СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Paint графикалық редакторының құралдары.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тапсырма. Сызық   сызу  әрекеттерінің   тізбегін    жаз .

Графикалық   редактормен  (кейіннен   басқа  қолданбалармен  де ) жұмыс   дағдысын  қалыптастырудың  бастапқы  кезеңінде  оқушылардың  жұмысы   өздеріне  түсінікті  болу  үшін,    мақсатқа  жету  әрекеттер  тізбегін   (алгоритм) жазып  отыруы  қажет . Тапсырманы  тақырыпты  түсіндіру  кезінде  де,  сонымен  қатар  оны  игеруін   бақылау  үшін  де  қолдануға   болады.

 

1. Линия   батырмасында   шертіңдер .

2. Сызықтың  керек  қалыңдығын  таңдаңдар.

3. Маустың  нұсқағышын  сызық  басталатын  жерге  орнатыңдар.

4. Маустың  сол  жақ  батырмасын,  оны  жібермей   сызықтың   аяқталатын  нүктесіне   апарыңдар.

5. Маустың  батырмасын  жіберіңдер.

 

4.2.4.-4.2.5 тапсырмалары   түзу  сызықтарды  салу  дағдыларын   қалыптастыруға   арналған. Әр  жаттығуда  әр  түрлі  түстермен   сызықтың қалыңдығын   қолдану   керек

4.2.3 пен 4.2.5 тапсырмаларында келтірілген кестелерді толтыру керек. Егер сабақтың уақыты тапсырмалардың бәрін орындауға жетпесе, онда оқушыларға тапсырмаларды қалауы бойынша орындауға мүмкіндік беріледі..

 

Шаршылар   мен   тікбұрыштарды   салу

4.2.6. Тапсырма.  Тік  төртбұрыштар  құралын  қолдана  отырып, поездің  суретін  сал (тек  қана  жақтауын).  Егер  сен  шаршыны  салғың  келсе,  SHIFT  батырмасын  басып  ұста. 

Тік бұрыштың  бір  ғана  типі  қолданылады.  Кейбір  элементтерді  (терезе, дөңгелек ) шаршы  түрінде  бейнелеуге   болады. Сызықтың  түсі  әр  түлі  болуы   мүмкін.

 

 

Дөңгеленген   тікбұрыштарды   салу

4.2.8.Тапсырма.  Пирамида.

Әр  түрлі  типті  дөңгеленген   тік  төртбұрыш  құралын  пайдаланып, ПИРАМИДА  сал.  Кестені  толтыр.

Тапсырма  ерекше  түсіндіруді  қажет   ешпейд .

Просмотр содержимого документа
«Paint графикалық редакторының құралдары.»

Мерзімі «___» _____________________


Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.

Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу.

Қою құралын қолдану. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу.

Қою құралын қолдану.

Редакторда практикалық жұмыс орындау.

Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптер

Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді,

эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін,

қалыңдығын өзгерте білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - редакторда сурет салу техникасын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • графикалық редакторды іске қосуды;

  • сурет салуды және оларды редакциялауды;

  • сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;

  • тікбұрыштарды салғанда сызықтардың қалыңдығын, түсін өзгертуді;

  • тікбұрыштың түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді;

  • эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;

  • эллипс және шеңбердің түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру


Түзу сызықтарды салу


4.2.1 Тапсырма. Сызық сызу әрекеттерінің тізбегін жаз .

Графикалық редактормен (кейіннен басқа қолданбалармен де ) жұмыс дағдысын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде оқушылардың жұмысы өздеріне түсінікті болу үшін, мақсатқа жету әрекеттер тізбегін (алгоритм) жазып отыруы қажет . Тапсырманы тақырыпты түсіндіру кезінде де, сонымен қатар оны игеруін бақылау үшін де қолдануға болады.


1. Линия батырмасында шертіңдер .

2. Сызықтың керек қалыңдығын таңдаңдар.

3. Маустың нұсқағышын сызық басталатын жерге орнатыңдар.

4. Маустың сол жақ батырмасын, оны жібермей сызықтың аяқталатын нүктесіне апарыңдар.

5. Маустың батырмасын жіберіңдер.


4.2.4.-4.2.5 тапсырмалары түзу сызықтарды салу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Әр жаттығуда әр түрлі түстермен сызықтың қалыңдығын қолдану керек

4.2.3 пен 4.2.5 тапсырмаларында келтірілген кестелерді толтыру керек. Егер сабақтың уақыты тапсырмалардың бәрін орындауға жетпесе, онда оқушыларға тапсырмаларды қалауы бойынша орындауға мүмкіндік беріледі..


Шаршылар мен тікбұрыштарды салу

4.2.6. Тапсырма. Тік төртбұрыштар құралын қолдана отырып, поездің суретін сал (тек қана жақтауын). Егер сен шаршыны салғың келсе, SHIFT батырмасын басып ұста.

Тік бұрыштың бір ғана типі қолданылады. Кейбір элементтерді (терезе, дөңгелек ) шаршы түрінде бейнелеуге болады. Сызықтың түсі әр түлі болуы мүмкін.



Дөңгеленген тікбұрыштарды салу

4.2.8.Тапсырма. Пирамида.

Әр түрлі типті дөңгеленген тік төртбұрыш құралын пайдаланып, ПИРАМИДА сал. Кестені толтыр.

Тапсырма ерекше түсіндіруді қажет ешпейд .


4.2.9. Тапсырма.Сиқырлы дастарқан.

Әр типтегі дөңгеленген тік төртбұрыш құралын қолданып , оның суретін сал . Сен үстел үстіне тағы не қояр едің, суретін сал.

Бұл шығармашылық элементі бар тапсырма. Оқушы үстел үстіне тағы не қоятынын ойлап табуы керек, содан кейін оны Скругленный прямоугольник құралының көмегімен бірлескен композиция түрінде салады. Компьютерде жұмыс істемес бұрын, тапсырма дәптерде орындалады.


4.2.10.Тапсырма. Ғимарат.

Тікбұрыш пен дөңгеленген тікбұрыш құралдарының көмегімен салынған ғимарат мынандай түрде болады. Осы құралдарды қолдана отырып, өзің ғимарат сал.

Шығармашылық тапсырма. Жұмыс дәптерінде Ғимарат қандай болатыны жөнінде мысал келтірілген. Оқушыларға өздерінің ой-қиялын іске асыру ұсынылады.

Егер сабақ уақыты тапсырманы орындауға жетпесе, онда оқушыларға таңдауы бойынша орындауға мүмкіндік беріледі.

ЭЛЛИПСТЕР МЕН ШЕҢБЕРЛЕРДІ САЛУ

4.2.11. Тапсырма. Бұлттар - ұшқыр қанатты аттар.

Әр түрлі ЭЛЛИПС құралын пайдалана отырып, бұлттың суретін сал.

Тапсырма ерекше түсіндірулерді қажет етпейді.


4.2.12.Тапсырма. Қабаттасқан шеңберлер .

Графикалық редакторда шеңбер салу дағдыны қажет етеді. Суретті салмай тұрып, алдымен жақсылап өзінің әрекеттеріңінің ретін ойластыруың дұрыс. Бұл фигураны салу үшін, ұсынылған алгоритмді пайдаланған жөн.


4.2.13. Тапсырма. Цирк.

Композицияны салу үшін, ЭЛЛИПС құралын қолдан.

Шығармашылық тапсырма. Жұмыс дәптерінде барлығы ЭЛЛИПС құралының көмегімен салынған цирк тақырыбы нұсқаларының мысалдары келтірілген. Оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің ой-қиялын іске асыру ұсынылады.

ҚИСЫҚ СЫЗЫҚТАРДЫ САЛУ


4.2.14-тапсырма. Қисық сызықты салу әрекеттерінің ретін жаз.

Тапсырманы тақырыпты түсіндіру барысында немесе оны бақылау үшін қолдануға болады.

  1. Сызық батырмасын шертіңдер.

  2. Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.

  3. Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаңдар.

  4. Маустың сол жақ батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басыңдар да, оны иіліс жаққа апарыңдар.

  5. Осы әрекеттерді екінші иіліс үшін де қайталаңдар.


4.2.15-тапсырма. Шумақ.

Ұзын қисық сызықты бірнеше сатымен сал. Тапсырма қисық сызықтарды салу дағдысын қалыптастыруға арналған. Қисық сызықтар арасындағы шекаралар керткен таңбалармен белгіленген.


4.2.16-тапсырма. Монада.

Эллипс пен Қисық сызық құралдарын пайдалана отырып, төмендегі суреттерді сал. Көрсетілген әрекеттердің ретін сақтап орында.

Орындау алгоритмі графикалық түрде бейнеленген.


4.2.17-тапсырма.. Теңіз пейзажы.

Мұны қисық сызық құралдарының көмегімен сал.

Егер сабақ уақыты жетсе, оқушылар бұл мейлінше қиын тапсырманы орындай алады. Мұнда творчество болуы мүмкін. Егер сабақ уақыты барлық тапсырмаларды орындауға жетпесе, онда оқушыларға таңдауы бойынша орындауға мүмкіндік беруге болады.


КӨПБҰРЫШТАРДЫ САЛУ


4.2.18-тапсырма. КӨПБҰРЫШ салу әрекетінің ретін жаз.

Тапсырманы тақырыпты түсіндіру барысында немесе бақылау кезінде қолдануға болады.

  1. Многоугольник (Көпбұрыш) батырмасында мауспен шертіңдер.

  2. Көпбұрыштың типін таңдаңдар.

  3. Бірінші сызықты салыңдар.

  4. Екінші сызықты салыңдар және т.с.


4.2.19-тапсырма. Қолыңды алмай сурет сал. Сызықтарды салу ретін көрсет.

Компьютерде жұмысты бастамай тұрып, дәптерге сызық салу тізбегін көрсету керек.


ҚҰЮ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ


4.2.20-тапсырма. Тұйық контурды бояу үшін не істеу керек?

Тапсырманы тақырыпты түсіндіру кезінде, сонымен қатар оны меңгеруін бақылау кезінде қолдануға болады.


  1. Құю батырмасын мауспен шертіңдер.

  2. Түс палитрасынан түс таңдаңдар.

  3. Бояғыларың келген тұйық контурдың ішінде мауспен шертіңдер.


Бақылау сұрағы: Егер контур тұйықталмаса, не болады?

Жауабы:Бояу бүкіл экранға төгіледі.


4.2.21-тапсырма. Калейдоскоп.

Калейдоскоптан не көруге болады? Әрекеттердің айтылған ретін сақта.

Симметриялы геометриялық өрнекті салу алгоритмі суреттер тізбегі мен толық сипаттау түрінде бейнеленген. Тапсырма өзіндік жұмысқа арналған.


4.2.22-тапсырма.Қиял.

Калейдоскопта ешбір өрнек қайталанбайды. Өзің өрнек ойлап тап та, оны салу әрекетінің ретін жаз.

Бұл шығармашылық тапсырма.Оқушыларға берілген тақырып бойынша қиялдау ұсынылады: симметриялы геометриялық өрнек ойлап тауып, оны құру алгоритмін сөзбен және суреттер тізбегі түрінде жазу керек.

БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ


4.2.23-тапсырма. Бояу бүрку әсерін тудыру үшін не істеу керек екенін көрсет.

1. Бүріккіш батырмасын шертіңдер.

2. Түс палитрасында таңдаңдар.

3. Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар.

4. Бояуды бүркіңдер.


4.2.24-тапсырма. Айту бойынша сурет сал.

Графикалық диктант. Мұғалім оқушының әрекеттерді орындап үлгеруін қадағалауы тиіс. Диктант аяқталғаннан соң, оқушының жұмысы сыныптағы барлық оқушылардың жұмысымен салыстырады да, ішінен ең жақсы сурет таңдалынып алынады.


  1. Кез келген түсті дөңгеленген тікбұрыш түріндегі суреттің жақтауын сал.

  2. Қара түс ҚАРЫНДАШ құралын таңда.

  3. Көкжүйек сызығын жүргіз.

  4. ҚҰЮ құралын таңда.

  5. Жерді ашық жасыл түспен, ал аспанды көгілдір түспен боя.

  6. Ең кішкене радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ.(Бүріккіш) құралын таңда.

  7. Қанық жасыл түсті шыршалардың суретін сал.

  8. Орта радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құралымен жерде түрлі түсті гүлдер сал

  9. Орта радиусті РАСПЫЛИЛИТЕЬ құрамымен қызғылт сары күннің суретін сал.

  10. Ең үлкен радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен сары күн сәулелерінің суретін сал.

  11. Ең үлкен радиусті РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен аспандағы ақ бұлттардың суретін сал.


ҚЫЛҚАЛАММЕН СУРЕТ САЛУ


4.2.25-тапсырма. Пішіні, түсі мен өлшемі әр түрлі Қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация сал.

Бұл шығармалық тапсырма Қылқалам құралын пайдалану дағдысын қалыптастыруға арналған.






ӨШІРГІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ


4.2.26-тапсырма. Қоңырау сағат.

Сурет салу реті төменде көрсетілген. Өшіргіш құралының көмегімен қандай әрекеттер орындалғанын көрсет.

Ластик (өшіргіш) құралының көмегімен орындалатын әрекеттер компьютерде орындаудың алдында жұмыс дәптерінде көрсетіледі.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

4.2.1 - 4.2.5, 4.2.6,-4.2.13 – тапсырмаларды орындау


V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторының құралдары. Тік сызықтарды салу. Шаршыларды,

тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу.

2)Оқушыларды бағалау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!