Жаңа білім беру. Параллелограммның ауданы оның екі іргелес қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең. Дәлелдеу:  AD қабырғасына ВН биіктігін түсіреміз. АВ гипотенузасы мен сүйір А бұрышы белгілі АВН үшбұрышын қарастырамыз. ВН катетін табамыз (параллелограммның биіктігі). BH =AB ∙ sin ВН биіктігі AD қабырғасына түскен биіктік болғандықтан параллелограммның ауданы: S = AD ∙ BH S= AD ∙ AB∙ sin Яғни, параллелограммның ауданы оның екі іргелес қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең екені шықты. Дәлелдеу керекгі осы еді.

Параллелограммның қасиеті бойынша оның қарама-қарсы бұрыштары тең: , . Ал параллелограммның бір қабырғасына іргелес орналасқан екі бұрышының қосындысы 180º, яғни, ,  Ал шын мәнінде сыбайлас бұрыштар үшін дқғалы бұрышының синусы олардың сүйір бұрышының синусына тең.   Формуланы бекіту. Есептер шығару. 1. Параллелограммның қабырғалары 10 см және 6 см, олардың арасындағы бұрыш 150º. Параллелограммның ауданын табыңыз. 2. Параллелограммның сүйір бұрышы 30º, ал доғал бұрышының төбесінен жүргізілшен биіктіктері: 2 см және 3 см. Параллелограммның ауданын табыңыз. Жаңа білімді бекіту. Оқулықтан №1, №2, №3, №5 есептер тақтаға шығарылады. Жеке жұмыс. Параллелограмм үшін: а — табаны, h — биіктігі, S — ауданы болсын. Табу керек: a) S, егер а = 15 см, h = 12 см болса; б) а, егер S = 34cм2, h = 8,5 см болса; в) а, егер S = 162cм2, болса; г) h, егер h = 3а, S = 27 болса. |