СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Писиру газ мамандарына

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады. Электргазбендәнекерлеуші мамандығы – өте қажет мамандық. Кез-келген өндірістік кәсіпорында электргазбендәнекерлеу қолданылады. Электргазбендәнекерлеу – қосылыс жерін балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі

Просмотр содержимого документа
«Писиру газ мамандарына»

Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады. Электргазбендәнекерлеуші мамандығы – өте қажет мамандық. Кез-келген өндірістік кәсіпорында электргазбендәнекерлеу қолданылады. Электргазбендәнекерлеу – қосылыс жерін балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі. Электргаздәнекерлеудің көмегімен көліктердің, әртүрлі металл құрылымдардың, көпірлердің, цистерналардың немесе қазандардың және құбырлардың металл бөлшектері жалғанады. Материалдық өндірістің кез-келген саласында электргазбендәнекерлеуші атқаратын жұмыстар болады. Дәнекерлеу – көліктердің, құрылымдардың бөлшектерін ажырамайтындай етіп қосатын сенімді әрі үнемді тәсілі болып табылады. Дәнекерлеуші шойын, болат құбырлардың құрылымдарын, тетіктерді қолмен, доғалы, плазмалы және газбен дәнекерлеуді орындайды, сонымен қатар телевизионды, фотоэлектрондық және басқа да құралдармен жабдықталған автоматтарда дәнекерлейді. Электргазбендәнекерлеушінің міндетіне бетті жұмысқа дайындау, технологиялық режимді таңдау, дәнекерлеу үрдісін және сапасын бақылау, тиісті жабдыққа қызмет көрсету енеді. Қарапайым пісіру мен дәнекерлеу әдістерін өндірісте қолдану ерте заманнан басталды. Пісіру техникасы және технологиясы қазіргі өндірісте жетекші орын алуда. Техника дамуы өндіру тәсілдеріне, атап айтқанда, пісіру технологиясына жаңа талаптар қоюда. Бүгінгі күнде жақын арада ғана экзотикалық деп есептелген материалдар пісіріледі. Бұл титан, ниобий, бериллий қорытпалары, молибден, вольфрам, композициялық жоғары берікті материалдар, керамика, сонымен қатар әртекті материалдардың сан алуан қосындылары. Қалыңдығы бірнеше микрон болатын электроника тетіктері және қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдық тетіктері пісірілуде. Пісіру машиналардың мүлдем жаңа конструкцияларын жасауға, металдарды өңдеумен байланысты технологиялық процестерге түбегейлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызды. Пісіру әдістері өте жай дамыды. Бірақ бірнеше жылдар аралығында пісіру техникасы мен технологиясында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. XX ғасыр әсіресе бірінші жартысы дәнекерлеу ғылымы мен техникасының дамуы мен қолдануында негізгі ғасыр болды. Соңғы 20 жылдың ішінде айтарлықтай жетілді, соның ішінде ең бірінші құрылғылары мен аппаратуралары болды. XXI ғасырдың басында қазіргі өркениетті материалдық негізді құру барысындағы жетекші технологиялық процестердің бірі болды. Кез-келген жағдайда жерде, суда, космоста металдар мен металл еместер дәнекерлеуге душар болады. Дәнекерленетін бөлшектер қалыңдығы микроннан метрге дейін, ал конструкция салмағы грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. Дәнекерлеу дайындамаларды дайындауда құрастырмалы материалдарды қосуда ең негізгі әдістердің бірі. Пісіру технологиясын пайдалану қазандар, құбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мұнай аппараттарын, қуатты престермен сорғылар және басқа да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкеледі. Қазіргі уақытта электргазбендәнекерлеуші машина жасау мен құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі.