СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

План конспекты уроков

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка классного часа. Прощание с начальной школой. Дляучителей начальных классов

Просмотр содержимого документа
«План конспекты уроков»

Астана қаласы

68 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Сандуғаш Жантасқызы



Бастауышта өткен балалық шағымыз!
Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, ақ жаулықты апалар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 ә – сынып түлектерін ортамызға!
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында бастауыш сыныппен қоштасып тұрған ҚР болашақ президенті, министрлері, академиктері, профессорлары және бизнесмендері!
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Бейбарыс:

Армысыздар жас достар,
Болашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптың,
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

Х.Нұрай:

Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.


Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп - тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» «Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2016 жылдың 14-ші мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын.
Орта буын хандығының патшасы:
Пай, пай, қош келдің бауырым!
Бастауыш патшалығының ханшайымы:
Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім.
Орталық хан: Әрине, еркем! Кел, кел.
(Екеуі құшақтасып амандасады)
Балбұлақ хан: Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің

жұмысымен келген едім. 2008 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды.
Орталық хан:
Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.
Балбұлақ хан:
Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Ал, ендеше сынақтан өтуге дайынсыңдар ма?

1 - жүргізуші:
Оқу елге керек пе
Керексіз бе?
Болды дау....
Сар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау.
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауы болатын
Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым
Жырын жаттап жатамыз.
Жалықпастан қыс - жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз –
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге,
Кел балалар оқылық!
Деген көріп көңілге
«Ықыласпен тоқылық!»
2 - жүргізуші:
Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын!
Армысыздар мұғалімдер, аяулы жандар, білім іздеп инемен құдық қазғандар, құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.
2 - жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - жүргізуші:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан Толқын, Эльмира ұстаздарымызға
Хормен: «Мың алғыс!»
1 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын.
2 - оқушы:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Егембердиева Аружанның орындауында «Ұстазым» әні.
1 - жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
2 - жүргізуші:
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
І. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1. оқушы Айжазира

Бастауыш бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
2. оқушы Азамат:
Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
3. оқушы Абдулнасыр Айдана:
Мектеп деген – білім кені, жыр кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Айдана Акпарова математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Нұрасыл Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Акпарова Айдана математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Нұрасыл Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Акпарова Айдана математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Сымбат Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Ернар Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Даяна Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Нұрмұхамед Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Данияр дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Нұрасыл Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Ибрагим Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Нұрасыл Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
1 - жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.
ІІ. Ұстаздарға арнау
1 - оқушы Ақнұр
Жұмысты ылғи қайсарды,
Көрмейміз мұндай жайсаңды.
Ұжымның мықты ұстазы,
Шолпан апайды айтсаңшы.
2 - оқушы Ануар:
Айжамал апай тәрбиелікке оқытқан,
Санамызға қырын - сырын тоқытқан.
Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,
Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.
3 - оқушы Аққу:
Сауле, Гүлнар апайлар орыс тілін танытқан,
Ойландырып ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға тілеріміз жақсылық,
Арналады өлең атты шабыттан.
4 - оқушы Талшын:
Әріп сырын үйреткен,
Шын көңілмен, жүрекпен.
Толқын апай керемет,
Сабақ берген біздерге.
5 - оқушы Арайлым:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап демде кетеді шаршауың да
Балбұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда солардың қоршауында.
6 - оқушы Жәнібек:
Ақылшым – асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
Жалықпай үйреттің де балаларды,
Өмірге тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашың қыраулап ағарады.
7 - оқушы Анель:
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата - анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
8 - оқушы Абдулазиз:
Ұстаздар жаққан шырақты,
Өшірмейік, балалар.
Бәрін - бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
ІІІ. «Білімсіз күнің жоқ»
1 - оқушы Азамат:
Балам өсті дегенше,
Батыр өсті десейші.
Торғай екеш торғай да
Жаңбыр жауса баласын қорғайды.
2 - оқушы Динара:
Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің,
Анық достық қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
3 - оқушы Айдархан:
Ұл таппас ана болмас, тұрарын айт,
Мал таппас бала болмас, құрарын айт.
Алты ұл тапқан ананы,
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағаны
Жаным десе болады.
Сондықтан үлкен тұрып,
Кіші сөйлегеннен без.
4 - оқушы Динмұхамед:
Қойыңдаршы енді (ашуланып),
Әзілің жарасса атаңмен ойна деген,
Ал атаң шаршаса (күліп)
Апаңмен ойна деген.
5 - оқушы Бағдат:
Есіңде болсын!
Екі қарияның ортасындағы
Бір бала дана болады.
Ал екі баланың ортасындағы
Бір шал бала болады.
6 - оқушы Ердәулет:
Жетер енді,
Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ ұрпақ
Жалын жоқ шоқпен тең.
7 - оқушы Талшын:
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден
Жақсыға айтқан сөз дұрыс,
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Айтылмай қалған сөзден
Айтылып қалған сөз дұрыс.
IV. Ел ертеңі көз алдымызда
1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа бағдарламаны жариялады.
2 - жүргізуші:
Еліміз 2050 жылға дейін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан орын алады деген.
1 - жүргізуші:
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің ендігі міндетіміз, егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
2 - жүргізуші:
Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
1 - жүргізуші:
Білімді адам қор болмайды дегендей, болашақ Қазақстанның ел ертеңі ортамызда.
Ортада: Менеджер, Мұғалім, Банкир, Ғалым, Экономист, Дәрігер.
Өлең оқу
Хамит Нұрай «Қазақстан» М. Мақатаев
Сейлканов Нұрасыл: «Туған жер» Қ. Аманжолов
Қайырханов Бейбарыс: «Туған өлкем» Қ. Жұмағалиев
Концерттік программа:

1. «Жаса, қазағым» Орындайтын Тампишов Ердәулет

2.

3.
1 - жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық біртіндеп бауыр басып,
Жүргеніңді ұнаттың арамызда.
2 - жүргізуші:
Сынып жетекшілерімізді ортаға шақырамыз.
Тайкебаева Айнұр Еркинбекқзы және Искакова Сандуғаш Жантасқызы.
Хор:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
1 - жүргізуші:
Сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі
Садуақасова Айнагүл Копжасарқызына береміз.
2 - жүргізуші:
Сөз кезегін ардақты ата - аналарымызға береміз.