СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Педагогтың үш стилі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»- деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, қажеттігін ескерте отырып, сондай - ақ жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

Просмотр содержимого документа
«Педагогтың үш стилі.»

Сабақтың технологиялық картасы


Тобы:

Мерзімі:

Пән: Ізгілік педагогикасы және психология негіздері

Сабақ тақырыбы: Педагогтың үш стилі.

Сабақтың мақсаты: Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы стилдерінің айырмашылығы жайлы түсініктерін ғылыми теориялық негізде кеңейту. Педагогтың әр стилдері туралы білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Өзін-өзі тану мұғалімі үшін мақсат-мүдденің маңызы мен шәкірттермен жұмыс жасаудағы ізгіліктің рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыс арқылы педагогтардың анықтамаларына талдау жасай білу дағдыларын дамыту. Педагогтың басқару стиліне сипаттама бере отырып, өзіндік ойларын тұжырымдауға, жинақтау ортасын құру.

Тәрбиелік: Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Сабақтың түрі: Теориялық және іс-тәжірибелік дербес жұмыстар сабағы

Пәнаралық байланыс: Философия, Педагогика, Психология

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы, АКТ

Сабақ көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары: Мультимедиялық презентация, Тірек-сызба, Педагогикалық жағдаяттар,Таратпа материалдар.

Әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1997.

  2. Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. М., 1995. 

  3. Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993. 


Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы

ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау

Ү. Жаңа материалмен таныстыру.

ҮІ. Бірінші бекіту кезеңі

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау

ІХ. Бағалау

Х. Рефлексия

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу!

2. Кабинет тазалығын бақылау, білім алушылардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын қадағалау, бақылау.

3. Білім алушыларды түгендеу, оқу журналымен, баянатпен жұмыс.

  • Оқу іс-әрекеті мотивациясы

Шығыс даналығында: «Маған айтсаң – ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп алам»- деген жақсы сөз бар, әрбір ұстаз баланының ынтасын, қызығушылығын ояту керектігін, оларға бағыт бағдар беру, үйрету, жетелеу қажеттігін жақсы біледі. 

  • Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

  • Л. Толстой: «Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға деген сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім» деген. 

  • Ш.А. Амонашивили өз сөзінде «Мектепті емес мұғалімдерге реформа жасау керек» деген, қазіргі кезде мектептерде мұғалімдер өзгеруде.

  • Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»- деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, қажеттігін ескерте отырып, сондай - ақ жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

  • Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау

  1. Жеке тұлғалық-әлеуметтік тәсілдеме (П.А.Соколов)

  2. Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары

  3. «Мен»тұжырымдаманыңқалыптасуы 

Ізгілік педагогикасының үш постулаты

  1. Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

  2. Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

3. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

Г.С. Батищев бойынша педагогиканың үш типі

  • Қалыптастыру педагогикасы

  • Қабілеттерін дамыту педагогикасы

  • Кемелдендіру педагогикасы

Кемелдендіру педагогикасының мақсаты-адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

Педагогикалық қызметтік сұлбасы

Рухани бастау - Мұғалім Оқушы

Мектепті реформалаудың қажеті жоқ. Мұғалімнің жан дүниесін реформалау керек.

“Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды” Ш. Амонашвили

«Кез келген шешімді окушынын өзі таба білгенін калаймын». М. Монтень

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». А. Құнанбаев

“Мұғалім-баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты тұлға”. А.Байтұрсынұлы

  • Жаңа материалмен таныстыру. /гипермәтін/

  • Бірінші бекіту кезеңі

Өзіндік жұмыс: А.К. Маркова мен А.Я. Никонованың  сипаттамаларын талдау



Педагогикалық іс-әрекеттің сипатына байланысты оның стильдері

Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы неғұрлым толық нақты көріністі А.К. Маркова мен А.Я. Никонова ұсынды. Осы авторлардың көрсетуінше, мұғалім еңбегіндегі стильдерді ажыратудың негізіне келесі негіздемелер жатқызылған: стильдің мазмұндық сипаттамалары (мұғалімнің өз еңбегінің процесіне немесе нәтижесіне бағдарлануға басымдылық беруі, мұғалімнің өз еңбегіндегі бағдарланушы және бақылаушы-бағалаушы кезеңдерін күшейтуі); стильдің динамикалық сипаттамалары (икемділік, тұрақтылық, ауысқыштық және т.б.); нәтижелілік (мектеп оқушыларындағы білім мен оқу дағдыларының деңгейі және оқушылардың пәнге қызығушылықтары). Осы негізде авторлар қазіргі заман мұғалімін сипаттаушы даралық стильдердің төрт түрін бөледі. 

Эмоционалды–импровизациялық стиль (ЭИС). ЭИС-ті мұғалімді оқыту процесіне басымырақ бағдарлану ажыратады. Мұндай мұғалім жаңа материалды логикалық, қызықты түсіндіреді, алайда түсіндіру процесінде көп жағдайда оның оқушылармен кері байланысы болмайды. ЭИС-ті мұғалім сауалдама жүргізу барысында оқушылардың көп санымен, негізінен ол күшті, өзін қызықтыратын оқушылармен жұмыс істейді, олардан тез қарқынмен жауап алып, формалды емес сұрақтар қояды, бірақ оқушылардың өздерін аз сөйлетеді, олардың өз бетінше жауап құрастыруын тоспайды. ЭИС-ті мұғалімге оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлауда жеткіліксіздік тән: сабақта өту үшін ол неғұрлым қызықты материалды таңдайды; қызықтылығы аз, бірақ маңызды материалды шәкірттердің өз бетімен талдауларына қалдырады. ЭИС-ті мұғалім іс-әрекетінде оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін бақылау жеткіліксіз орын алады. ЭИС-ті мұғалімді, оқытудың саналуан әдістерінің үлкен арсеналын пайдалану ерекшелендіреді. Ол ұжымдық талқылауды жиі қолданады, шәкірттердің спонтанды пікір айтуларын ынталандырады. ЭИС-ті мұғалімге ішкі түйсіктік тән, ол сабақ үстіндегі өзінің іс-әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижелілігіне талдау жасай алмауынан көрінеді. 

Эмоционалды-әдісқойлық стиль (ЭӘС). ЭӘС-ті мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлау, жоғары шапшаңдық, рефлексивтіліктен ішкі түйсіктің басымдылығы тән. Оқытудың процесі мен нәтижесіне бірдей бағдарлана отырып, мұндай мұғалім оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлайды, бүкіл оқу материалын кезеңдеп өңдейді, шәкірттердің барлығының (күштілерінің де, әлсіздерінің де) білім деңгейін мұқият қадағалайды, оның іс-әрекетінде үнемі оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін қадағалауорын алады. Мұндай мұғалім жоғары шапшаңдықпен ерекшеленеді, ол сабақ үстіндегі жұмыс түрін жиі ауыстырып отырады, ұжымдық талқылауды қолданады. Оқу материалын өтуде ЭИС-ті мұғалім қолданған бай әдістемелік тәсілдер арсеналын қолдана отырып, ЭӘС-ді мұғалім соңғыға қарағанда балаларды сыртқы тартымдылықпен белсендендіру орнына, оларды өз пәнінің ерекшелігімен біржолата қызықтыруға ұмтылады. 

Пайымдаушы-импровизациялық стиль (ПИС).  Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімге оқыту процесі мен нәтижесіне бағдарлану, оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлау тән. Эмоционалдық стильді мұғалімдермен салыстырғанда пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалім оқыту әдістерін таңдау мен түрлендіруде аз ойлап тапқыштық көрсетеді, жоғары қарқынды жұмысты үнемі қамтамасыз ете алмайды, ұжымдық талқылауды сирегірек пайдаланады, оның шәкірттерінің сабақ барысындағы спонтанды пікір айтуының салыстырмалы уақыты эмоционалды стильді мұғалімдерге қарағанда азырақ. Пайымдаушы-импровизациялық стильді мұғалімдер, әсіресе сауалдама барысында өзі аз сөйлейді, шәкірттерге жанама түрде (нақтылау, жауап беруге көмектесу т.б. арқылы) әсер ете отырып, жауап берушіге жауабын жете айтуға мүмкіндік беруді қалайды. 

Пайымдаушы-әдісқойлық стиль (ПӘС). Оқыту нәтижесіне басымырақ бағдарлана отырып және оқу-тәрбие процесін сәйкес жоспарлай отырып, пайымдаушы-әдісқойлық стильді мұғалім педагогикалық іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін пайдалануда ескішілдік танытады. Жоғары әдісқойлық (оқу материалын бекітудің, қайталаудың, оқушылардың білімін қадағалаудың жүйелілігі) оқыту әдістерінің шағын, стандартты жиынын пайдаланумен, оқушылардың қайта жаңғыртушы іс-әрекетіне басымдылық берумен, ұжымдық талқылауды сирек жүргізумен үйлеседі. Сұрастыру процесінде пайымдаушы-әдісқойлық стильді мұғалім оқушылардың аз санымен жұмыс істейді, әлсіз оқушыларға ерекше назар аудара отырып, әрқайсысына жауап беруге көп уақыт береді. Пайымдаушы-әдісқойлық стильді мұғалімге жалпы рефлексивтілік тән. Педагогикалық іс-әрекет стилі басқару стилін, қарым-қатынас стилін, мінез-құлық стилі мен мұғалімнің когнитивті стилін бейнелейтін оның интегративті сипаттамасы, бұл А.Я. Никонова, А.К. Маркова бойынша мұғалім еңбегі стилінің төрт түрінде неғұрлым толық көрінеді.

  1. Іс-әрекет стилі мен мінез-құлық стилі арасында қандай айырмашылық бар? 

  2. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлі стильдерінің сараланып жіктелінуінің негізінде не жатыр? 

  3. А.Я. Никонова, А.К. Маркова бойынша педагогикалық іс-әрекеттің оның сипатына байланысты негізгі стильдері қандай? 

  • Үйге тапсырма беру

Авторитарлық, либералдық, гуманистік стилдер.

1. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1997.

2. Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. М., 1995.

3. Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993.

  • Сабақты қорытындылау

Жақсы болыңыздар

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы нәрсе жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол-осы!

  • Бағалау

  • Рефлексия

Білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Маған қызықты болған кезең

Ұтымды жауап берген білім алушылар

Білдім

Білгім келеді



























































Педагогтың үш стилі

Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.

Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.

Гуманистік (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Сана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

Стиль дегеніміз - әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен өнімі бейнеленеді,екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың  ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Стильдің  қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір  басшы  өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген

 тәсілдер мен  амалдарды қолдана білуі тиіс.

    Стиль түрлері және олардың  сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.

Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалды жиі-жиі  қайталамауымен ерекше-лінеді. Бірақ  мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген маман-дардың  бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық - бұл  ырғақтылық, және де басшылық ете білу - бұл басшылық стилін өзгерте білу».

Басшы жұмысшының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басқару тәсілі-басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен  еңбек  ұжымына  ықпал  ету, басқару  қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді  қамтамасыз ету.

Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал  етеді. Дербес стиль  нақты  құбылыс –оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен  қалыптасады:

Іс-әрекет сипаты;

Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

Психологиялық қасиет;

Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

        Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет  елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше  жіктеледі.

    Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша  бөледі:

Бір жақты автократтық стиль;

Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі;

Парламенттік сипаттағы басқару стилі;

Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

    Авторитарлық  стилінің түсінігі және оны  қалыптастыру факторлары.Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психо-логиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

    Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынады.

Авторитарлық стильге (батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді)  шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. Бұйрық  талқыланбайды, күдіктенуге хақың  жоқ. Автократ бағыныштыларының

Ісәрекетіні өз жауакершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікір  алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды.

    Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағыларды қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейреси топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчествалық  белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басшының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның  құрылымына байланысты. Егер басшы  өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады.

    Авторитарлық  стильдің алуан түрлі нышаны болады:

  • Патриархалдық: барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиіс, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;

  • Харизматикалық (харизм-Құдай шапағаты): лидерді ең көрнекті дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;

  • Автократтық: жеке адамдардан горі институтқа тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстациялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады.

    Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.

    Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы қызметкерлерге қарайлайды.

         Мұндай стильдегі басшы тәртіп  бұзушыға қатаң талап қоймайды,қарамағындағылардың  білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

         Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды.Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.

Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.

    Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.

    Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі  хабарлап отырады, ал өз атына  айтылған сын-ескертпелерді  дұрыс  қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады,ең соңында,ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымңың басшысы емес, соның  бір мүшесі ретінде әрекет етеді.

Мұндай  басшы  жақсы  ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті  елемейді, басты назарын

түйінді міндеттерді шешуге шоғырладырады. Өзінің қарамағындағыларды туын-даған  мәселелерді  дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен  санасады. Кейбір міндеттерді  дербес шешеді. Шаруашылық қызметіндегі жауапкершіліктерді қарамағындағыларға сеніп тапсырады.

Қарамағындағыларға нақты міндет те,нұсқаулар береді. Тиісті жерінде  мадақтай да, жазалай да біледі.

Жұмыс тәсілін әділ бағалайды. 

Өзіне-өзі қатал,жұмысты құлшына істейді, құрмет пен қошеметті күтпейді.

Мұндай жағдай ұжымда белсенділік,творчествалық ахаул,ауыз біршілік туғызады.

    Әрине, өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара жоқ. Барлығыда өте күрделі. Басшы үнемі адамдар арасында болады, ал олар оның жұмыс стилі мен

тәсілін мақтап, кейде кінәлап отыруы мүмкін.

        Біз басшылардың 3 түрлі стильдеріне  сипаттама бердік, бірақ практикада 

мұнымен шектелмейді. Туа біткен кемістік қашан  да болсын байқалады. Дұрыс 

бағытты,ойластырған  мінез-құлықты таңдау, жұмыс бабындағы, нақты әңгімедегі

жағдайда тез  шешім  қабылдап, лезде  жауап  қайтару  әркімнің қолынан келе бермейді. Басқаша  айтқанда, мұның өзі  әрадамның  шама-шарқына, білім дәрежесіне байланысты қасиет.

Ең қолайлысы коопаеративтік стиль-«жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекетету», қиын - қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса  отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді  жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.

    АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару  жүйесі деп аталады):

Қызметті беру стилі;

Міндетті бөлісіп басқару;

Ерекшелеу тәсілімен басқару;

Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.

  1. «Қызметті беру стилі» әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

  2. «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндетті бірлесір қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.

  3. «Ерекшелеу тәсілімен басқару» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.

  4. «Жүйені ретке келтіру арқылы басқару» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.

















Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.

Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.

Гуманистік (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Сана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.



..................................................................................................................................................................

Стиль дегеніміз - әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен өнімі бейнеленеді,екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың  ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Стильдің  қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір  басшы  өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген

 тәсілдер мен  амалдарды қолдана білуі тиіс.

    Стиль түрлері және олардың  сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

..............................................................................................................................




Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.

Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.

Гуманистік (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Сана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

Стиль дегеніміз - әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен өнімі бейнеленеді,екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың  ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Стильдің  қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір  басшы  өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген

 тәсілдер мен  амалдарды қолдана білуі тиіс.

    Стиль түрлері және олардың  сипаттамалары. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істегендігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

.................................................................................................................................











    Авторитарлық  стилінің түсінігі және оны  қалыптастыру факторлары.Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психо-логиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

    Авторитарлық стильдің негізі макевиаллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол "принц" кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ,өйткені "мақсат тәсілді өтейді" деген идея ұсынады.

Авторитарлық стильге (батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді)  шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. Бұйрық

талқыланбайды, күдіктенуге хақың  жоқ. Автократ бағыныштыларының іс-әрекетіні өз

жауакершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікір  алысып, өз жоспары

туралы әңгіме қозғамайды.

    Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағы-ларды қатты  сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейреси  топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчествалық  белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басшының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның

құрылымына байланысты. Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады.

    Авторитарлық  стильдің алуан түрлі нышаны болады:

  • Патриархалдық: барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиіс, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;

  • Харизматикалық (харизм-Құдай шапағаты): лидерді ең көрнекті дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;

  • Автократтық: жеке адамдардан горі институтқа тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстациялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады.

    Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Практикада көбінесе басқарудың классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.

.................................................................................................................................................................

    Либеральдық стиль: мұндай жұмыс стиліндебасшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принцинпсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғарғы қызметкерлерге қарайлайды.

         Мұндай стильдегі басшы тәртіп  бұзушыға қатаң талап қоймайды,қарамағындағылардың  білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

         Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды.Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.

Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.



    Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.

    Демократ басшы  ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі  хабарлап отырады, ал өз атына  айтылған сын-ескертпелер-ді  дұрыс  қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады,ең соңында,ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымңың басшысы емес, соның

бір мүшесі ретінде әрекет етеді.

Мұндай  басшы  жақсы  ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті  елемейді, басты назарын түйінді

міндеттерді шешуге шоғырладырады. Өзінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді

дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен  санасады. Кейбір міндеттерді  дербес шешеді. Шаруашылық қызметіндегі жауапкершіліктерді қарамағындағыларға сеніп тапсырады.

Қарамағындағыларға нақты міндет те,нұсқаулар береді.Тиісті жерінде мадақтай да,жазалай да  біледі.Жұмыс тәсілін әділ бағалайды. Өзіне-өзі қатал,жұмысты құлшына істейді, құрмет пен

қошеметті күтпейді.Мұндай жағдай ұжымда белсенділік,творчествалық ахаул,ауыз біршілік  туғызады.Әрине,өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара жоқ.Барлығыда өте күрделі. Басшы үнемі адамдар арасында болады, ал олар оның жұмыс стилі мен

тәсілін мақтап, кейде кінәлап отыруы мүмкін.

..............................................................................................................................................................

        Біз басшылардың 3 түрлі стильдеріне  сипаттама бердік, бірақ практикада 

мұнымен шектелмейді. Туа біткен кемістік қашан  да болсын байқалады. Дұрыс 

бағытты,ойластырған  мінез-құлықты таңдау, жұмыс бабындағы, нақты әңгімедегі

жағдайда тез  шешім  қабылдап, лезде  жауап  қайтару  әркімнің қолынан келе бермейді. Басқаша  айтқанда, мұның өзі  әрадамның  шама-шарқына, білім дәрежесіне байланысты қасиет.

Ең қолайлысы коопаеративтік стиль-«жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекетету», қиын - қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса  отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді  жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.

    АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару  жүйесі деп аталады):

1. Қызметті беру стилі;

2. Міндетті бөлісіп басқару;

3. Ерекшелеу тәсілімен басқару;

4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.

  1. «Қызметті беру стилі» әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

  2. «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндетті бірлесір қарастырады да, әрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.

  3. «Ерекшелеу тәсілімен басқару» басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.

  4. «Жүйені ретке келтіру арқылы басқару» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.














Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет:

  • Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін;

  • Кемелденуге ұмтылыс.

(Ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған).

Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. 

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет – ежелгі философ Сократ қарастырды.

«Кімде шынайы бейне мен ұшқыр ой болса ол бақытты»

“Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы жоқ” Сокра́т 

Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.

“Әрбір адам ақиқатты танып, іске асыруға қабілетті, әрбір адам абсолюттік бүтіндіктің жанды бейнесі, бүкіл әлемдік өмірдің саналы әрі дербес органы бола алады” Владимир Соловьев.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.

Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау – рухани аспект.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.

Тыныштық – эмоциялық аспект.

Дұрыс әрекет – физикалық аспект.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы

мұғалімнің рөлі

  • «Егер мұғалім өз ісін сүйіспеншілікпен атқарса, ол жақсы мұғалім болады.

  • Егер оның өз оқушысын туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып шыққан, бірақ не ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен артық.

  • Егер мұғалім өз ісіне және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ». Лев Толстой

«Баланы қалай сүю керек?»

«Балалар жоқ – адамдар бар. Бірақ түсінік ауқымы басқа, тәжірибелік қоры басқа, қызығушылығы да, сезіну де басқа».

«Ең өрескел қателік – педагогиканың адам туралы емес, бала туралы ғылым деп санайтыны. Бала сезімінің аясы үлкендерден асып түседі, яки тежелу өтелмеген. Интеллект аясында аз дегенде, оларға тең, тек тәжірибе жетіспейді».

  • ...Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады.

  • …Дрессировкамен, қысыммен, қиянатпен қол жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз.

  • Жағымсыз тосынсыйды қаламайтын және болуы мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші – тиран.

  • Денсаулық – бұл басты өмір игілігі.

  • Көптеген балалар ойыны – үлкендердің байсалды әрекеттеріне еліктеу.

Януш Корчак

Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.

Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.