойынша төлемдерді қайтару кезінде;
4) жолаушының ауру жай-күйіне қарай поездан шығуы кезінде.
Бұл жағдайда, жолаушы жол жүруді тоқтатқан станция (вокзал) 2 данада акт құруы міндетті. Актіде жол жүру құжатының (билеттің), поездың, вагонның нөмірі, күні және жолаушы жол жүруден қалған станцияның аты көрсетіледі. Осы актінің негізінде жолаушыға жүрмеген жол үшін жол жүрудің құны (плацкартаның құнынан басқа) қайтарылады. Жолаушымен есептесу мынадай тәртіпте жүргізіледі: жалпы жол жүру құнынан жүрген ара қашықтығының құны шегеріледі. Алынған айырмада жол жүрудің тоқтатылған станциясынан баратын станцисының плацкарта құны ұстап қалынады. Жүргізілген операцияға алым алынбайды.
Жолаушы жол жүруді одан әрі жалғастыруды қалаған жағдайда, билет кассирі есепке жаңадан тегін беруге ақтау құжаты ретінде актіні және қайтарылған жол жүру құжатын (билетін) қоса тіркей отырып, жолаушыға бару жеріне дейін жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жарамдылық мерзімін ұзартады не жаңадан жазып береді. Сондай-ақ, бұндай жолаушы бірінші жөнелтілетін поезбен аттандырылады;
5) Тасымалдаушыға байланыссыз жолаушының жол жүруді жалғастырудан бас тарту тудырған поездар қозғалуының үзілісі жағдайы.
Жолаушы поездар қозғалысының үзілісіне кезіккен станция (вокзал) жолаушының жазбаша өтініші бойынша жүрмеген жолдың құнын қайтарады;
6) куәландырудың тиісті құжаттары бар ауыру не жазатайым оқиғаның салдарынан жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поезд жөнелтілгенінен кейін 3 тәулік ішінде поезға (қала маңындықтан басқа) кешіккен кезде. Жолаушы плацкартаның құнын қосымша төлеген жағдайда, басқа поезға жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылығын жаңғырта немесе плацкартаның құны ұстап қалынып, жол жүрудің құнын қайтарып ала алады.
Поезға (қала маңындықтан басқа) ол жөнелтілгеннен кейін 3 сағат ішінде басқа да жағдайлармен кешіккен кезде жолаушы плацкартаның құнын қосымша төлеп, жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылығын жаңғырта немесе плацкартаның құны ұстап қалынып, жол жүрудің құнын қайтарып ала алады;
7) жол жүру барысында жолаушының тілегі бойынша жол жүруді тоқтатқан кезінде. Жолаушы жүрудің құнын, жүрмеген ара қашықтығының жүрмеген плацкартаның құнынан басқа, қайтып ала алады.
Жол жүру тоқтатылған уақытты вокзал бойынша кезекші "Жол жүру құжатының күші тоқтатылды" деген белгімен, уақытын, күнін және вокзал мөртабанымен куәландырады.
Жол жүру тоқтатылған кезде ақшаны қайтару жолаушының ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.
Ұсынылған жол жүру құжаттарына қатысты жөнелудің жолайғы немесе кері шығу станциялары болып табылмайтын станцияларда жол жүру құжаттарының күші жойылғаны туралы белгілер қоюға тыйым салынады;
8) заңды және жеке тұлғалар өтініштер бойынша сатып алған жол жүру құжаттарды билет кассасына поездың жөнелуіне кемінде қалған 5 (бес) тәулікке дейін бірақ 3 тәуліктен кешіктермей қайтарған кезде, плацкарта құнының 50% ұсталып қалады, ал жол жүру құжаттарын (билеттерді) (оның ішінде қайта шығуға) поездың жөнелуіне дейінгі 3 тәуліктен кешіктірсе, плацкартаның толық құны ұсталып қалады.
Ескерту: 94-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
95. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мерзімдеріне қарамастан, бірақ поезд жөнелтілгенге дейін, жол жүру құнынан сомаларды ұстап қалу жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген поезд тоқтатылған немесе жолаушылардың жол жүру пункттінен оның жөнелтуін бір сағаттан аса кідіртілген кезде, жолаушылардың жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орындар оларға берілмегені үшін және басқа орындарды пайдалануға келіспегенде болмай қалған жол жүру кезінде жүргізілмейді. Осы жағдайда жол жүрудің құны толығымен қайтарылады. Қайтару операциясы үшін төлем алынбайды.
Тасымалдаушы жолаушыға пайдаланбаған жол жүру құжаттарының құнын, жол жүру құжаттарында оларды станциялардың немесе вокзалдардың өтеген уақыты (күні, сағаты) және пайдаланбаған орындарды тапсырғаны туралы белгілері бар болған кезде қайтарады.
96. Тасымалдаушының кінәсі бойынша келісілген поездар кешіккен жағдайда, жолаушыға басқа станциядан ресімделіп берілген жол жүру құжаты (билеті) өзінің күшін сақтайды және осы құжатта (билетте) көрсетілген тағайындалған станциясына дейін баратын жуық поезға қайта ресімделуге жатады.
Тасымалдаушының кінәсі бойынша келісілген поездар кешіккен жағдайға байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқанда жол жүрудің құны мен алымдар толық қайтарылады. Бұл ретте қайтару операциясы үшін алым алынбайды.
97. Жолаушы ауданаралық және ішкі поездың кідіруіне байланысты алысқа қатынайтын немесе жергілікті поезға кешіккен жағдайда ол туралы жол жүру құжатында (билетінде) ауданаралық және ішкі поездың кешіккені туралы расталған белгі болса, жол жүру құжаттының күші сақталады және жуық поезға қайта ресімделуге жатады. Егер жолаушы жол жүруден бас тартса, онда жол жүру құны және алымдар толығымен қайтарылады. Жол жүру құжаттарын қайтарып беру операциясы үшін алым алынбайды.
АБЖ арқылы берілген жол жүру құжатын (билетін) бір реттік "тегін билетке" ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаңа жол жүруді ресімдеу үшін "тегін билеттің" жол жүру құжаттың (билеттің) иесі поезд жөнелгенге дейін билет кассасына бұрын сатып алған жол жүру құжатын (билетін) қайтаруға міндетті. АБЖ арқылы қайтару операциясынан кейін кассир жол жүру құжатының (билетінің) иесіне "компостер алынды, күні, сағаты" деген белгілері бар "тегін билетті" және жаңа жол жүруді ресімдеуге құқық беретін арнайы қайтару бланкі береді.
Топтық жол жүру құжаты (билеті) бойынша топтың толық емес саны баратын болса, онда оның басшысы поездың жөнелуіне дейін станция кезекшісіне бұл жағдай туралы белгілеу үшін топтық жол жүру құжатын көрсетуге міндетті.
Жол жүру барысында (вокзалдар мен поездарда) жолаушылардың жол жүру құжаттарында көрсетілгеннен аз саны жол жүріп бара жатқаны туралы топтық жол жүру құжаттарында белгіленбейді және жүрмеген ара қашықтығы үшін ақша қайтарылмайды.
Топтық тасымалдаудың (қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша) жол жүру құжаттарының құнын қайтарып беру поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 7 тәулік бұрын, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі, плацкарт құнының 50 % ұсталады; поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 3 тәулік бұрын плацкарт құнының 100 % ұсталады. Ақшалай төлемдер жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алған заңды тұлғаның есеп айырысу шотына немесе почта арқылы қайтарылады ақшасыз есеп айырысу жол жүру құжаттарын сатып алған заңды тұлғаның есеп шотына, қолма-қол есеп айырысу заңды тұлғаның есеп шотына немесе пошта аударымымен.
Пайдаланбаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемі (орындарды тапсырған жағдайда) орындарды қайтарғаннан кейін алты ай ішінде станцияда (вокзалда) жүргізіледі.
Түзетулері немесе өзгертулері бар ол жүру құжаттары (билеттері) бойынша барлық жағдайларда төлемдерді қайтару туралы мәселе талап-қуыным тәртібімен шешіледі. Талап қуынымды қарау мерзімі 6 ай.
Пайдаланбаған ауданаралық және ішкі билеттердің ақшасы қайтарылмайды. Тек Тасымалдаушының кінәсі бойынша 1 сағаттан артық уақытқа кешіккен ауданаралық және ішкі поездардың жағдайлары ерекше болып табылады.
Ескерту: 97-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
98. Қаламаңындық абоненттік жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша пайдаланбаған уақыт үшін ақша мынадай жағдайларда қайтарылады:
1) жұмыс орнынан босатылғанда;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарына шақырылғанда;
3) жұмыс орнын ауыстырғанда;
4) тұратын орнын ауыстырғанда (бір пункттен басқасына көшкенде);
5) қызмет бабы бойынша ұзақ іссапарда болғанда;
6) науқастанғанда;
7) жол жүру құжатының иесі қайтыс болған жағдайда.
99. Қайтарылуы тиіс соманың мөлшері билет құнын күн санына бөлу арқылы белгіленеді:
1) жылдық билет бойынша 360 күнге;
2) жартыжылдық билет бойынша 180 күнге;
3) үш айлық билет бойынша 90 күнге;
4) екі айлық билет бойынша 60 күнге;
5) маусымдық билет бойынша 120 күнге;
6 ) айлық билет бойынша 30 күнге.
Алынған бір күнгі жол жүру құны билеттің жарамдылық мерзімі аяқталғанына дейінгі қалған нақты күндердің санына көбейтіледі.
100. Жолаушыны Тасымалдаушының кінәсі бойынша бағасы арзан вагонға ауыстыратын жағдайда поездың жөнелткен немесе тағайындалған станцияда жолаушының қалауы бойынша жол жүру құнындағы айырмасы актіні немесе тиісті анықтаманы (поездың, вагонның, жол жүру құжатының (билетінің) нөмірін, күнін, айын, ауыстыру станциясын және жолаушының тегін көрсетумен) ұсыну бойынша төленеді. Поезд бастығы (механик-бригадир) актіні немесе анықтаманы береді және станцияның мөртабанымен бекітеді.
Жолаушыны арзан вагонға ауыстырған жағдайда, жол жүру құнының айырымасы поезды жөнелту станциясында поездың жүретін күні, поездың тағайындалған станциясында - поездың келетін күні төленеді.
Жолаушы поезды жөнелту станциясында немесе поездың бару станциясында жол жүру құнының айырымын алу құқығы пайдаланбаса, алты айлық мерзім ішінде талап-қуыным тәртібімен талап ете алады.
101. Төлемдерді қайтарудың барлық жағдайларында пайдаланбаған билеттер мен тасымалданбаған багаж үшін жол құжаттары (билеттері) жолаушыдан алынады, және олар төлемдерді төлеу үшін растау құжаттары болып табылады.
Ескерту: 101-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
102. Тасымалдаушы жолаушыларға осы Ережеде көзделмеген басқа жағдайларда ақшаны қайтаруда тек талап-қуынымдық тәртіппен жүргізеді. Бұл жағдайларда ақшаны қайтару туралы өтінішке пайдаланбаған жол жүру құжаттары, және тиісті жағдайларда басқа да құжаттар мен анықтамалар косылады.
Жалданған вагондарда болмай қалған жол жүру үшін ақшаны қайтару туралы талаптарды вагондарды жалдау шарты жасасқан Тасымалдаушы қарастырады.