СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Пікір-алыс "Ананы сыйлау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

пікір алыс ананы сыйлау жайындағы оқу сабағы

Просмотр содержимого документа
«Пікір-алыс "Ананы сыйлау"»

№7 бөбекжай - балабақшасы






Тәрбие сабағы

Тақырыбы: «Ананы сыйлау»

(пікір-алыс)


Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.











Қостанай қаласы





Мақсаты:Балаларды өз анасына және барлық аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу,тіл байлықтарын дамыту.

Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,әңгіме,тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер(ТСО)


Сабақтың барысы

Жылы лебіздер айту:

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Анамыз аман болсын!

Топта әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

Мейірімді,сымбатты

Қадірменді,қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер

Ол-Ана!

Тәрбиеші:-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ,өйткені аналарымыз жайында әңгімелесеміз.

-Кәне,Райымбек айта қойшы,сенің анаң қандай?

(сұлу,жақсы,мейірімді т.б.)

-Әмина,анаң саған қандай жақсы сөз айтады:

(айналайын,ботақаным, т.б.)

Осылайша тәрбиеші балаларды әңгімеге тартады.

Дәйексөз:

Тәрбиеші «Ана деген әрбір үйдің жылуы»

атты нақыл сөзді дәйексөз ретінде қолданып түсіндіреді.

Тәрбиеші:Иә,балалар,өмірдегі ең жақын да мейірімді адам ол-ана.Аналарын сендер үшін барлық істі атқарады:тамақ пісіреді,тағы не істейді?(балалардың жауаптары.).Сондықтан да аналарды сыйлау керек,тыңдау керек,ренжітпеу керек.

Тәрбиеші:-Балалар,енді мына суреттерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

-Бұл қандай балалар?

-Ал сендер өз аналарына қандай көмек бересіңдер?

Тәрбиеші:-Кәне,кім ана туралы тақпақ айтады?

Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным таппаған.

Менсіз тамақ татпаған,

Айналайын ақ мамам.

Тәрбиеші «Үш ана» әңгімесін айтып береді.

Балалардан өз түсінгендерін әңгімелеп беруді сұрау.

Рөлдерді бөлісіп осы әңгіме бойынша шағын көрініс қою.

Қорытындылау:Ән «Айналайын анашым»