СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Paint графикалық редакторы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Графикалық редакторы, оның терезе элементтері, құралсаймандары туралы ақпарат.

Сурет салу кезеңдері

Просмотр содержимого документа
«Paint графикалық редакторы»

Күні

10.12.2016 ж.

Сынып

5 «Ә»

Пән

Информатика

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Paint графикалық редакторын бағыттауды, түрлерін, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Paint графикалық редакторымен танысады, сурет сала алады.


Оқушылардың басым бөлігі :

Paint графикалық редакторының түрлерін талдайды, мысалдар келтіре алады.


Кейбір оқушылар :

Өз бетінше іздене отырып, шығармашылығын дамытады.

Алдыңғы оқу

Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойлан, жұптас, ой қозғау, тест

Сабақта 7 модульдің қамтылуы:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшелікке байланысты оқыту.

Дерек көздері:

Интерактивті тақта, оқулықпен, дәптермен жұмыс.



Сабақ бөлімдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау критерийі

Білу 5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Шаттық шеңберін құру. Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ.Қарындаш

2-топ. Өшіргіш

Топ ережесімен таныстыру

Бағалау парағын топқа беру

Үй тапсырмасын сұрау

Техника қауіпсіздігін сұрау

1.Жұмыс үстелінде қандай стандартты түрлері орналасқан?(компьютер, желі, қоржын, басқару тақтасы, есептер тақтасы мен бастау батырмасы)

2.Бас мәзір қайда орналасқан? (Бастау-Пуск батырмасында орналасқан)

3.Экранның шектеулі аумағы қалай аталады?(Терезе)

4.ОЖ дегеніміз не? (Жұмыс үстелі)

5.Файылды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?(Сақтау)

6.Файылды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек? (Қалай сақтау)

Оқушылар сандарды таңдай отырып топқа бөлінеді. Бір-біріне сәттілік тілейді.

Әр сұраққа жауап беріп отырған оқушыларға 1 ұпайдан


Болжау 2мин

әдісі














Түсіну 5мин







Қолдану 15мин












Сергіту сәті

Қызығушылығын ояту

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.

 Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)

Ерте кезден - адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

- Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы


Paint графикалық редакторын іске қосуды, терезе элементтерімен таныстыру, құралдарын пайдалана отырып сурет салу, сақтау, ашу,жолдарын түсіндіру.


«Менің шыңым».

1-шың.Әр топ Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, оқулықтағы 123 беттегі А деңгейінің суретін салады.

2-шың. Әр топқа жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуін Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып суретін салады.

1.Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын (Қолшатыр)

2.Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (Шырша)

3-шың. Балалар биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл?

Келе жатқан жаз айында өтетін дүниежүзілік көрме? (ЕХРО 2017)

Суретін салу























Жұмбақтардың жауабын шешіп, суретін жеке-жеке салады. Тапсырмаларды Paint графикалық редакторында орындайды























Компьютерде толық жұмыс жасай алды -2

Жартылай жұмыс жасады -1


Талдау 8мин

«Жабық хат» стратегиясы





Сәйкестендіру тесті. 3мин

Әр топқа жабық хат беріледі

1-топ. «Қарындаш» PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

2-топ. «Өшіргіш» PAINT графикалық редакторының құралдары



Тапсырма бойынша кітаптан ізденіп, жұмыс жасайды, постер қорғайды.

Құралдардың атауын табады, сәйкестендіреді

Постерде қорғай алды-2

Жартылай қорғады -1




Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Жинақтау

5мин

Минитест.

Тестті таратып, оқушыларды қадағалау.

1.Paint графикалық редакторын ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А) бояу В) сурет салу

С) мәтін жазу Д) көшірмелеу

2.Палитраның неше түсі бар?

А) 10 В) 20 С) 5 Д) 15

3.Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, қандай сайманды қолданамыз?

А) тік сызық В) құю

С) қарындаш Д) өшіргіш

4. Paint редакторында неше құралды пайдалануға болады?

А) 16 В) 14 С) 15 Д) 13

5.Палитраға 20 түстен бөлек тағы неше түс қосуға болады?

А) 5 В) 10 С) 15 Д) 20

Дұрыс жауаптары:

1.В 2. В 3. Д 4. А 5. В

Жеке жұмыс.

Тест парақшаларын оқушылар бір-біріне беріп тексереді.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Бағалау 2мин

Тапсырмаларға қойылған критерийлер бойынша әр топтағы мүшелерін көшбасшының бағалауын ескере отырып, мұғалімнің бағалауын қолдану.

Топ бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалайды.


Үйге тапсырма


Paint - графикалық редакторы. 117-126 бет оқу.Бақылау сұрақтарына жауап беру



Рефлексия

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?


Таратылғын түрлі-түсті қағазға сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыздар.