Просмотр содержимого документа
«Педагогика тарихы. Көне грек ойшылдарының ғылыми және ағартушылық ой-пікірлері»
ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Педагогика тарихы Көне грек ойшылдарының ғылыми және ағартушылық ой-пікірлері
Марганбаева Сабохат Аскаровна
Мазмұны :
- Демокрит
- Сократ
- Платон
- Аристотель
28.04.2020
- Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр,Вавилония,Үнді,Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
- Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель саясат, тәрбие, мемлекет жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.
28.04.2020
Демокрит
- Демокрит ( б.э.д. 460-370 жж.) –философ, материалист, атомистік теорияның негізін салушы.
б.э.д. 460-370 жж.
28.04.2020
Демокриттің пікірі...
- Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді; Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді, Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.
28.04.2020
« Ең жақсылар » байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін - өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес.
28.04.2020
Сократ
- Сократ (б.з.д. 470 - б.з.д.399), — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.
б.з.д. 470 - б.з.д.399
28.04.2020
Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам.
- Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол " дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ " деп есептеді.
28.04.2020
« Сократ тұңғыш рет «филсофияны аспанан жерге түсірді, қалаға алып кірді, әр үйдің есігін қағып таныстырды, әрі оны өмір мен этикаға, жақсылық пен жамандыққа мән беретін етті."
(Рим саясаткері және әйгілі шешені Цицерон)
- Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың «Симпозиум» деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан « Бұлттар » комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның « Апология» және « Симпозиум» атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады.
- «Апологияда» Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады.
28.04.2020
Платон
- Платон (б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
б.з.д. 427 — 347
28.04.2020
Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі.
Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Қоғамның теңдік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белгіленіп қойылған іспен айналысуы қажет.
28.04.2020
"Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы".
Платон.
28.04.2020
Аристотель
Аристотель (б.з.д 384-322 ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
б.з.д 384-322 ж
28.04.2020
Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;
Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған;
Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған;
28.04.2020
15
Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін " серуен философиясы " деп те атайды
28.04.2020
15
Ол Ескендірді "Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға" үйретеді
28.04.2020
15
Жадыңызда сақтаңыз!
Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді.
Мас болу — өз еркіңмен жындану.
Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.
Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.
Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
28.04.2020
Дереккөздер:
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- “ Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
28.04.2020
Назарларыңызға рахмет!
28.04.2020