СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Панфиловшылардың ерлігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аңызға айналған «Ресей алып, бірақ шегінерге жер жоқ. Артымызда Мәскеу!» сөздерінің шығуын саяси жетекші Василий Клочковпен байланыстырады. Клочковтың туып-өскен жері - Саратов губерниясы. 1940 жылы Алматыға көшіп келген. 1941 жылдың мамырынан бастап Алматының асханалар мен мейрамханалар тресті бастығының орынбасары болып жұмыс істей бастады. Қолда бар мәлімет бойынша, оның бөлімшесі қазіргі Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында жасақталған. Соғыстан кейін сол жерде осы күнге дейін Клочков есімімен аталып келе жатқан №23 мектептің ғимараты салынған.

Просмотр содержимого документа
«Панфиловшылардың ерлігі»

Тақырыбы: ПАНФИЛОВШЫЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ

Сабақтың түрі: Ерлік сабағы.

Мақсаты: Ел қорғаған азаматтардың ерлігін насихаттау және олардың өнегелі өмірлері жайлы баяндау.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың бойында, елін сүйетін патриоттық сезім қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар 316 шы Панфилов атқыштар дивизиясы туралы мәлімет алады.

Көрнекіліктері: Бейнебаян, слайд, кеспе қағаздар.

  1. Балаларды топқа бөлу (Қызыл, жасыл, сары қаламдар арқылы бөлу).

  2. Гимн.

  3. Бейнебаянды тамашалайды.

  4. 3-топқа бейнебаяннан бірдей сұрақ беріледі.

І. Клочков тобы.

ІІ. Панфилов тобы.

ІІІ. Бауыржан тобы.

Сұрақ: Соғыс ұғымына қалай түсінесіз, бейнебаяннан нені ұқтың?

5. Балалар топ атауынан мәлімет береді.

І. Клочков тобы.

Клочков Василий Георгиевич (1911-1941) жылдар аралығында өмір сүрген. 1911 жылы 8 (21) наурызда, Саратов облысында, шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. Панфилов дивизиясының құрамында соғысқан взвод жетекшісі. В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді.

Аңызға айналған «Ресей алып, бірақ шегінерге жер жоқ. Артымызда Мәскеу!» сөздерінің шығуын саяси жетекші Василий Клочковпен байланыстырады. Клочковтың туып-өскен жері - Саратов губерниясы. 1940 жылы Алматыға көшіп келген. 1941 жылдың мамырынан бастап Алматының асханалар мен мейрамханалар тресті бастығының орынбасары болып жұмыс істей бастады. Қолда бар мәлімет бойынша, оның бөлімшесі қазіргі Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында жасақталған. Соғыстан кейін сол жерде осы күнге дейін Клочков есімімен аталып келе жатқан №23 мектептің ғимараты салынған.

Ұрыс кезінде ол гранаттардың байламымен танктің қозғалысын тоқтату мақсатында оның астына ұмтылып, қаза тапқан. 1942 жылдың шілдесінде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

ІІ. Панфилов тобы.

Иван Васильевич Панфилов (1.1.1893, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19.11. 1941, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново село) – әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). 1-дүниежүз. соғысқа, 1918 – 20 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.[1]

1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.

1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,

1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.

1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.

1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.

ІІІ. Бауыржан тобы.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

  1. Қорытынды: Қазіргі зерттеулер бойынша Панфилов дивизиясының ерлігін жоққа шығарғысы келетін деректер пайда болған. Тарихи оқиғалар еш уақытта жалған болған емес. Егерде осы аталған дивизияның ерлігі жалған болса Панфиловқа арналған ескерткіштің Алматы төрінде орналасуы, тегіннен тегін емес. Сондықтан да Панфилов дивизиясының ерлігі-бұл ел тарихындағы алтын әріппен жазылған естелік. Елдің болашағы да өрлеуі де Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы да ерлік нәрімен сусындаған жас өркендер сіздердің қолыңызда. Аталар даңқын асқақтату сіздерге борыш. Біз сіздерге сенеміз.

































  1. Бауыржан ата туралы не білеміз?



1 топ











Жоспар



І. 1941/45 жылдардағы соғыс ЕЛ БАСЫНДАҒЫ ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР. Оқушылар

ІІ. Дубосеково разъезі түбіндегі Панфиловшылардың ерлігі туралы не білесіз?

ІІІ. Аты аңызға айналған Бауыржан ата.

ЖОСПАРЫ.

  1. Соғыс дегеніміз не? Оқушыларға соғыстың бейбіт өмірге жасалған қастандық екендігі туралы айтылады.



  1. Соғысқа қатысқан жауынгерлер ерлігін біз кімдер арқылы білеміз.



  1. Оқушылар