СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Педиатрия білгірі»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Педиатрия білгірі" конкурсы "Балалар аурулары" пәнінен "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне жүргізілді. Конкурстың негізгі мақсаты: пән бойынша білім деңгейін және ақпаратты меңгеру дәрежесін анықтау, педиатрияны оқытуға қызығушылықты жоғарылату.

Просмотр содержимого документа
««Педиатрия білгірі»»

«Орал «Мақсат» медициналық колледжі»ЖМ



БЕКІТІЛДІ


Директорды оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________________Трушкова М.И.





Оқудан тыс шараның әдістемелік жасалымы

«Балалар аурлары» пәнінен

IV курста білім алушыларға арналған

«Емдеу ісі» 0301000 мамандығы бойынша

«Педиатрия білгірі» конкурсы





ҚАРАЛДЫ


ҚҰРАСТЫРДЫ

№ 5 циклдік әдістемелік

комиссия отырысында


Сулейменова Д.Ж.



Хаттама №



« »

2018 жыл.






ЦӘК төрайымы



Сулейменова Д.Ж.




МАҚҰЛДАНДЫ

Колледж әдіскері Коцелл С.О.










2018 ж.


Конкурс

«Педиатрия білгірі»


Пән: «Балалар аурулары»

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Өткізілген уақыты: 06.06.2018 ж.

Қатысатын топтар: Ф-21, Ф-23.




Мақсаты:


Оқу:

  • Пән бойынша білім деңгейін және ақпаратты меңгеру дәрежесін анықтау.

  • Педиатрияны оқытуға қызығушылықты жоғарылату.

  • Жағдайлық сұрақтарды шешуде қатысушылардың ажырату диагнозын жүргізуге үйрету және клиникалық ойлау қабілетін анықтау.


Тәрбиелік:

  • Күрделі тапсырмаларды орындауда, жауаптарын дәл табуда оқушылардың жауапкершілігін арттыру.

  • Лидерлік қасиеттерді тәрбиелеу және оны болашақжұмысында пайдалану.


Дамыту:

  • Алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу.

  • Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.


Әдістемелік:

  • Өзіндік ойлау мен белсенділікті дамыту.

  • Білім сапасын жақсарту мақсатында сабақ жүргізу әдістемесін түрлендіру.











Конкурс құрылымы:


I-тур – блиц-сұрақтар

II-тур – теориялық сұрақтар

III тур– тәжірибелік дағдылар



Конкурсты жүргізу шарттары:

I-турда қатысушыларға 5 қысқа сұрақтар қойылады,қатысушылар бұл сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.Барлығы -25 балл.

II-турдақатысушыларға теориялық сұрақтар қойылады. Олар 4 дәрежеге бөлінеді, бір дәрежеде 5 сұрақтан болады. Әрбір сұраққа қиындауына байланысты 10-нан 50 баллға дейін қойылады. Әрбір қатысушыға үш мүмкіндік беріледі. Қатысушы максимальды150 балл жинауы мүмкін.

III-турда қатысушыларға тәжірибелік дағдылар беріледі. Қатысушы өзіне берілген тәжірибелік дағдыны әділқазы мүшелеріне көрсетіп, бағаланады. Бұл турда толық жауап үшін 10 балл, жартылай жауап бергені үшін 5 балл қойылады.

Үш турдың қорытындысы бойынша қатысушыларғаI, II, III-орындар беріледі.




















I-тур – блиц-сұрақтар

1 оқушы:

  1. Жаңа туылған нәрестелік кезең (неонатальды) уақыты?

  2. Патронаж туралы мәліметтер қайда жазылады?

  3. 1 жасқа толған баланың орташа дене салмағы қандай?

  4. Физиологиялық (шекаралық) жағдайлар қай кезеңде байқалады?

  5. Апгар шкаласы неше көрсеткіш арқылы бағаланады?

2 оқушы:

  1. Сүт тістер кезеңі уақыты?

  2. Нәресте қандай салмақпен дүниеге келсе, ірі салмақ болып есептеледі?

  3. Нәресте 1 жылда бойына неше см қосады?

  4. Нәрестенің гемоглобин көрсеткіші?

  5. Шала туылған нәрестені күтуге арналған арнайы құрылғы?

3 оқушы:

  1. Мектеп жасына дейінгі кезең ?

  2. Алып болып есептелу үшін жаңа туылған нәрестенің салмағы қанша болу керек?

  3. Нәресте 1 жылда бас шеңберіне неше см қосады?

  4. Нәрестедегі эритроциттер саны?

  5. Кювез ішіндегі ылғалдылық проценті?

4 оқушы:

  1. Кіші бала бақша кезеңі ?

  2. Шала туылған нәрестенің салмағы неше кг-нан төмен болу керек?

  3. Нәрестенің туылғандағы салмағы неше айында екі есе өседі?

  4. Шала туылған нәрестедегі физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы?

  5. Жаңа туылған нәрестенің жалпы жағдайы қалай бағаланады?

5 оқушы:

  1. Плацентарлық даму сатысы?

  2. Нәрестенің қалыпты дене қызуы?

  3. Нәресте алғашқы айында туылғандағы дене салмағына неше грамм қосады?

  4. Жетіліп туылған нәрестедегі физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы?

  5. Апгар шкаласы бойынша әрбір көрсеткішке максимальды неше балл беріледі?

6 оқушы:

  1. Эмбриональды даму сатысы?

  2. Шала туылған нәрестелердің экстремальды төмен салмақ көрсеткіші?

  3. Нәресте үшінші айында туылғандағы дене салмағына неше грамм қосады?

  4. Жаңа туылған нәрестеде алғашқы күндері нәжісінің түсі?

  5. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, егер Апгар шкаласы бойынша неше балл алса?






II-тур – теориялық сұрақтар

Жаңа туылған нәресте

10

20

30

40

50

Тамақтану

10

20

30

40

50

Физикалық, жүйке-психикалық даму

10

20

30

40

50

Нәрестелер және ерте жастағы балалар аурулары

10

20

30

40

50


I-дәреже: «Жаңа туылған нәресте»

10-Жетіліп және шала туылған балаға анықтама беріңіз?

20-Нәрестенің физиологиялық жағдайларына анықтама беріп, түрлерін анықтаңыз?

30- «Жылу тізбегі» және оның 10 қадамын атаңыз?

40-Нәрестелер мен 2 айға дейінгі балаларда фельдшер қандай қауіп белгілерін анықтай білуі тиіс?

50-1 жасқа дейінгі патронаж жүргізудің мерзімдері мен мақсаттары?



II-дәреже: «Тамақтану»

10-Сәбилер мен аналар үшін табиғи тамақтандырудың қандай артықшылықтары бар?

20-Ана мен нәресте жағынан омырауға ерте салудың қандай қарсы көрсеткіштері бар?

30-Қосымша тамақтың түрлерін, мерзімдерін, оны енгізу принциптерін атаңыз?

40- Гипогалактия дегеніміз не?Оның түрлері және алдын алу

50-Омыраумен тамақтандыру бойынша кеңес беру алгоритмі

(4-3-4 ережесі)


III-дәреже:«Физикалық, жүйке-психикалық даму»

10 - Нәрестелердегі шартсыз рефлекстерді атаңыз?

20 - 1 жасқа дейін баланың бойының өсуі:I-кварталда қанша см қосады? II-кварталда қанша см қосады? III-кварталда қанша см қосады? IV-кварталда қанша см қосады?

30 - Нәрестедегі іздеу рефлексін қалай анықтайды?

40 - Дені сау бала бөлмесі және оның ролі қандай?

50 - Ақыл-ой даму көрсеткішін бағалау үшін қандай көрсеткіштерді бақылау керек?


IV- дәреже: «Нәрестелер және ерте жастағы балалар аурулары»

10 - Базданудың себептері және оның алдын алу

20 - Омфалит – бұл қандай ауру және оның қандай түрлері бар?

30 - Рахиттің алдын алу жолдары

40 - Нәрестелер асфиксиясының себептерін атаңыз?

50 - Спазмофилияның қандай түрлері бар?





III тур– тәжірибелік дағдылар


  1. Нәрестенің бой ұзындығын және кеуде шеңберін өлшеу

  2. Нәрестенің салмағын және бас шеңберін өлшеу.

  3. Нәрестенің көздеріне және мұрнына күтім жүргізу.

  4. Нәрестенің кіндігіне кұтім жасау, кіндік жарасына өңдеу жүргізу.

  5. Тамақтанудың тәуліктік көлемін табу. (бала 7 күндік, салмағы 3250 г)

  6. Тамақтанудың тәуліктік көлемін табу. (бала 1 айлық, салмағы 4200 г)























Тапсырмалардың жауаптары:


I-тур – блиц-сұрақтар

1 оқушы:

  1. кіндігі кесілген кезден 1 айға дейін

  2. 112-үлгі- даму тарихы

  3. 10,5 кг

  4. неонатальды немесе нәрестелік кезеңде

  5. 5көрсеткіш

2 оқушы:

  1. 6 айдан 6-7 жас аралығы

  2. 4кг және одан жоғары

  3. 25 см

  4. 170-250 г/л

  5. кювез


3 оқушы:

  1. 4-7 жас

  2. кг және одан жоғары

  3. 12 см

  4. 5-7 *10*12г/л

  5. 60-80%



  1. оқушы:

  1. 1-3 жас

  2. 2500г төмен

  3. 4-4,5 айында

  4. 21 күн

  5. Апгар шкаласы бойынша



  1. оқушы:

  1. жүктіліктің 3айынан бастап туылғанға дейін

  2. 36,5-37,5 градус

  3. 600г

  4. 14 күн

  5. 2 балл


  1. оқушы:

  1. эмбрион пайда болған кезінен 3 айға дейін

  2. 1000гр дейін

  3. 800 г

  4. қою жасыл, қара

  5. 7-10 балл




II-турдың жауаптары:

I-дәреже: «Жаңа туылған нәресте»

10 - Гестация уақыты 37-42 толық апта (яғни 259-294күн ) мерзімінде туылған және функциональды жетілген нәресте жетіліп туған нәресте болып саналады. Гестация уақыты 22-37 апта мерзімінде туылған нәресте шала туылған нәресте болып саналады.

20 - Физиологиялық жағдайлар– сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен нәресте организмінде орын алатын шекаралық жағдайлар. Физиологиялық жағдайларға тері жамылғысының физиологиялық қызаруы, физиологиялық қабыршақтануы, физиологиялық сарғаюы, салмағының физиологиялық азаюы, транзиторлық қызба, физиологиялық мастит, жыныстық криз, нәжісінің өзгеуі жатады.

30 - «Жылу тізбегі» («Тепловая цепочка») - нәресте туылғаннан кейін және өмірінің алғашқы сағаттарында қалыпты дене қызуые сақтау мақсатында қолданылатын шаралар жиыны.Нәрестенің қалыпты дене қызуы – 36,5-37,5 градус. (36,5- тен төмен болса –гипотермия, 37,5-тен жоғары болса - гипертермия деп аталады.) «Жылу тізбегін» қамтамасыз ету үшін 10 қадам орындалуы тиіс:

  1. Жылы босану бөлмесі (бөлме температурасы 25 градус болуы керек.)

  2. Баланы құрғату.

  3. «Теріге тері» қатынасы (контакт «кожа к коже».

  4. Омырауға ерте салу.

  5. Нәрестені өлшеуді, жуындыруды, тексеруді кейінге қалдыру.

  6. Бос жөргектеу.

  7. Ана мен нәрестені бір бөлмеде жатқызу.

  8. Жылы жағдайда транспортировка жүргізу.

  9. Жылы жағдайда реанимациялық шараларды өткізу.

  10. Медициналық қызметкерлердің дайындық деңгейі мен білімін жоғарылату.

40 – 0-2 ай аралығындағы балалардағы жалпы қауіп белгілері:

  1. Омыраудан бас тарту

  2. Тырысулар

  3. Тынысы жиі (60 және одан жоғары)

  4. Кеуденің айқын кірігуі

  5. Дене қызуы 37,6 және одан жоғары

  6. Дене қызуы 36,5градустан төмен

  7. Қимыл-қозғалыстың болмауы немесе стимуляциядан кейін ғана қимылдау

50 - Нәрестенің бірінші патронажы босану үйінен шыққаннан кейін алғашқы үш күнде дәрігермен жасалады,кейін патронажды медбике аптасына бір рет жасайды.

- Өмірінің бірінші жылында медбике нәрестеге айына бір рет жолығады.

- 1мен 2 жас аралығындағы балалардың патронажы үш айда бір рет жүргізіледі.

Сау балаларды белсенді бақылаудың негізгі мақсаты – ата анасына баланы күту,тамақтандыру,тәрбиелеу жөнінде кеңес беру, жүйке психикалық және физикалы дамуын бақылау,бала денсаулығындағы ауытқуларды анықтау,қауіп топтарын белгілеу.


II-дәреже: «Тамақтану»

10- Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:

  1. Ананың сүті таза, әрдайым жылы.

  2. Ананың уақытын, күш-қуатын, отбасы бюджетін үнемдейді, сыртқы ортаны ластамайды.

  3. Ана сүті инфекцияға қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді, бактерия мен вирусқа қарсы қорғанышты қамтамасыз ететін иммуноглобулиндердің үлкен жиынтығы.Уыз құрамында болатын А иммуноглобулині бактерияның ішек қабырғасына жабысуына кедергі жасайды.

  4. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.

  5. Анасы үшін – босанудан кейін тез қалпына келу, қан кетулердің алдын алу, қатерлі ісіктердің туу қаупін төмендетеді.

20 Омырауға салуға болмайтын қарсы көрсеткіштер:

а/ Анасы жағынан - жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процесстер, бүйрек ауруларының ауыр түрі.

б/ Жаңа туған нәресте- асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.

Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.

30 - Қосымша тамақ – бұл негізгі тағам түрін біртіндеп отбасылық дайындалатын тағамдармен ығыстыру.

Қосымша тамақты енгізу мақсаты:

  1. Өсіп келе жатқан ағзаның маңызды қоректік заттарға деген артып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру.

  2. Бала тағамның қою түрін қабылдауға, шайнауға үйрету, сонымен қатар тамақ түрін түрлендіру.

6 айынан бастап - 1-ші қосымша тамақ - көкөніс пюрелері (картоп, асқабақ, т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.

6,5-7 айынан - 2-ші қосымша тамақ - ботқалар (манка, күріш, сұлы т.б.) беріледі.

7,5-8 айынан - 3-ші қосымша тамақ - айран беріледі.

9-10 айынан - ет езбе түрінде беріледі.

11-12 айында еттен котлета беруге болады.

40 - Баланы аралас тамақтандыруға көшірудің негізгі себебі – гипогалактия – ана сүті мөлшерінің жеткіліксіздігі. 2 түрі бар:

  1. Ерте гипогалактия– босанудан кейін алғашқы 10 күнде дамиды. Себебі – нейроэндокринді бұзылыстар.

  2. Кеш гипогалактия– босанудан кейін 10 күннен кейін дамиды. Себептері - экстрагенитальды патология, жағымсыз медико-биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, психоэмоциональды факторлар.

Гипогалактияның алдын алу:

  1. Омырауға жиі және дұрыс салу.

  2. Емізетін әйелдің тамақтану және күн тәртібін сақтау.

  3. Емізуден кейін қалып қойған сүтті сауып тастау.

50 - Омыраумен тамақтандыру бойынша кеңес беру алгоритмі

(4-3-4 ережесі)

«4»

  1. Сәбидің денесі мен басы тік , бір жазықтықта ұстаңыз.

  2. Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек деңгейінде болу керек

  3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілуі керек.

  4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап тұрады.

«3»

  1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.

  2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.

  3. Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.


«4»

  1. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.

  2. Сәбидің аузы барынша ашық.

  3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.

  4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұру керек.


III-дәреже: «Физикалық, жүйке-психикалық даму»

10 - Туылғаннан кейін нәрестеде бірқатар туа біткен немесе шартсыз рефлекстер болады. Оларға жұту, сору, жөтелу, түшкіру, дефекация акті, зәр шығару және т.б рефлекстер жатады. Бұл рефлекстер ағзаның қоршаған ортаға бейімделуін реттеп, өмірінің бірінші жылының соңында жылдам әрі айқын эволюцияға ұшырайды.

20 - 1 жасқа дейін баланың бойының өсуі:

I-кварталда 9 см қосады.

II-кварталда 7,5 см қосады.

III-кварталда 6 см қосады.

IV-кварталда 4,5 см қосады.

30–Ауыздың жанын сипағанда, бала басын тітіркендірген жаққа бұрып, ауызын ашады. Іздеу рефлексі тамақтану алдында айқын анықталады.

40 - Дені сау бала бөлмесінде мейірбике баланың антропометриялық өлшемдерін алып, физикалық дамуын бағалайды. Сонымен қатар, жасына сай жүйке-психикалық дамуына баға береді. Баланың жасына сәйкес тамақтануы бойынша, күн тәртібі, күтімі, тәрбиесі бойынша ата-анасына кеңес береді.

50 - Ақыл-ой даму көрсеткішін бағалау үшін мына көрсеткіштерді бақылау керек:

  • Ак – көру анализаторы

  • Ае – есту анализаторы

  • Кк – көңіл-күй анализаторы

  • Жқ – жалпы қимылы

  • Ққ - қол қимылы

  • Са –сөз айтуы

  • Ст – сөзді түсінуі

  • Д – дағдысы


IV- дәреже: «Нәрестелер және ерте жастағы балалар аурулары»

10 - Баздану (опрелость) – терінің ең жиі зақымдануы, бөксе мен терінің қатпарларында орналасады. Бала күтімінің дефектілері нәтижесінде пайда болады. (сирек бөлеу, баланы күнделікті суға түсірмеу салдарынан т.б). Базданудың пайда болуы балаға біраз қиыншылақтар тудырады. Теріге түскен нәжіс, зәр, сулы жаялықтар, сабын ауырсыну сезімін тудырып,күйдіреді. Бала мазасызданып, ұйқысы нашарлайды.

Алдын алу: баланы күнделікті суға түсіру, жаялықтарын жиі ауыстыру, ауа ванналарын жүргізу, бала күтіміне қажетті заттарды ( крем, присыпка) пайдалану.

20 - Омфалит – кіндік маңындағы тері және тері асты клетчаткасының қабынуы.Қабыну түріне қарай катаральды, іріңді, некрозды омфалиттерді ажыратады.

30- Рахиттен алдын алу жолдары.

  1. Антенаталдық алдын алу. Нәресте тумастан бұрын алдын алу шаралары жүкті әйелдіңрежим сақтап, сүт, жеміс-жидек тағамдарын қабылдап, маңызды және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады.

Арнайы алдын алу. Жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500ХБ-тен Д витаминін береді.

  1. Постнаталдық алдын алу.Рахиттің алдын алуда тиісінше тамақтандырумен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады.

Арнайы алдын алу. Балаларды рахиттен арнайы сақтандыру жұмыстарын 2- аптадан бастап жүргізу қажет. «Д» витаминінің мөлшері тәулігіне 400-500 ХБ болады.

Мезгіліне жетпей туған не қолайсыз жағдайда тұратын сәбилер үшін «Д» витаминінің әр күндік мөлшері 600-800 ХБ.

40 - Асфиксия себептері:

  1. Әйелдің экстрагенитальды аурулары (жүрек-тамыр жетіспеушілігі,анемия,зиянды әдеттер т.б).

  2. Жүктілік асқынулары(түсік түсу қатері,токсикоздар,күнінен асып босану,бала жолдасының дұрыс бекімеуі т.б).

  3. Босану кезіндегі асқынулар (босану қызметінің нашарлығы,операциямен босану,бала жолдасының ерте бөлінуі және т.б.).

  4. Ұрықтың және нәрестенің тыныс алу орталығының дәрілік препараттардан қысылуы.

50–Спазмофилияның екі түрі бар:

  1. Жасырын түрі

  2. Айқын түрі

Жасырын түріне келесі симптомдар жатады:

  1. Хвостек симптомы

  2. Люст симптомы

  3. Труссо симптомы

  4. Маслов симптомы

Айқын түріне – ларингоспазм, карпопедальды спазм, эклампсия жатады.
















III- турдың жауаптары:


1-билет:

1 жасқа дейінгі баланың бой ұзындығын өлшеу.

Дайындау керек:

  • Бой өлшегіш;

  • Дезинфекциалық(зарарсыздандырғыш)ерітінді;

  • Ыдыс жуатын құрал;

  • Жаялық;

  • Қаламсап, қағаз;


  1. Интервалы 15 минуттан екі рет бой өлшегішті зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдеу.

  2. Шкаланы ашық қалдырып, бой өлшегішті жаялықпен жабу.

  3. Баланы бой өлшегішке жатқызу керек, басы қозғалмайтын бағытта жатуы керек.

  4. Осы қалыпта баланың басын ұстап тұруды анасынан өтіну.

  5. Баланың аяғын сол алақанмен тізесін басып түзу ұстау.

  6. Бой өлшегіштің қозғалмалы планкісін баланың табанына жылжыту.

  7. Бала денесінің ұзындығын шкаладан белгілеу.

  8. Баланы бой өлшегіштен алу.

  9. Бой өлшегіштен жаялықты алу.

  10. Өлшеу нәтижелерін жазу.

  11. Бой өлшегішті зарарсыздандырғыш ерітіндімен сүрту.

  12. Жасына байланысты интервалмен, нақты жағдайдағы бала салмағын салыстыру.


Өмірінің 1 – ші жылында баланың кеуде шеңберін өлшеу.

Дайындау керек

  • өлшегіш жіп;

  • дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс;

  • ыдыс жуатын құрал (ветошь);

  • қағаз, қалам.

    1. Құндақтау үстеліне баланы отырғызу (жатқызу).

    2. Зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңделген өлшегіш жіпті алу.

    3. Шамамен баланың кеуде клеткасына өлшегіш жіпті: артынан – жауырынның төменгі бұрышымен, қапталынан – қолтық ойығымен, алдынан – емізіктер сызығымен (немесе IV қабырға деңгейіне) салып өлшеу.

    4. Нәтижесін жазу.

    5. Жасына байланысты қалыпты жағдаймен салыстыру:

  • жаңа туылғандарда 33-34 см

  • 1 – ші жылда айына 1,3 см – ден қосу

  • 1 жаста 48 см

  • 1 жастан үлкен:

  • 5 жасқа дейін қосылуы жылына 2 см – ден

  • 5 жаста 55 см – ден

  • 5 жастан кейін қосылуы жылына 1,5 см – ден

  • 10 жаста 65 см

  • 15 жаста 75 см

Зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдегеннен кейін сантиметрлі өлшегіш жіпті залаласыздандырылған ыдысқа салу.


2-билет:

1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу.

Өлшеу аш қарынға, зәр шығарғаннан соң және дефекациядан кейін ішкі киімнен немесе жалаңаш жүргізіледі:

  1. Таразының жұмыстық жағдайын және көлденең деңгейін тексеру.

  2. Таразының бекіткіш құралын жабу.

  3. Таразыны 1% кальций гипохлорид ерітіндісімен 5 – 10 минут аралықпен екі рет бір бағытта сүрту.

  4. Гірлерді «0» жағдайға қою.

  5. Таразыны орналастыру.

  6. Таразының бекіткішін жабу.

  7. Таразыны жаялықпен жабу (жаялықтың шеттері салбырамауы жөн).

  8. Баланың басын таразының кең бөлігіне қарай жатқызу (7 – ші айдан – баланы таразыға отырғызу).

  9. Таразының бекіткішін ашу.

  10. Баланы үлкен және кіші гірдің көмегімен өлшеу (таразының қайта теңесуіне дейін).

  11. Таразының бекіткішін жабу.

  12. Баланы таразыдан алу.

  13. Жаялық салмағымен бірге бала салмағының көрсеткішін белгілеу.

  14. Жаялықты өлшеу.

  15. Бірінші цифрден екіншісін алу.

  16. Айырмашылықты баланың карточкасына жазу.

  17. Гірлерді «0» жағдайына әкелу.

  18. Таразыны залалсыздандырғыш ерітіндімен сүрту.

  19. Баланың негізгі салмағын жас интервалымен салыстыру.


Емшек жасындағы баланың бас шеңберін өлшеу.

Дайындау керек:

  • өлшегіш жіп;

  • дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс;

  • ыдыс жуатын құрал (ветошь);

  • қағаз, қалам.

    1. Баланы құндақтайтын орындыққа отырғызу(жатқызу).

    2. Зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңделген сантиметрлі өлшегіш жіпті алу.

    3. Шамалау бойынша баланың басына өлшегіш жіпті салу: артынан – шүйде төмпегіне, алдынан – қас үсті доғасы.

    4. Нәтижесін жазу.

    5. Жасына байланысты қалыпты жағдаймен салыстыру:

  • жана туылғанда 34-35 см

  • 1-ші жылда айына 1см – ден

  • 1 жаста 45-47 см

  • 1 жастан үлкен:

  • 5 жасқа дейінгі қосылуы жылына 1см-ден

  • 5 жаста 50 см

  • 5 жастан кейінгі қосылуы жылына 0,5 см-ден

  • 12 жаста 54-55 см


Зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдегеннен кейін сантиметрлі өлшегіш жіпті залалсыздандырылған ыдысқа салу.


3-билет:

Көзді өңдеу.

  1. Қайнатылған 36 – 37 температурадағы суға мақтадан жасалынған 2 шарды сулау.

  2. Екі көзді бөлек – бөлек мақтадан жасалынған шармен көздің сыртынан ішіне қарай өңдеу.

  3. Таза, құрғақ мақтадан жасалынған шармен көзді сыртынан ішіне қарай құрғатып сүрту.

  4. Шарларды қоқыс ыдысына тастау.


Мұрын қуыстарын өңдеу.

  1. Мақтадан жасалған шарды залалсыздандырылған өсімдік майына батыру.

  2. Ылғалды мақталы шардан 2 қатты шиырылған мақта жасау.

  3. Мұрын қуысының төменгі бөлігіне 1 – 1,5 см (әр бөлікке – жеке) енгізу – айналу қозғалысымен шиырылған мақтаны қозғау.

  4. Шиырылған мақтаны тастау.

  5. Мұрын қуыстарын құрғақ шиырылған мақтамен құрғату (әрқайсысын бөлек).


4-билет:

Кіндік жарасын өңдеу.

  1. Қолды сабынмен жуу.

  2. Ағаш таяқшадағы мақталы тығынды 3% сутегі асқын тотығымен сулау.

  3. Кіндік жарасының шетін керу.

  4. Дайындалған тығынмен жараны ортасынан шетіне қарай өңдеу.

  5. Ағаш таяқшадағы залалсыздандырылған құрғақ мақталы тығынмен жараны тазарту.

  6. Ағаш таяқшадағы мақталы тығынды бриллиант көгінің 1% ерітіндісімен сулау.

  7. Дайындалған мақталы тығынмен бір қозғалыста басып жараның ортасын өңдеу.

  8. Пайдаланған 3 тығынды қоқыс ыдысына тастау.


5- билет:

n*80=7*80=560 мл

Салмағы 3250 г .7 күндік нәрестенің тәуліктік тамақтану көлемі – 560 мл.


6- билет:

4200*1/5=840 мл

Салмағы 4200 г .1 айлық нәрестенің тәуліктік тамақтану көлемі – 840 мл.





Конкурс хаттамасы


Ф-21тобы:

  1. Улжабаев А.

  2. Мұқас Қ.

  3. Сыдыкова Р.

Ф-23 тобы:

  1. Жұбанышәлі Н.

  2. Турегалиева А.

  3. Аманбаев М.


Тапсырмалар саны – 5 сұрақ

Максимальды балл саны – 25 балл


I-турдың қорытындысы:


Қатысушының аты-жөні


Жинаған балл саны

1

Аманбаев Мирас

15 балл

2

Улжабаев Алихан

20 балл

3

Сыдыкова Рада

10 балл

4

Мұқас Қалыгүл

25 балл

5

Жубанышәлі Назгүл

20 балл

6

Турегалиева Айдана

20 балл






Жюри мүшелерінің қолы: Кичапова С.И.__________________

Балабанова Н.А.________________

Курмангалиева К.Т.______________








Конкурс хаттамасы


Ф-21тобы:

  1. Улжабаев А.

  2. Мұқас Қ.

  3. Сыдыкова Р.

Ф-23 тобы:

  1. Жұбанышәлі Н.

  2. Турегалиева А.

  3. Аманбаев М.



II - турдың қорытындысы:


Қатысушының аты-жөні


Жинаған балл саны

1

Аманбаев Мирас

40 балл

2

Улжабаев Алихан

50 балл

3

Сыдыкова Рада

75 балл

4

Мұқас Қалыгүл

85 балл

5

Жубанышәлі Назгүл

0 балл

6

Турегалиева Айдана

0 балл








Жюри мүшелерінің қолы: Кичапова С.И.__________________

Балабанова Н.А.________________

Курмангалиева К.Т.______________









Конкурс хаттамасы


Ф-21тобы:

  1. Улжабаев А.

  2. Мұқас Қ.

  3. Сыдыкова Р.

Ф-23 тобы:

  1. Жұбанышәлі Н.

  2. Турегалиева А.

  3. Аманбаев М.


Толық жауап үшін – 10 балл

Жартылай жауап үшін – 5 балл.


III-турдың қорытындысы:


Қатысушының аты-жөні


Жинаған балл саны

1

Аманбаев Мирас

0 балл

2

Улжабаев Алихан

10 балл

3

Сыдыкова Рада

10 балл

4

Мұқас Қалыгүл

10 балл

5

Жубанышәлі Назгүл

0 балл

6

Турегалиева Айдана

0 балл


Конкурс нәтижесінің қорытынды кестесі


Қатысушының аты-жөні


I-тур

II-тур

III-тур

Жалпы балл саны

1

Аманбаев Мирас

15

40

0

55

2

Улжабаев Алихан

20

50

10

80(III-орын)

3

Сыдыкова Рада

10

75

10

95 (II-орын)

4

Мұқас Қалыгүл

25

85

10

120 (I-орын)

5

Жубанышәлі Назгүл

20

0

0

20

6

Турегалиева Айдана

20

0

0

20




Жюри мүшелерінің қолы: Кичапова С.И.__________________

Балабанова Н.А.________________

Курмангалиева К.Т.______________